рісі талыспын,
Сен – бұзау терісі шөншіксің… (Бұқар);
Арыстан еді Исатай
(Махамбет).
Метонимия
– алмастыру мәнінде қолданылатын көркем-
дегіш тәсілдің бірі. Сөз мағынасын кеңейтіп, оған жаңа поэти-
калық мән-мағына үстеуде метонимия ерекше қызмет атқарады,
әсіресе ойды жинақы, әсерлі жеткізуде қолданылады:
ауыл жи-
налды (тұрғындары)
. Тұтас нәрсенің, кең ұғымның тек бір бел-
гісін,
бір жағын алып, сол арқылы тұтас бір ұғымды білдіру –
метонимия тәсілі арқылы жүзеге асады.
Мәжіліс қаулы
қабыл-
дады
(қатынасушылар),
Абайды оқыдым (шығармаларын)
–
бұлар көп жағдайда ауызекі сөйлеу стилінде, көркем әдебиет
тілінде жиі қолданылады. Метонимия жасауда белгілі тіркестің
негізгі тірек сөзі түсіп қалады да, оны айқындап тұрған сөздің
өзі қалып, ауыс мағына жасайды:
Құс сайрап кәусәр ағып, хорлар күлген
(Б.Күлеев) деген
жолда
кәусар
- бұлақты,
хорлар
- қыздарды алмастыру негізінде
суреткер тіліне ерекше өң берілген. Метонимия – ойды бейнелі
де әсерлі жеткізудің құралы әрі көркем сөйлеудің ең бір ұтымды
тәсілі. Басты қасиеті екі нәрсенің арасындағы белгілі бір бай-
ланысқа негізделеді де, осының нәтижесінде
екі зат пен құбы-
лыс бірінің орнына бірі алмастырылады. Яғни, метонимия ас-
тарлы ойға, ұғымға негізделеді.
Сөз мағынасын ауыстырып қолдануда жиі кездесетін
тәсілдің бірі –
синекдоха.
Ол метонимияға ұқсас келеді, басты
белгісі – бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы,
көпшенің орнына жекеше алмастырылып айтылады. Синекдоха
үнемдеп сөйлеудің ұтымды тәсілі ретінде де белгілі. Қазақ тіл
білімінде
синекдоха
туралы
К.Аханов,
Ә.Хасанов,
Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдар құнды пікірлер айтқан.
Бұл көркемдік тәсіл жеке жазушының тіл байлығымен және сөз-
ді қолдану шеберлігімен тығыз байланысты. Метонимия көп ма-
ғыналы сөздердің тууына себепкер болады. Мысалы, тұяқ сөзі
ұсақ мал, қой-ешкі, ұрпақ, тұқым, бала (Асылдан туған жалғыз
тұяқ).
Синекдохалық, метонимиялық мағынадағы сөз қолданыс-
тары ауызекі сөйлеуде, көркем шығармада, жеке авторлық қол-
даныста жиі пайда болады, ондай сөздер сөздікке енбейді, олар
дағдылы ауыс мағыналы сөздер болмағандықтан,
окказионалды
мағыналарға жатады.
Қара түнде шамдай жанған
Қарсы алдымда отты көз.
Немесе
Арман боп со бір күн де өтер ме екен,
Жолыма көп қарадың кетерде сен.
Талпынды саған жүрек жылы ұядай,
Таба алмай бір өзіңнен бөтен мекен
(С.Мәуленов). Бұл
өлең жолдарындағы
отты көз, жүрек
синекдохасы адамның
орнына жұмсалып, ерекше эстетикалық мәнде қызмет атқарған.
Гипербола – «ұлғайту» деген мағынадағы троптың бір
түрі, бір нәрсені, құбылысты үлкейтіп суреттеу. Гиперболада зат
пен құбылыстың белгілері барынша асыра суреттелсе, литотада
керісінше, кішірейтіле суреттеледі. Суреткердің тілі мен стиліне
бояу қосады, көркем шығармаға ерекше әсерлілік береді.
Күректей алақаны да,
Саусақтары арбиған.
Бірақ та бала жанына
Жылуын жылдар мол құйған
(С.Мәуленов).
Суреткер
ақын мәтін ішінде алақан сөзін
күректей
сөзіне теңеу арқылы
айтар ойды әсірелеп жеткізіп тұр. Яғни, егін даласында күні-
түні комбайнмен егін орған әке алақанының
күректей
болу
бейнесі шынайы да әсерлі суреттелген.
Сөйлеу стилінде, публицистикада, көркем әдебиет жанр-
ларында, батырлар жырында бұл тәсіл жиі қолданылған:
Жа-
рылған жердей күркіреп, Бір ернімен жер тіреп, Бір ернімен көк
тіреп... Үй тар болғанымен, көңіл дариядай, сыямыз.
Литота
– заттың не құбылыстың
қасиетін кішірейте
суреттейтін көркемдік құрал, белгілі зат не құбылыс шамадан
тыс кішірейтіліп сипатталады.
Менен оларға тиетін инедей
пайда жоқ
(М.Әуезов). Литота бейнелі тіркестердің құрамында
жиі ұшырасады, образдылық, бейнелілік сипатқа ие. Ол көркем
амалдың бірі ретінде көркем шығармалар тілінде, өлең жол-
дарында, ауызекі сөйлеуде, ертегілерде мақсатқа сай жұм-
салады.
Үйіріп соғыс қаңбақтай,
Бармады мені қайда алып?
Туған жер құс боп бармақтай
Алдымда жүрді айналып
(С.Мәуленов).
Туған жердің бармақтай ғана құс болуы
туған жерге
деген шексіз махаббат сезімі, елін, жерін сағынуы литоталық
теңеу арқылы өте нанымды суреттелген.
Аллегория
– астарлы сөз бейнелеу түрі. Көркем әдебиетте,
жалпы көркемөнерде, ауыз әдебиетінде (өтірік өлеңдерде)
белгілі бір идеяны астарлап суреттеу үшін қолданылады, осы
тәсіл арқылы дерексіз бейне жасалады. Көбінесе адамның мінез-
құлқын, іс әрекетін, психологиялық күйін
екінші бір нәрсенің
бейнесінде суреттеп айту тәсілі. Мысалы, О.Бөкеев «Қайдасың,
қасқа құлыным» атты шығармасында бас кейіпкерінің ой-мо-
нологін түсі ретінде береді. Түс болған соң, мұнда аллегория
бар. Бұл түс-монологте аппақ сөзі образ жасайды:
аппақ селеулі
дала, аппақ қозы, аппақ сақалды шал, аппақ домбыра, аппақ
бие,
қысқасы, жас жігіттің түсінде көрген дүниесінің бәрі аппақ,
бұл — арманның, ізгіліктің символы.
Перифраз
– сөздерді бейнелі мағынада қолдану тәсілі,
яғни зат, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін астарлы мағынада
қолдану, образды түрде сипаттау.
Поэтикалық перифраз –
ақ халатты абзал жандар – дәрі-
герлер, ақ алтын – мақта, көгілдір экран – теледидар, ақ ұлпа –
қар,
Эвфемистік перифраз –
революция бесігі
– Ленинград.
Метафоралық перифраз –
бақыттың жайлауы
– жаңа
заман.
Синекдохалық перифраз –
қара шаңырақ
–
үлкен үй, төрт
сирақ – орындық.
Бұлар стилистикалық тәсіл ретінде мәтіннің
әсерлілігін, мәнерлілігін арттырады. Перифраздар көбінесе пуб-
лицистикалық
шығармаларда, көркем әдебиетте, ауызекі сөй-
леуде жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: