Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм

Балалардағы ерекшелігі: 
Балаларда аш ішектің барлық компоненттерінің гистологиялық құрылымы 
қалыптасып аяқталмаған.Ұзындығы ересектердікінен 2 есе кем болады.Ішектің қатпарлары мен 
бүрлері,бездері нашар дамыған, функционалды тұрғыдан толық қалыптаспаған. Балаларда ішек 
эпителийінде бокал тәрізді жасушаларының көптігімен ерекшеленеді.Панет жасушалары ересектердікінен 
салыстырмалы түрде өте көп,крипталары 2 есе төмен орналасқан. Жаңа туылған баланың ішегінде дәнекер 
тіні ретикулярлы элементтерге бай,лимфоциттердің үлкен шоғырларын кездестіруге болады. 
Қызметі:
ас қорыту, сіңіру, транспорттық, моторлық, секреторлық,экскреторлық, барьерлік, иммундық 
қорғаныс. 
Пепарат аты:
Тоқ ішек 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – кілегейлі қабығы 
2 – крипталар 
3 – етті пластинка 
4 – кілегей асты негізі 
5 – етті қабығы 
6 – сірлі қабығы 
Сипаттамасы:
Препаратта тоқ ішектен алынған кесінді берілген.Тоқ ішек қабырғасының 
құрылысы бойынша кілегейлі,бұлшықетті және сірлі қабықшалар мен шырыш асты 
негізден түзілген. Тоқ ішектің сыртын қаптаған сірлі қабықша дәнекер тіні мен 
мезотелийден құралған.Мезотелий қабаты үнемі шырышты өнім бөліп тұратын көп 
бұрышты жасушалар тобынан тұрады. Сірлі қабықшаның құрамынан кейде 
шажырқайлармен қапталған май тінінің жиынтықтары – саусақ тәрізді өсінділер кездеседі. 
Сірлі қабықшаның астында орналасқан тоқ ішектің бұлшықетті қабықшасы жазық 


бұлшықеттерден түзілген екі қабаттан тұрады: ішкі айналмалы және сыртқы бойлай 
бағытталған. Бұлшықеттік қабықшаның бойлай бағытталған сыртқы қабаты тұтас 
емес,оның құрамындағы жазық миоциттердің шоғыры бүкіл ішек бойына созылған үш 
жолақ түрінде орналасқан.Бұлшықеттік қабықшаның қабаттары бір-бірінен борпылдақ 
талшықты дәнекер тінінің жұқа қабаттарымен бөлінген,құрамында қан тамырлары мен ет-
ішектік жүйке өрімі бар.Тоқ ішектің қуысын қаптаған кілегейлі қабықшасы эпителийден, 
меншікті және бұлшықеттік пластинкалардан түзілген. Ішектің кілегейлі қабығынан
айналмалы қаптарлар мен крипталар ажыратылады, ерекшелігі – оның бүрлері болмайды. 
Етті қабықтағы үш жолық түрінде орналасқан бұлшықеттер барлық ет жасушаларын 
жиырып, жиірек тармақталған қатпарларды қалыптастырады.Олар көлденеңнен 
орналасып,жарты айшық түрінде сипатталады. Тоқ ішекте крипталары аш ішекке 
қарағанда жиірек орналасқан,көлемі үлкен және құрылысы бойынша крипталар бокал 
тәрізді жасушалардан түзілген.Кілегейлі қабықтың эпителийі
 
бір қабатты призмалы, 
құрылысы жасушалардың 3 түрінен құралған:бағаналы эпителиоциттер,бокал тәрізді 
экзокриноциттер және асқазан-ішек эндокриноциттері.Бағаналы эпителиоциттер кілегейлі 
қабықтың үстіңгі бетінде орналасады және құрылысының полярлығымен ерекшеленеді. 
Апикальды бөлігінде көптеген микробүрлерден құралған жолақты жиекшесі,ал базальды 
бөлігіне сопақ пішінді ядросы бар. Қызметі бойынша тағаммен түсетін заттардың сіңірілуін 
және тасымалдануын қамтамасыз етеді. Бокал тәрізді экзокриноциттер кілегейлі қабықтың 
крипталарында шоғырланған.
 
Құрылысы шырышты эпителиоциттерге өте ұқсас,қызметі 
бойынша муцин бөліп,үнемі ішек эпителийінің бетін суландырып,ылғал беріп тұрады. 
Олардан бөлек Панет жасушалары тоқ ішек құрылыснда батероциттік қорғаныс қызметін 
атқарады.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен 
түзілген,олар ішек криптілерінің араларында орналасқан жұқа дәнекер тіндік 
қабатшаларды қалыптастырады. Меншікті пластинкада жекелеген лимфа түйіндері мен 
жүйке ұштары орналасқан.Кілегейлі қабықшаның бұлшықетті пластинкасы анық 
байқалатын екі қабаттан түзілген:ішкі қабаты тығыз орналасқан жазық миоциттердің
айналмалы бағытталған шоғырларынан тұрады. Ал сыртқы қабаты жартылай қиғаш және 
жартылай бойлай бағытталған миоциттерден түзілуімен ерекшеленеді.Шырыш асты негізі 
май тіндері мен борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тінінен түзілген.Қызметі бойынша 
кілегейлі қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз етеді,құрамында көптеген май 
жасушалары,тамырлар мен жүйке өрімдері орналасқан. Тоқ ішектің шырыш асты негізі 
лимфа түйіндерінің өте көп болуымен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет