тек
мойын аймағында ғана таралған,қызметі бойынша шырыш бөліп шығарады.
Пилорикалық бездер – асқазанның он екі елі ішекпен байланысқан аймағында
орналасқан.Басқа
бездерден сирек орналасуымен,көбірек тармақталуымен,саңылаулары
кең және құрамында париетальды жасушалардың болмауымен ерекшеленеді.Кардиальды
бездер – соңғы бөлімдері тармақталған қарапайым түтікшелі бездер тобы.Бездің
мойын
бөлігі басқа бездерден қысқа болуымен ерекшеленеді және олар призмалық жасушалардан
түзілген.Кілегейлі қабықтың бұлшықеттік пластинкасы тегіс салалы бұлшықет тінінен
түзілген үш қабаттан тұрады:
ішкі және сыртқы айналмалы,ал ортаңғысы бойлай
бағытталған. Қызметі бойынша бұлшықетті пластинка
жиырылу арқылы асқазан
бездерінен сөл бөлінуіне ықпал етеді.Асқазанның шырыш асты негізі эластин
талшықтарына бай борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тінінен түзілген.Қызметі – кілегейлі
қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз еті және құрамында
көптеген артерия мен
веноздық өрімдер, лимфа тамырларының торы мен жүйке ұштары бар.
Балалардағы ерекшелігі:
Жаңа тауылған балалардың
асқазанында
бұлшықеттік қабаты нашар
дамыған,баланың 1 жасына дейін кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасынан асқазан бездерін
кездестіру қиын.Қабырғасының құрылысы бойынша қабықтары нашар дамыған.Балалардың асқананының
кілегейлі қабатында
бойлық қатпарлары болмайды,олар баланың 2-3,5 жасында пайда болады.Жаңа
туылған балаларда асқазанның кардиальды бөлігінің сфинктерлері нашар дамыған,ал кілегейлі қабықшасы
ересектердікімен салыстырмалы түрде қалың,ал бұлшықеттік қабығы жұқа болып келеді. Дәнекер тіндік
элементтері мен бұлшықеттің компоненттері толық қалыптаспаған.1 жасар баладан асқазан бездерінің
көлемі арта
бастағанын байқауға болады,олардың беткейі мен түбінде митоз процесі қарқынды жүріп
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: