- 58 -
ҮРКЕР
Үркер – шығыстан батысқа қарай бір топ жұлдыздар шоғыры.
Ертеде адамдар осы жұлдызға қарап
жылдың қай мезгілі екенін,
уақыттың қанша болғанын шамалап білген. Ел арасындағы Үркер
туралы аңыздардың бірінде бұл бір сұлу қыз екен. Оның Ай мен Күн
деген екі апасы болыпты. Үркердің ажары апаларынан асып түсіпті.
Сіңлілерінің сұлулығын көре алмаған Ай мен Күн Үркердің бетін
тырнап алыпты. Содан бері оның беті қотыр болып қалған екен.
Келесі бір аңызда Үркер қазақша «үркек» деген сөзден шыққан
делінген. Баяғы замандарда жер бетінде тек үнемі қыс болып
тұрыпты. Осы кезде Үркер шоқжұлдызын
құрайтын шағын он екі
жұлдыздар жерде ұйықтап жатады екен. Бірде бір данышпан
суықтап әбден қажыған жануарларға: «Егер осы шоқжұлдыздарды
түгелімен қырып салсаңдар, жаймашуақ жазға кенелесіңдер» деген
өсиет айтады. Сонымен түйе, жылқы, сиыр үшеуі жиналып Үркердің
көзін жоймақ болып келіседі.
Әулі
жылқы төрт жұлдызшаны, түйе тағы екеуін табанына
салып таптапты. Алты жұлдызша сиырдың еншісіне тиіпті. Бірақ
жұлдызшалар оның аша тұяғының арасынан сытылып шығып, Көкке
ұшып кетіпті. Содан бері жерде алты ай суық және алты ай жылы
болады екен.
Жануарлар сиырға өкпелепті.
Оларға суықтан қорықпайтын
сиыр: «Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба? Ыстықтан
дымымыз құтылып қаталағанымыз жетер» деп жауап беріпті.
(188 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: