119
10.2.
Термиялық процестерде жүретін реакциялары
Мұнай шикізатының термодеструктивті процестері кезінде өте көп
әртүрлі реакциялар жүреді. Молекулалардың термиялық ыдырауымен қатар
синтез және изомерлену реакциялары да жүреді. Бұл реакциялардың
көпшілігі қайтымды. Шикізаттың кейбір компоненттері әртүрлі бағытта
әрекеттесуі
мүмкін,
олар
әртүрлі
жылдамдықта
жүреді
және
термодинамикалық ықтималдылықтары бірдей болмайды. Көмірсутектер
өзгерістерінің бағытына, жылдамдығына және тереңдігіне әсер ететін негізгі
фактор процестің температурасы болып табылады.
Атомдардың молекула түзіп қосылуы кезінде жылу бөлініп, жүйе
тұрақты күйге өзгереді. Бұл кезде байланыс түзу энергиясы оң мәнге ие
болады. Ал, молекуланың ыдырауы кезінде энергия мәні теріс шамаға тең
болады.
Мұнай фракцияларының термиялық өзгерістері өте күрделі химиялық
процесс. Шикізаттың құрамында өте көп жеке көмірсутектер болады,
олардың әрқайсысының өзгеріс бағытын дәл айту мүмкін емес. Сондықтан іс
жүзінде процестің нәтижесін түзілген өнімдердің шығымына қарап
анықтайды, мысалы газдың, бензиннің, кокстың, сонымен қатар бензиннің
топтық құрамына қарай.
Термодинамикалық есептеулер көрсеткендей,
Достарыңызбен бөлісу: