Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет34/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

МЫСЫҚ ПЕН ТҮЛКІ 
Бір күні мысық пен түлкі кездесіп қалыпты. Бірін-бірі 
көрмегелі көп мезгіл өтіпті. Кездескендеріне қуанып, жөн сұрасып, 
артынан әңгімеге көшіпті. Алғашында олар ауа райы туралы, 
соңынан саясат туралы маслихаттасыпты. 
- Орманда не алапат болса да, тіпті өртеніп кетсе де, маған бәрі 
бір. Ештемеден қорқу дегенді білмеймін. Айла деген жетеді, - депті 
түлкі мақтанып. 
- Ей, қымбатты достым-ай, - депті мысық. – Осы біздің орманға 
ит ерткен аңшылар келді дегенді естідім. Бірақ ондайдан мен 
қорықпаймын. Бар қауіптен сақтанатын бір ғана амалым бар, ол – 
зып етіп ағаш басына шығып кету. 
- Ойбай, достым-ай, құдай құртқан екен ғой сені, - депті түлкі, 
- барша қауіпке бір ғана амал төтеп бере ме, кел, мен саған біраз 
қулық үйретейін. 


 
- 52 - 
Дәл осы кезде ағаш арасынан үрген иттердің дауысы естіліп
аңшылар жетіп келеді. Бір ғана айласы бар мысық зып етіп, көзді 
ашып-жұмғанша ағаш басына көтеріліп кетеді. Ал көп амалы бар 
түлкі қай айласын қолданарын білмей, ойланып тұрғанда, иттер 
келіп, бас салып, алып ұрады.
(149 сөз) 
ҮЙ ХАЙУАНДАРЫНЫҢ АТА ТЕГІ 
Бұл ерте кезде жер бетінде әлі жылқы да, сиыр да жоқ кезде 
болған оқиға. 
Бірақ сиырлардың атасы Зеңгі баба бар екен. Адам атаның 
тұсында өмір сүрген. Адамдар Зеңгі бабаға шөп беріп, сауып сүтін 
ішкен.
Ал жылқылардың атасы кең далада жүрген. Оны Жұпар деп 
атайды екен. Ол адамнан: «Маған да шөп берші!» - деп сұрайды. 
Сонда адам: «Егер келіссең, мен сені ерттеп мініп жүрейін 
қалауыңша жем-шөп берейін», - депті. Ат келіседі де, адам оған шөп 
береді.
Түйелердің арғы атасы – Ойсыл қара. Ойсыл қара суға салса, 
батпайтын, ескі саба сияқты екен. 
Барлық қойдың атасы – Шопан ата.
Ал ешкінің атасы болмаған. Бір күні қой бағып жүрген қойшыға 
иесі: «Егер шопан ата қозы берсе, барлығы менікі болады. Егер 
Шопан атаға ұқсамай туса, онда сенікі болады», - дейді. Қой ылғи 
қозыларды туа береді. Сол кезде қойшы оның қарнына таяқты сұғып 
алады. Қой буаз болып, құйрық майы жоқ, құйрығы бар ешкі туады. 
Иесі өзінің малына санамай, ешкіні қойшыға береді. 
(151 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет