Қызметі:
сыртқы ортадан келіп түскен микробтарды залалсыздандырып,
қорғаныс, фильтірлік және
барьерлік қызметін атқарады,лимфоциттердің пайда болуын қамтамасыз етеді.Т және В лимфоциттердің
дифференциялануына қатысады,тағамның микрофлорасы-ның жай-жүйін
бақылайтын цензорлық
қызметтерді де атқарады
Сипаттамасы:
Препаратта өңештен алынған кесінді берілген. Құрылысы бойынша өңеш
қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті,адвентициалды қабықшалардан және кілегей асты
негізден тұрады.Өңеш сыртынан адвентициальді қабықпен тысталған,ол
бір жағынан
бұлшықетті қабықшада орналасқан дәнекер тінінің қабаттарымен,екінші жағынан өңешті
қоршап жатқан кеуде көкірекшесінің дәнекер тінімен байланысқан.Құрылысында бойлай
бағытталған қан тамырлары мен нерв талшықтары көп.Өңештің асқазанмен байланысқан
жері мезотелий мен дәнекер тінінен түзілген сірлі қабықпен қапталады.Адвентициальді
қабықтың астында жатқан өңештің бұлшықетті қабығы
ішкі айннымалы және сыртқы
бойлық қабаттардан құралған.Қабаттары өзара борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа
қабаттарымен бөлінген.Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінде бұл қабық жұтқыншақтың
бұлшықет тінінің жалғасы болып табылады,сондықтан көлденең-жолақты ет тіні түрінде
сипатталады.Ал төменгі бөлігі тегіс салалы миоциттер жігінен,өңештің
ортаңғы бөлігі
бұлшықеттің екі түрін де қамтып аралас типте болады.Мұндай гистологиялық ерекшелік
өңеш деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Бұлшықеттік қабықтың қызметі: жиырылу
арқылы тағамның өңештен асқазанға жылжуына жағдай жасау.Өңештің қуысын тыстап
жатқан кілегейлі қабықша көп қабатты жазық мүйізденбейтін және жартылай мүйізденетін
эпителийден тұрады.Егде жастағы,сонымен қатар кейбір адамдардың көп қабатты
эпителийінің жартылай мүйізденуіне темперауралық,механикалық әсерлер себеп болады.
Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен түзілген,
ол
эпителийге ене орналасып,дәнекер тіндік емізіктерді қалыптастырады.Меншікті
пластинкада шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттер үлкен шоғырларға
бірігеді,кейде жекелеген лимфа түйіндерін де құрайды.Сонымен қатар бұл аймақта өңештің
кардиальды бездері екі топ түзе орналасқан.Құрылысы бойынша бұл бездер қарапайым
тармақталған түтікшелі бездер,өзектері меншікті пластинка бүртікшелерінің жоғарғы
ұшына ашылады.Кілегейлі қабықтың бұлшықеттік пластинкасы жазық бұлшықет
жасушаларының бойлай бағытталған шоғырларынан түзілген.
Бұлшықеттік пластинканың
қызметі: кілегейлі қабықшаны тағам кесектерінің механикалық әсерінен қорғау.Шырышты
қабықша тағамды жұту кезінде көптеген бойлық қатпарларды қалыптастырады.
Шырыш асты негізі құрылысы бойынша борпылдақ талшықты дәнекер тінінен құралған,
қызметі жағынан кілегейлі қабыққа жылжымалылық қасиет береді және онда көптеген қан
тамырлары мен жүйкелер орналасады.Шырыш асты негізде орналасқан өңештің меншікті
бездері құрылысы бойынша күрделі,тармақталған альвеоларлы-түтікшелі бездерге жатады.
Құрамында шырышты жасушалар мен оның сыртын қаптаған миоэпителиоциттері
бар,қызметі бойынша кілегейлі қабықтың бетін үнемі ылғалдандырып,тағам түйірлерінің
өтуіне септесетін секрет өндіреді. Меншікті бездердің
өзектері шырышты қабықтың
меншікті пластикасында эпителийдің үстіңгі бетіне ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: