- 55 -
Менің атым – Құмырсқа!
(166 сөз)
ЕСЕКҚЫРҒАН
Бұл – күн ұясына батқаннан
кейін батыстан туатын жарық
жұлдыз.
Халық арасында Сары жұлдыз,
Бақташы жұлдыз деген
бірнеше атауы бар.
Аңызда былай аталады: «Бір күні есектерге жүгін
артқан
саудагерлер керуені жолай бір ауылға жетеді.
Шаршап-шалдығып
келген олар алыс жол алдында тынығып алмақ болып ертерек жатып
қалады. Бір мезетте керуен басы ұйқысынан оянып, далаға шықса,
айнала жап-жарық. Ол бүкіл адамдарын оятып: «Жүрер
уақыт
болды. Шолпан туыпты», - деп жүруге қамдана бастайды. Есектеріне
жүктерін теңдеп, жолға шығып кетеді.
Жүріп келеді, жүріп келеді.
Таң ағарудың орнына,
қайта
қоюланып қараңғылана түседі. Таң атып болмайды.
Осылай келе жатқанда құмды дауыл басталады. Бүкіл есек
дауылға шыдамай қырылып қалады. Жандарын әзер сақтап қалған
керуеншілер жаяу, өздері шыққан ауылға зорға жетеді. Есін жиған
жұрт: «Шолпан туды деп алып шыққан сенсің», - деп керуен басыдан
қырылған есектері үшін құн талап етеді. Керуен басы ақталып:
«Мені алдап соққан жұлдыздың өзі, сенбесеңдер көрсетейін», - деп
барлығын сыртқа алып шығады. Жарқырап тұрған жұлдызды көрген
адамдар «Расында да таң атып қалған ба?» деп жағаларын ұстапты.
Сөйтсе бұл күн батқан соң батыстан көтерілетін жұлдыз екен.Содан
бері ол «Есекқырған» деп аталып кетіпті».
(177 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: