Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет53/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ: 
1. Аксёнова Г.Н., Белый В.В. «Культура речи молодого врача», Мн., 2011г. (Материалы 
шестых научных чтений, посвящённых памяти профессора В.А.Карпова). 


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
47 
ЖАЗУШЫ Б. НҰРЖЕКЕҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ 
КОНЦЕПТІСІ
 
Қанатқызы Шаттық 
М. Өтемісов атындағы БҚУ филологиялық факультет магистранты; 
Ғылыми жетекші - Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы 
Орал, Қазақстан
Әйел бейнесі барша халыққа ортақ болғанымен, әр халықтың менталитетіне, 
дүниетанымына қарай оның концептосферасы айқындалып отырады. Ұлттық 
болмысымыздағы әйелдер болмысы мен қоғамымыздағы орнының діңгегі тереңнен, дін, 
діл, 
ру-тайпалық 
қарым-қатынас 
пен 
салт-дәстүрлеріміз, 
дәстүрлі 
шаруашылығымыздан тамыр алып келеді. Мақала әңгіме-романдарының басым бөлігінде 
әйел әспетін һәм оларға тән адамдық болмысы мен қадір-қасиетін риясыз жеткізіп, 
оқушыға ғибрат ете білген Бексұлтан Нұржекеұлының шығармаларын зерделеуге 
арналады. Б.Нұржекеұлы - әр туындысын жүрегімен жазған, сезімді сөзбен өрнектей 
білген жазушы. Қаламгердің «Бір өкініш, бір үміт», «Күтумен кешкен ғұмыр», т.б. 
шығармаларындағы Бүбіш, Ілескүл, Гүлбаршын сынды әйелдер характері талданып, 
кейіпкерлер образы психологиялық тұрғыда қарастырылады. 
Түйін сөздер:
әйел концептісі, қазақ қызы, ұлттық тәрбие, менталитет, 
психологиялық портрет, образ, сезім, махаббат. 
Халқымыз ежелден ұлттық құндылықтарымыз бен негізімізге баса назар аударған. 
Отбасында жерін сақтау үшін ұл тәрбиесіне, ұлтын сақтау үшін қыз тәрбиесіне тереңнен 
мән берген. Қазақ қыздарының әдебиетіндегі болмысы қоғамдағы атқаратын рөлі мен 
отбасындағы алатын орны бір төбе. Әсіресе, қазақ қоғамындағы аналарымыздың орны 
ерекше десек болады. Ерте замандардан қалыптасқан сенім мен нанымдардың да түп 
негізі анадан бастау алып жатыр. Ұлттық болмысымыздағы әйелдер болмысы мен 
қоғамымыздағы орнының діңгегі тереңнен, дін, діл, ру-тайпалық қарым-қатынас пен салт-
дәстүрлеріміз, дәстүрлі шаруашылығымыздан тамыр алып келеді.
Халқымыздың 
қыз 
баласына 
деген 
құрметін 
белгілі 
этнограф-ғалым 
Х.Арғынбаевтың: 
«Ұл туса-ұрпағым өседі, қыз туса-ұлтым өседі»,-деп қыз баланың 
дүниеге келуін ерекше қуанышпен күткен. «Қыз аз күнгі қонақ» деп тазаны кигізіп
дәмдіні жегізіп, төрінен орын берген. Алысты жақын, жатты жекжат етер, ел мен 
елді таныстырып, табыстырар дәнекер көріп құрметтеген»,
- деген тұжырымымен 
жоғарыдағы пікірімізді қуаттайды.
Яғни, қыз баласына барын, қымбатын, бар асылын бере білген. Мұның астарында 
да үлкен мән бар. Мұның тереңіне үңілсек, қыз баласы ертеңгі ана, ұлт тәрбиешісі. Ал, 
сол ұлттың болмысы сол тәрбиешілердің көрсеткіші болмақ. Мұны білген халқымыз 
қызға ерекше көңіл бөліп, жан – жақты тәрбие бере білген. Қыздарының бойына 
нәзіктікпен қатар, дала әдебіне сай өжеттік, батылдық пен өткірлік, қайсарлық пен ар-
намыс секілді ермінезділікті де қатар дарытып отырған. 
 
Қазақ прозасындағы XX ғасыр басында әйел теңсіздігі тақырыбы шығармалардың 
басым бөлігіне арқау болғаны белгілі. Түрлі деңгейдегі эпикалық шығармалардың 
«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» аталуларының өзінен-ақ 
тақырыптық-идеялық мазмұны мен мұндалап тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет