- 59 -
-
Рақым ет, тақсыр! Тамақ іздеп жүр едім. Жібере гөр, мен де бір
керегіңе жарармын.
-
Бойыңа қарап сөйле, ант ұрған, шамаңды біл! – деп, Арыстан
келекелеп күліп алады да, мейірімі түсіп, Тышқанды жөніне қоя
береді.
Күндердің бір күнінде орманға бір мерген келіп,
Арыстанның
ақырған даусын естіп.
-
Даусына қарағанда, мынау арыстанның сирек кездесетін
тұқымы секілді.
Мұны ұстап алып, хайуанаттар паркіне сатып
жіберейік, - деп ойлайды аңшы. Көмекке дереу достарын шақырып,
Арыстан су ішетін суатқа тұзақ құрып қояды. Шөлдеген Арыстан
өзенге
келе жатып, тұзаққа түсіп қалады. Ары жұлқынып, бері
жұлқынып, торға орала береді де,
ақыры орнынан қозғала алмай
қалады.
Әбден шаршап, қалжырайды. Қарны ашады. Осылайша дағдарып
тұрғанда, тышқан келіп, өткір тісімен тор жіптерін үзе бастайды. Көп
уақыт өтпей Арыстанды босатып алады.
-
«Бір кәдеңізге жарармын» дегенде, күліп едіңіз, тақсыр, - депті
сонда Тышқан. – Сіздің ақырған даусыңызды естісімен-ақ көмекке
жүгіріп едім. Екі сөйлемейтініме көзіңіз жеткен шығар енді.
Арыстан қатты ұялған екен.
(190 сөз)
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСҚАН КҮН
Жансая Әліппемен қоштасқан күнге ерекше даярланды. Өлең
жаттады. Әліппенің әріптерді үйреткеніне мәз болды. Сөздерді оқи
алатынына қуанды. Жүгіртіп оқығанына төбесі көкке жетті.
Әліппемен қоштасу мерекесіне ата-аналардың бәрі жиналды.
Апайы
Айсұлу
өз
шәкірттерінің
қабілеттеріне
көңілі
толғандай.Сәбира домбырамен өлең айтты. Бейбіт тақпағын
орындады. Жансая үш қызбен
бірге дөңгелеп, би биледі. Бәрі де тап-
таза, әдемі киінген. Көйлектері бүрмелі. Оюлы камзолы өздеріне
арнап тігілгендей. Қолдары, саусақтары майысып, өнерлерін көпке
көрсетті.
Ата-аналары жас бүлдіршіндерге риза боп, әлсін-әлсін қошемет
танытты. Қол шапалақтады. «Ой, жарайсыңдар!», «Керемет!»деп, әр
ән, би сайын өз ой-пікірлерін сүйсіне білдірді.
- 60 -
Жансая үшін бүгінгі күн есінде жатталып қалды. Әліппені
жақсы оқығаны үшін мектеп
директоры мен апайының қолы
қойылған, мөр басылған мақтау грамотасын иеленді.
-
Жансая, алған марапатың құтты болсын! Қуаныштысың ба? –
деді Айсұлу апай.
-
Иә, апай! – деді Жансая қатты қуанып.
Өзінің өте мәз болғанын апайы қалай біледі деп Жансая таңдана
қалды.
-
Үйге келген соң Жансая әліппемен қоштасқан сәттерді атасы
мен әжесіне әлі жеткенше әңгімеледі.
-
Қуанышың қуанышқа жалғассын, -деді атасы.
-
Сауатты болды деген осы,
- деп әжесі Жансаяны аймалап,
бауырына қыса түсті.
Көңіл-күйі әбден балқыған. Бақытты балалықтың сәті дүниені
түгел құлпыртқандай. Бұның барлығы оқуға үйреткен, білімге
талпындырған Әліппенің құдіреті болатын.
( 191 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: