Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері


Қызметі:  ас қорыту,секреторлық,сіңіру, моторлық, экскреторлық, қорғаныш,регуляторлық.  Сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм

Қызметі: 
ас қорыту,секреторлық,сіңіру, моторлық, экскреторлық, қорғаныш,регуляторлық. 
Сипаттамасы:
Препаратта он екі елі ішектен алынған кесінді берілген.Он екі елі ішек 
құрылысы бойынша кілегейлі,бұлшықетті және сірлі қабықшалар мен шырыш асты 
негізінен тұрады.Он екі ішек сыртынан үнемі шырышты өнім бөліп тұратын көп бұрышты 
жасушалар тобынан тұратын мезотелий мен дәнекер тінінен түзілген сірлі қабықпен 
тысталған.Сірлі қабықтың астында орналасқан бұлшықетті қабығы екі қабатқа жіктелген 
миоциттер жігінен құралған: ішкісі айналмалы және сыртқысы бойлай бағытталған. 
Бұлшықетті қабықтың қабаттары өзара дәнекер тінінің жұқа перделерімен бөлінген,қызметі 
бойынша химусты араластырып, жиырылу арқылы жылжытады.Он екі ішектің қуысын 
тыстаған кілегейлі қабығы эпителийден, меншікті және бұлшықетті пластинкалардан 
түзілген.Сонымен қатар кілегейлі қабықтан қатпарлар,ішек бүрлері мен крипталар 
ажыратылады. Қатпарлар кілегейлі қабық пен шырыш асты негізден түзілген.Ішек бүрлері 
ішектің қуысына қарай бағытталған,пішіні саусақ немесе жапырақ тәрізді кілегейлі 
қабықтың өсінділері.Он екі елі ішектің бүрлері жалпақ және қысқа болуымен ерекшеленеді, 
бүрлерге ұйқы безі мен бауырдың жалпы өт өзегі келіп ашылады.Ішек крипталары 
кілегейлі қабық эпителийінің көптеген түтікшелер түрінде меншікті пластинкаға енген 
тереңдемелері.Олардың шығарушы өзектері бүрлердің арасында орналасады.Он екі елі 
ішектің кілегейлі қабықшасы бір қабатты цилиндр тәрізді жиекті эпителиймен 
Препарат аты:
Он екі елі ішек 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – бүрлері 
2 – кілегейлі қабықтың бір қабатты цилиндр тәрізді жиекті эпителийі 
3 – крипта 
4 – етті пластинкасы 
5 – дуоденальды бездер орналасқан кілегей асты негізі 
6 – етті қабығы 
7 – сірлі қабығы 


тысталған.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен 
түзілген,онда лимфа түйіндері жеке кейде топтала орналасып иммундық-қорғаныс 
қызметін атқарады.Он екі елі ішектің шырыш асты негізі борпылдақ талшықты дәнекер тіні 
мен май тіндерінен түзілген.Оның құрылысынан он екі елі ішектің басты ерекшелігі болып 
саналатын дуоденальды бездер ажыратылады.Шырыш асты дуоденальды бездер құрылысы 
бойынша тармақталған альвеолалы-түтікшелі.Олардың шығару өзектері ішек қуысына 
ашылып,шырышты секрет бөледі. Бездер гландулоцит және эндокриноцит жасушаларынан 
түзілген,құрамындағы басты гландулоциттер пепсиноген, айнала қоршаған гландулоциттер
тұз қышқылын,ал қосымша гландулоциттер шырышты зат бөліп шығарады. 
Гландулоциттердің цитоплазмасы көптеген секреторлы гранулалары мен көпіршіктерінің 
болуымен ерекшеленеді,олардан пайда болған секреттің құрамында нейтральды 
гликолипидтер бар. Эндокриноцит жасушаларына ЕС,G,S және D жасушалары жатады,олар 
әртүрлі арнайы гормондар бөледі.Без гландулоциттерінің негізгі регенерациялық көзі – 
бездің сөл бөлетін өзектерінің мойын бөлігіндегі камбиальды жасушалар болып саналады. 
Дуоденальды бездердің секреті екі түрлі қызмет атқарады: ас қорыту және қорғаныс 
қызметтері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет