I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет139/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   230
Афферентті афазия 
 
Афферентті моторлы афазия қозғалу талдағышының (анализаторының) 
артқы постцентральді бөлігінің (7, 40-ші төменгі төбе бөліктерінің) 
зақымдылуынан пайда болады. Афферентті моторлы афазияның орталық 
механизмі болып кинестетикалық сезу түйсігі табылады. Негізгі ауытқу – 
артикуляциялық нәзік қимылдарының бұзылуы. Мұндай бұзылыста 
дыбыстарды және сөздерді айтқан кезде еріннің, тілдің керекті қалпын табу 
мүмкін болмайды. Бұл ауытқудың негізінде ерін, тіл қимылдарының тиісті 
күшін, қарқынын, кернеуін қамтамасыз ететін жүйке импульстарының 
адресациясы бұзылған болады. Науқастар дыбыстар мен сөздерді тез және 
кернеусіз айта алмайды. Сонын салдарынан жасалуы және орны бойынша 
ұқсас бір дыбысты екінші дыбысқа алмастырып алады. Осының бәрі ауызша 
экспрессивті тілдің бұзылуына ықпал етеді.
Экспрессивті тілінің бұзылуы.
А. Р. Лурия (1969, 1975) афференті 
моторлы афазияның екі түрін бөліп ажыратады. Бірінші жағдайда 
артикуляциялық аппаратының әр түрлі мүшелерінің қозғалысының 
кеңістіктік, симультанттық синтездеуінің (жинақтауының) бұзылуы, сөйлеу 
жағдайының 
толық 
жоқтығымен 
сипатталады. 
Екінші 
жағдайда 
артикуляцияның жеке жолын таңдауының және сөз құрамына кіретін 
дыбыстық және буындық кешендерінің симультантты жинақтауының
айрықша бұзылуы байқалады. Клиникада бұл түрі «өткізгіш афазия» деп 
аталады. Ситуативті сөйлеу тілі біршама сақтаулы болуымен ерекшеленеді. 


293 
Афферентті моторлы афазияның ерте кезеңдерінде сөзді түсінуінің 
күрделі бұзылуы мүмкін, бұл түсіну барысында кинестетикалық бақылаудың 
маңыздылығы мен естіген хабарды жасырын айтумен түсіндіріледі. 
Афферентті моторлы афазияның бірінші түрінде ашық көрінетін 
артикуляциялық аппаратының апраксиясы спонтанды тілінің толық жоқ 
болуына әкелуі мүмкін. Өз бетімен сөйлеуге әрекеттену сәтте ерін мен тіл 
абыл-сабыл қимылдап, литеральді (дыбыстық) алмастырулар байқалады. 
Науқас логопедтің артикуляциясына мұқият қарағанның өзінде тек 
артикуляция мүшесін немесе тәсілін табумен шектеледі. Соның салдарынан
м — п — б, н — д — m — л, и — с, о — у және т.б. дыбыстардың 
алмастырылуы орын алады. Бұл дыбыстарды айту кезінде артикуляциялық 
мүшелерінің ұштасу дәрежесінің кинетикалық бағалауының бұзылуымен
жұмсақ таңдай мен дауыс перделерінің қимылдарының дезинтеграциясымен 
түсіндіріледі. Кейінгі сәттерде науқастар «салат» деген сөзді «санат», немесе 
«садат», «доп» дегеннің орнына «лоп» немесе «топ» деп айтады, яғни бір 
фонематикалық парадигма екіншісімен ауыстырылып айтылады.
Афферентті моторлы афазиясы бар адамға құрылысы күрделі 
буындарды талдау қиынға түседі. Науқастар бітеу (жабық) буынды екі ашық 
буынға бөледі, қатар келген дауыссыз дыбыстарды бөлшектеп тастайды, 
дауыссыз дыбыстарды тастап кетеді. Сондықтан там, доп, бас, сандық, астық
деген сияқты сөздерді «та-мь», «до-пь», «ба-сь», «са-нь-ды-кь», «а-съ-ты-
кь», т.б. деп айтады.
Клиникалық көрінісінде экспрессивті тілі мүлдем жоқ болуы немесе 
экспрессивті тілінің барлық түрлерінде (спонтанды, қайталама, номинативті) 
литеральді парафазиялар байқалады. Сөйлеу тілінің автоматтандырылған 
түрлері (ән айту, өлеңдер, жақын адамдардың аты, т.б.) сақтаулы болады.
Психологиялық көрінісінде сөйлеу тілінің құрылысында дыбысты ажырату 
бөлігінің бұзылуы, яғни дыбысқа кинетикалық талдау жасау бөлігінде сөйлеу 
тілін ұйымдастырудың сенсомоторлы денгейінің бұзылуы байқалады. Бұл 
сөйлеу тілінің моторлы бағдарламасын жасауға қиындық туғызады. Сөйлеу 
тілін ұйымдастырудың еріксіз деңгейінің біршама сақтаулы болғанымен 
дыбысты, сөзді, фразаны қайталауы қиын болады. Сөйлеу тілінің барлық 
түрлері, қызметі бұзылады.
Афферентті кинестетикалық моторлы афазиясы бар науқастарда сөзді 
түсінбеу кезі ұзаққа созылмайды (инсульттан кейін бір күннен бірнеше 
тәулікке дейін). Содан кейін ситуативті сөйлеу тілін түсінуі тез қалпына 
келе бастайды және жеке сөздердің мағынасын түсініп, жеңіл нұсқауды 
орындай алатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет