Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм

Препарат аты:
Өңеш 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттелетін объектілері: 
1 – өңештің қуысы 
2 – кілегейлі қабықтың көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий 
3 – кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 
4 – өңеш бездері орналасқан кілегей асты қабығы 
5 – етті қабық 
6 – адвентация 
7 – меншікті бездердің өзектері 


Балалардағы ерекшелігі:
Балалардың өңеші ересектердікінен қысқа және саңылауы 4-9 мм шамасында 
тар болуымен ерекшеленеді.Бұлшықеттік қабығы нашар дамыған,1 жасқа дейін балалардан өңештің 
меншікті бездерін кездестіру қиын.Кілегейлі қабықтың бойлық қатпарлары баланың 2 – 3,5 жасында пайда 
болады. 
Қызметі:
секреторлық,ас қорыту,экскреторлық және қорғаныш 
Сипаттамасы:
Препаратта өңештің асқазанға кіреберісінен алынған кесінді берілген. 
Құрылысы бойынша өңеш қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті,адвентициалды қабықшалардан 
және кілегей асты негізден тұрады.Өңеш сыртынан адвентициальді қабықпен тысталған, 
оның құрылысы тек дәнекер тінінен тұрады. 
Өңештің асқазанмен байланысқан жері мезотелий мен дәнекер тінінен түзілген сірлі 
қабықпен қапталады.Асқазан басталған тұстан бастап мезотелий қабатының есебінен 
сыртқы қабық үнемі шырышты болып тұрады.Адвентициальді қабықтың астында жатқан 
өңештің бұлшықетті қабығы ішкі айналмалы және сыртқы бойлық қабаттардан 
құралған.Асқазанға ауысқан кезде өңештің етті қабығының ішкі айналмалы қабаты 
қалыңдай түседі де, асқазандағы етті қабықтың ішкі қиғаш және ортаңғы айналмалы 
қабаттарын қалыптастырады.Ал өңештің бұлшықетті қабығының сыртқы бойлық қабаты 
асқазанның дәл осылай бағытталған сыртқы қабатына жалғасады.Демек, өңештің асқазанға 
жалғасқан жерінен бастап екі қабатты бұлшықет қабығы үш қабатты бұлшықет қабығына 
ауысады.Асқазанның кардиальды бөлігіндегі бұлшықет қабығының ортаңғы айналмалы 
қабаты өте жақсы жетілген, себебі кардиальды аймаққа өңеш түтігі келіп киіледі, 
сондықтан осы жерде ортаңғы ет қабаты сфинктерді қалыптастырады.Асқазан жиырылған 
кезде тағам қалдықтары қайта кері бағытқа кетпеу үшін асқазан сфинктерлері мен өңештің 
кардиальды қақпағы жабылып тұрады.Өңештің қуысын тыстап жатқан кілегейлі қабықша 
көп қабатты жазық мүйізденбейтін және жартылай мүйізденетін эпителийден тұрады.Егде 
жастағы,сонымен қатар кейбір адамдардың көп қабатты эпителийінің жартылай 
мүйізденуіне темперауралық, механикалық әсерлер себеп болса,екінші жағынан эпителий-
дің үстіңгі қабатының жазық жасушаларында эпителийдің мүйізденуіне тән белок – 
кератогиалиннің шағын мөлшерінің болуы себеп болады.Өңештің асқазанға жалғасқан 
жерінен бастап көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін эпителйи асқазанның кілегейлі 
қабығының бір қабатты призма тәрізді безді эпителийіне ауысады.Препараттан көп 
қабатты эпителийдің бір қабатты эпителийге бірден жалғасқан жерін анық көруге 
болады.Өңештің кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты дәнекер 
тінінен түзілген, ол эпителийге ене орналасып,дәнекер тіндік емізіктерді қалыптастырады. 
Меншікті пластинка асқазанның кілегейлі қабығының меншікті пластинкасын жалғасқан 
кезде емізіктер жоғала бастайды және көптеген кардиальды бездер пайда болады.Өңештің 
кілегейлі қабығының бұлшықеттік пластинкасы жазық бұлшықет жасушаларының бойлай 
бағытталған шоғырларынан түзілген.Асқазан басталған жерден бастап жазық бұлшықет 
жасушалары үш қабатқа жіктеледі, себебі асқазанның кілегейлі қабығының етті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет