Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет56/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
50 
Бексұлтан Нұржекеұлы – шығармашылық мәнерінде сезім және ойды, парасат 
пен пайымды қатар ұстап, тең қолданып, қатар түйістіре отырып, осыдан өзгеше өнер 
өрнегін өріп, дара жол тапқан қаламгер. 
Қаламгер қаламынан туған туындылардың негізгі проблематикалары мен 
тақырыбы әр алуан. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы – 
заман тынысы арқылы да, адам тағдырымен суреттелетін жазушының аса терең 
бойлап суреттейтіні осындай мәңгі мен бақидың өзі сияқты ежелден келе жатқан 
мәселелер болып табылады.
Ертеден келе жатқан тақырып, ертеден келе жатқан мәселе. Дегенмен де, 
жазушы оларды бұрын-соңды ешкім айтып, ешкім жазбағандай формамен, 
мағыналық- мазмұндық тұрғыдан мүлде өзгеше, шырқау биігіне көтереді. Оның 
шығармаларындағы адамның ойы мен сөзінің, ісі мен келбетінің шындығы өмірдегі 
шындықтың өзгерген немесе өңделген түрі емес, өскен, өнген, болымсыз белгілерінен 
толық тазарып, арылған, сөйтіп саф алтынның өзіндей жарық шашқан асыл шындық. 
Бексұлтан Нұржекеев жазған әдеби шығармалар ол жасаған Қайныкеш, Әтіке немесе 
Бәтжан мен Мәмет секілді әдеби тұлғалар ой мен сезімдегі, мінез бен мүсіндегі 
осындай жан –жағына жарығын шашыратқан «асыл шындығымен бағалы. 
Халқымыздың әу бастан-ақ қыздарға деген құрметі мен сыйластығын жоғарыда 
атап өткеніміздей, дәстүрлеріміз бен тарихымыз, әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі 
қазақ 
қызының 
болмыс-бітімі 
болашақ 
ұлтымыздың 
ұйтқысы 
болар 
бұрымдыларымызға сара жол.
Құндылығы мен ұлттық болмыстан ажырамаған қазақ әйелі қазақ әдебиетінде 
бейнесі қалыптасқан, заманмен бірге жаңарған образдардың әдебиетпен бірге жасала 
берері айқын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық, 8 том. – Алматы, 2004.
2. Нұржекеев Б. Бір өкініш, бір үміт. – Алматы, 2000. 
3.Нұржекеұлы Б. Шығармалар жинағы.І-том. – Алматы. Жалын, 2006. – 320 б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет