Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет99/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

«Дарабоз»
1994 жылы жарық көрген екі томдық бұл туынды «Қараке-
рей Қабанбай батыр туралы тарихи роман» деп ұсынылған. 
Еңбек көлемді. Тарихи оқиғалар мен тарихта болған тұлғалар 
кеңінен суреттелетін бұл үлкен кітапты дүниеге келтіруде 
жазушы ғаламат зор еңбек еткен: қаншама адамдардың, ру-
тайпалардың, жер-судың аттары, тарихта өткен оқиғалардың, 
ұрыс-шайқастардың, барыс-келістердің, табысу мен ажыра-
сулардың мекенін, уақытын, сипатын дәл беру үшін де қаншама 
дерек жинау керек, қаншама ізденіс керек!
Бұл тарихи романның жоғарыда тілін зерттеу нысаны болған 
Әбіш Кекілбаев пен Мұхтар Мағауиннің шығармаларынан тілі 
мен стилі жағынан өзгешелігі бар. Мұны «роман-шежіре» де-
уге болар. Әрине, бұл – көркем романға тән қасиет-белгілер 
жоқ деген сөз емес, бірақ мұнда авторлық баяндаудың шежі-
релік сипаты басымырақ түскен. Ашып айтсақ, тарихи оқиға-
лар кеңістік пен мерзім аясында көп қоспасыз дәл 
баяндала-
ды.
Тарихи оқиғалардың желісін ұластырушы, дәнекерлеуші, 
«қызықтатушы» деталь оқиғалар мен жазушы өзі жасаған 
кейіпкерлер мұнда жоқтың қасы (мүмкін, бақауыл Шағалақ 
сияқты бір-екеуі автор ұсынған кейіпкерлер болуы, бірақ 
мұндайлар көп емес). Бұл шығармадағы жазушының 
көздегені – XVIII ғасырдың орта тұсындағы (кей сәттерде мұ-
ның алдындағы) тарихи оқиғаларды, яғни халқымыздың сан-
ғасырлық ауыр да күрделі тарихының ең бір шешуші кезеңін, 
яғни бүгінгі күніміздің іргетасын бекіткен кезеңін қоспасыз 
дәл көрсету. Сондықтан да болар, кейіпкерлердің сыртқы 
портреттері мен оқиғалар ситуациясы көбіне-көп әсірелеусіз, 
«лирикасыз» беріледі. Мұнда автордың «лирикалық шегі-
ністері» де көзге ұрмайды. Бірақ роман-шежірені қызыға 
оқисың, кейіпкерлердің тағдыры мен ұрыс-соғыс, жиын-кеңес-
тердің барысына ынтыға көз тігесің, бірге қуанасың, бірге 
толқисың, бірге қамығасың.
Демек, тарихи шындықты ғылыми еңбекте емес, көркем 
дүниеде қалай баяндаудың, баяндай отырып 
суреттеудің
ама-


195
лына жазушы Қабдеш Жұмаділов өзінше өзгеше барған. Әбіш 
Кекілбаевтың «Үркері» мен «Елең-алаң» романдарының тілін-
де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет