Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет54/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
48 
Өзінің шығармаларына әйел әспетін һәм оларға тән адамдық болмысы мен қадір-
қасиетін риясыз жеткізіп, оқушыға ғибрат ете білген Бексұлтан Нұржекеұлының көркем 
туындыларын зерттеу арқылы, одан ұлт тәрбиешісі болған қазақ әйелінің құнды 
болмысын байқауға болады. 
Бексұлтан Нұржекеұлы – шығармаларында кейіпкер келбетін боямасыз кескіндеп, 
оның жан-дүниесін дөп басып жеткізу арқылы жаңа қырынан аша білетін, қазақ 
прозасында өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер. Кез келген жазушының кез келген 
шығармасында автор өмірінің ұшқыны бар. «Ұлттық әдебиетіміздің көркемдік дамуын да 
өзіндік қолтаңбасымен дараланып, қазақы сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосқан қарымды 
қаламгеріміздің өзгеше өрнекті жазушы, айрықша дарынды, сергек сезімді суреткер 
екендігіне оның шығармаларымен сусындаған кез келген оқырман дау айта алмаса керек»
[1, 63 б.]. 
Әйелдің әсем әлемі мен оның жан дүниесіндегі қалтарыс қатпарлары мен қыр-
сырын, әйел жанының нәзік те нар тұлғасын, тылсым табиғатын, жазушының қаламынан 
туған «Күтумен кешкен ғұмыр», «Күй толғақ», «Бір ғана махаббат», «Өзендер өрнектеген 
өлке», «Ерлі-зайыптылар», «Бір өкініш, бір үміт», «Әйел жолы жіңішке» жинақтарында 
авторының әйелдің нәзік сезімдері арқылы махаббатты жеткізетін «Мұнтаздай Мұмтаз», 
«Кәріс қыз», «Бір ғана махаббат», «Құпия махаббат», «Қырғыз келіншек», «Күләштің 
соңғы көктемі», «Кінәлі махаббат» сынды барлық шығармаларынан да өзіндік сырын 
ішіне бүккен, өзгеше жаратылыстың жұмбақтарын шешу арқылы сұлулық символына 
айналған нәзік жандылардың рухани дүниесінің аласапыран дауылы мен дүлейін, күні мен 
күнгейін, көктемі мен жазын ерекше эстетикалық көркемдігімен шынайы әрі көркем 
кестелегенін көреміз. 
«Қазақ қызы» деген бір ауыз сөздің ассоцияциясында ұзын қос бұрымды, ұяң әрі 
инабатты нәзік жан бейнесі жатыр. Жазушының қаламынан шыққан әйел болмысының 
барлық спектрін барлық жағынан да толық сипаттайтын, әдемі әңгімелерден құралған 
«Әйел жолы жіңішке» (1998 ж.) жинағы көркемдік биігі жоғары туынды десек болады. 
Жазушы бұған дейінгі барлық шығармаларын шеберлік шыңына шығар саты қылып,
тұтастай кітапты әйел әлемінің антологиясына айналдырғандай.
Әңгімедегі Күлиман, Күләйхан, Зәбира бейнелері бір-біріне қайшы келетін алуан 
түрлі кейіпкерлер. Бұлардың әрқайсысының ішкі мінезі мен сырлары ашылып, олардың 
бейнесін жинақтап та, даралап та таныта білу Б.Нұржекеұлының қарымды қаламының 
нәтижесі десек болады. 
«Бір өкініш, бір үміт» романы Шегеннің бала шағынан бастап, жігіт ағасы, жазушы 
болғанға дейінгі өмірбаяны баяндалған. Шығармадағы басты кейіпкермен бірге Бүбіш 
қатар аталады. Мұндағы негізгі тақырып ғашықтық, сол арқылы махаббатты жеткізу. 
Романдағы қос ғашық Шеген мен Бүбіш арасындағы сенім мен махаббат ұлттық тәрбие 
негізінде көркемделген. Жазушы шығармада кейіпкерлердің мінез ерекшелігін жеткізуде, 
характерін ашуда психологиялық портрет жасай білген. Адамның рухани әлемінің 
психологиялық хәлін жеткізудегі шеберлігі айрықша. «Бір өкініш, бір үміттте» Бүбіштің 
ата-ана дегенінен таймай, айтқанынан шыға алмай, шарасыз күйде айттырған адамына 
шығуға бел байлаған хәлін Б.Нұржекеұлы: 
«Осы жолғы сөзім ойлаған жерден шықты, 
қыздың жүзі қолма-қол қуарып кетті. Бетіме қарағысы келіп көзін көтере бере, батылы 
жетпей қайта түсірді. Қолын созып, бұтаның бір шыбығын ұстамақ болып еді, қолына 
ештеме ілінбеді. Сонан соң қолына қолын сүйкеп. Кенет әлденеге бекінгендей басын 
көтеріп, бетіме тіке қарады. Жанары мөлтілдеп жасқа толып тұр екен. Ет жүрегім 
елжіреп қоя берсе де, сазарып сыр бермедім. Көзін төңкеріп төмен қарағанда, көз жасы 
мөлт-мөлт үзіліп кетті. Кірпігі шыланып шыға келді»
[2, 246 б.] - деп, Бүбіштің ішкі 
дүниесіндегі аласапыран күйді көрсетуде көз, саусақ арқылы сипаттайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет