Препарат аты:
Адам бауыры
Бояуы:
Гематоксилин-эозин
Зерттелетін объект:
1 – бауыр бөлікшесі
2 – орталық вена
3 – бауыр баулары
4 – синусоидты капиллярлар
Сипаттамасы:
Препаратта адамның бауырынан алынған кесінді берілген.Құрылысы
бойынша бауыр сыртынан дәнекер тіндік капсуламен тысталған,ал
паренхимасы бір-
бірінен борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа перделерімен бөлінген көптеген
бөлікшелерден тұрады.Бөлікше аралық дәнекер тіні бауырдың стромасын қалыптастырады
және адамда қалыпты жағдайда дәнекер тіндік перделер өте нашар дамуымен
ерекшеленеді.Бауыр бөлікшелері – бауырдың морфологиялық-функционалды бірлігі болып
табылады және адам бауырында олардың саны 500 мыңды құрайды. Пішіні бойынша бауыр
бөлікшелері алты қырлы призма тәрізді,ол бауыр баулары мен бөлікше ішілік синусоидты
капиллярлардан тұрады.Баулардың араларымен олармен бағыттас,шетінен орталыққа қарай
бағытталған қан капиллярлары өтеді.Капиллярлардың қабырғасы сыртынан жазық
эндотелиоциттермен қапталған.Эндотелиоциттердің бір-бірімен түйіскен аймақтарында
саңылаулар болады, олар фильтр қызметін атқарады.Саңылаулы
аймақтардың арасында
пішіні жұлдыз тәрізді макрофагтар немесе Купфер жасушалары орналасқан,қызметі –
қорғаныштық.Бөлікше ішілік капиллярлардың базальды мембранасы болмайды,оларды
көлемі 0,2-1 мкм болатын пресинусоидты кеңістік немесе Диссе аймағы қоршап жатады.
Бауыр баулары бір-бірімен десмосомалар арқылы байланысқан гепатоциттер тізбегінен
құралған.Гепатоциттер бауыр бауларында екі қатар түзіп радиальды бағытта орналасады,
қызметі бойынша глюкоза мен қан белоктарын өндіреді.Гепатоциттер
бауырдың
құрылымдық компоненттерінің 60%-н құрайды, қалған бөлігін жұлдыз тәрізді макрофагтар
немесе Купфер жасушалары, липоциттер немесе Ито жасушалары, холангиоциттер мен
эндотелиоциттер толықтырады.Гепатоциттер пішіні бойынша бұрыс көп бұрышты,көлемі
20-25 мкм. Жасушаның екі не одан көп дөңшелек пішінді ядролары 7-16
мкм аралығында
өзгереді,цитоплазмасы көп мөлшерде рибонуклеопротеин болуымен ерекшеленеді,
сондықтан ол қышқылдық және негіздік бояуларды қабылдайды.Бауыр бауларының
арасынан өт капиллярлары,ал олардың сыртын ала қан капиллярлары өтеді,сондықтан
гепатоциттердің екі беті ажыратылады.Билиарлы беті
өт капиллярдарының меншікті
қабырғасын қалыптастырып,жасушалары өтті синтездесе, васкулярлы беті қан
капияллрларына
бағытталып,глюкоза,мочевина
мен
белоктарды
синтездейді.Өт
каппилярлары бауыр бөліктерінің ортасында тұйық басталып,бөлік
шетінде қысқа
түтікшелер түріндегі холангиолаларға айналады және олар Геринг түтікшелері деп те
аталады. Холангиолалар бөлік аралық өт өзегіне келіп құяды. Бауыр бөлікшелеріне қанды
әкелетін жүйеге қақпа венасы мен бауыр артериясы жатады.Қақпа венасы құрсақ
қуысындағы барлық тақ ағзалардан шыққан венозды қанды жинап,бауырға алып келеді. Ал
бауыр артериясы қолқадан оттегімен қаныққан қанды бауыр бөліктеріне тасиды.Бұл қан
тамырлары бауыр ішінде бөліктік,сегменттік және бөлікше аралық вена мен артерияларға
тармақталады.Ол тамырлардың бойымен өт өзектері де қатар жүріп отырады.
Қақпа
венасының,бауыр артериясының тармақтары мен өт өзектері бірігіп бауыр триадасын
қалыптастырады.Бөлікше аралық артериялар мен веналардың бұлшықетті қабығы нашар
дамыған, олар бауыр бөліктерінің бүйір қырымен таралады.Бөлік аралық артерия мен
веналардан тараған капиллярлар бауыр бөліктерінің ішінде бірігіп,
бауыр бауларының
васкулярлы бетін немесе синусоидты гемокапиллярларды қалыптастырады.Синусоидты
гемокапиллярлардың бойымен венозды-артерия аралас қаны ағып жатады, капиллярлар
радиальды бағытта жинала келе орталық венаға құяды.Орталық вена бауыр бөлікшелерінен
қанды алып шығып,бөлікше асты венасына келіп құяды.Орталық және бөлік асты венасы
етсіз
типті веналарға жатады,олармен өт өзектері ілеспейді. Орталық вена мен бөлікше
асты венасы қосылып, бауырдан қанды алып шығатын жалпы бауыр венасына айналады.
Бауыр венасы өз кезегінде төменгі қуыс венаға жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: