Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм

Препарат аты:
Өңештің асқазанға кіреберісі 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – өңештің көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителийі 
2 – өңештің кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы 
3 – өңештің кілегейлі қабығының етті пластинкасы 
4 – асқазанның бір қабатты призма тәрізді безді эпителийі 
5 – асқазан шұңқыры 
6 – асқазанның кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы 
7 – өңеш бездері 
8 – асқазанның кілегейлі қабығының етті пластинкасы 


пластинкасы ішкі,сыртқы бойлық және ортаңғы айналмалы қабаттардан тұрады. Шырыш 
асты негізі құрылысы бойынша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен құралған, қызметі 
жағынан кілегейлі қабыққа жылжымалылық қасиет береді және онда көптеген қан 
тамырлары мен жүйкелер орналасады.Шырыш асты негізде орналасқан өңештің меншікті 
бездері құрылысы бойынша күрделі,тармақталған альвеоларлы-түтікшелі бездерге 
жатады.Асқазанның шырыш асты негізі басталған кезде өңештің меншікті бездері 
жоғалады, онда тек қана көптеген қан тамырлары мен нерв өрімдері ғана қалады. Өңештің 
кілегейлі қабығының асқазанға кіреберісінен бастап меншікті пластинкаға енген 
эпителийдің тереңдемелері пайда болады.Бұл түзілімдер – асқазан шұқырлары деп аталады. 
Балалардағы ерекшелігі: 
Балаларда өңештің меншікті бездері , асқазанның бұлшықет 
қабығының қабаттары толық қалыптаспаған.Асқазанның сыртын қаптаған сірлі қабығы 
жұқа, призма тәрізді эпителийі аз дифференцияланған.Сондықтан балаларда өңештің 
асқазанға жалғасатын жері анық байқалмайды.
Қызметі: 
 
 
 
Сипаттамасы: 
Препаратта асқазанның фундальді бөлігінен алынған кесінді берілген. 
Асқазанның қабырғасы құрылысы бойынша кілегейлі,бұлшықетті,сірлі қабықшалар мен 
шырыш асты негізден тұрады.Асқазан сыртынан бір қабатты мезотелий мен борпылдақ 
талшықты дәнекер тінінен түзілген сірлі қабықпен тысталған.Мезотелий қабаты үнемі 
шырышты өнім бөліп тұратын көп бұрышты жасушалар тобынан тұрады.Сірлі қабықтың 
астында жатқан асқазанның бұлшықетті қабығы оның пилорикалық бөлігі мен денесінде 
жақсы жетілген,ал асқазанның фундальды бөлігінде нашар дамуымен сипатталады. 
Құрылысы бойынша бұлшықетті қабықтан жазық миоциттерден түзілген үш қабаты 
ажыратылады:сыртқы бойлай,ортаңғы айналмалы және ішкісі қиғаш бағытталған. 
Асқазанға ауысқан кезде өңештің етті қабығының ішкі айналмалы қабаты қалыңдай түседі 
де, асқазандағы етті қабықтың ішкі қиғаш және ортаңғы айналмалы қабаттарын 
қалыптастырады.Ортаңғы айналмалы бұлшықет қабаты етті қабықшаның ең жақсы 
жетілген жері, бұл аймақ қалыңдығы 3-5 см болатын асқазан сфинктерлерін қалыптасты-
рады.Асқазанның қуысын қаптаған кілейгейлі қабықша
 
эпителийден,меншікті және 
бұлшықеттік пластинкадан түзілген. Кілегейлі қабықтан бойлай бағытталған асқазан 
қатпарлары, асқазан алаңдары және шұңқырлары ажыратылады.Асқазан қатпарлары 
шырышты қабықшадан және шырыш асты негізден түзілген.Асқазан алаңдары – пішіні 
көпбұрышты,бір-бірінен кілегейлі қабықтың жүлгелері арқылы шектелген 1-16 мм 
көлеміндегі аймақтар.Асқазан шұңқырлары – кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасына 
енген эпителийдің тереңдемелері.Кілегейлі қабық сыртынан бір қабатты призма тәрізді 
безді эпителиймен қапталған.Эпителий құрамындағы безді жасушалар базальды 
бөліктерімен базальды мембранаға бекінеді,құрамында сопақ пішінді ядросы мен оның 
үстінде орналасқан Гольджи аппараты бар.Ал жасушалардың апикальды бөлігі шырышты 
секреттің көпіршіктерімен толтырылған. Асқазанды тыстайтын эпителиоциттер үнемі 
шырышты өнім бөліп тұрады,қызметі бойынша тағам бөліктерінің механикалық және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет