Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм

Препарат аты:
Тіл асты сілекей безі 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – кілегейлі секреторлы бөлімдер 
2 – бөлікше ішіндегі өзектер 
3 – бөлікше аралық өзек 
4 – бөлікше аралық тамырлар 


Балалардағы ерекшелігі:
Балалардағы тіл асты сілекей безі құрамында борпылдақ қалыптаспаған 
дәнекер тінінің көп болуымен және қан тамырларымен ересектерден салыстырмалы түрде жақсы 
жабдықталуымен ерекшеленеді.Соңғы секреторлы бөлімін құрайтын жасушалары аз дифференцияланған, 
функционалды тұрғыдан толық жетілмеген сипатта.Бездің сыртын қаптаған капсулалары өте жұқа,бөлікше 
аралық дәнекер тіні жетілмеген.Қарқынды сілекей бөлу баланың 1,5 жасынан басталады. 
Қызметі:
асты химиялық өңдеу,тағамды ыдырату,секреторлық,экскреторлық 
Сипаттамасы:
Препаратта таңдай бадамшасынан алынған кесінді берілген.Таңдай 
бадамшасы топографиясы бойынша тіл түбірінің кілегейлі қабығында орналасқан және ол 
тіл,жұтқыншақ,жұп түтік бадамшаларымен бірігіп,Пирогов-Вальдейер сақинасын түзеді. 
Құрылысы бойынша таңдай бадамша безі сыртын тыстаған кілегейлі қабық пен шырыш 
асты негізден түзілген.Кілегейлі қабық құрылысынан эпителийі мен меншікті пластинкасы 
ажыратылады, бұлшықетті пластинкасы болмайды. Бадамшаның кілегейлі қабығы көп 
қабатты жазық мүйізденбейтін эпителиймен қапталған және эпителийдің басым бөлігі 
лимфоциттер және түйіршікті лейкоциттермен инфильтрацияланған.Бадамшалардан 
таңдайды тереңдей бағытталатын 10-20 қатпарлары өз аймағында тармақталып,екінші 
реттік қатпарларды қалыптастырады.Кілегейлі қабықтың меншікті пластикасы борпылдақ 
талшықты дәнекер тінінен түзілген, ол эпителийге ене орналасып кішілеу емізікшелерді 
қалыптастырады.Меншікті пластинканың борпылдақ талшықты дәнекер тінінде бір-бірінен 
дәнекер тінінің жұқа перделері арқылы бөлінген лимфа түйіндері шоғырланған.Ауыз
қуысына инфекция түскен кезде лимфа түйіндерінде ашық түсті аймақ – герминативті 
орталықтар пайда болып,меншікті пластинканың дәнекер тіні лимфоциттермен 
толтырылады.Лимфоциттердің біраз бөлігі эпителийдің беткі қабатына шығып, 
микробтарды фагоцитоздайды,бұл кезде эпителийдің тереңінде орналасқан лейкоциттер 
мен жасушаларың біраз бөлігі түлеп түседі.Сонымен қатар лейкоциттерден және 
микробтардан бөлінетін ферменттердің әсерінен эпителийлік қабат зақымдалып,біраз 
уақыттан соң камбиальды жасушалар есебінен қайта регенерацияланып отырады.Лимфа 
түйіндерінің қыртысты затында иммундық реакцияларға қатысатын біріншілік және 
екіншілік фолликулдар орналасқан. Лимфа түйіндерінің астында бадамшаның шырыш асты 
негізі жатады және ол бадамша без айналасындағы капсуланы түзуге қатысады.Капсуладан 
бадамша бездің терең аймақтарына дәнекер тіндік тосқауылдар кіреді.Бұл қабаттарда 
бассүйектің IX жұп тіл-жұтқыншақ нервінің тармақтары шоғырланады,олар бадамша 
бездің қан мен лимфа тамырлары мен мүшенің нервтенуін қамтамасыз етеді.Бадамша 
бездің терең аймақтарында шырышты таңдай бездерінің соңғы секреторлық бөлімдері 
орналасқан. Олардың шығару өзектері бадамша бездің кілегейлі қабықшасының үстіне 
ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет