Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет37/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

ҚОҢЫР АЮ 
Аю - өте ірі аңдардың бірі. 
Қоңыр аю біздің еліміздің оңтүстік аудандарында (Тянь-Шант 
сілемдері мен Алтай тауларында) және ормандарда кездеседі. Олар 
жазықта да, таулы аймақтарда да, қайда қираған ағаштар, батпақ, 


 
- 56 - 
көлшік сулары бар меңіреу орман болса, сонда тіршілікі етеді. Олар 
аса әккі аугер, алайда олар бәрін де жейді, көбінесе жеміс-жидек
шөп тамырларымен қоректенеді, құрт-құмырсқа, личинкаларды 
қазып жейді, бақа, балықтарды ұстайды. Аю аса балқұмар, ол балға 
аузы тиген соң араның шаққанына да қарамайды. 
Күзде қоңыр аю көктемге дейін тыныш ұйықтап шығатын 
сенімді баспаның қамына кіріседі. Оның қыста қоректенуі де, қалың 
қарда жүруі де қиын. Егер күзде семіріп май жинап алмаса, аю 
апанында жатпайды. Қыс бойы долданып, аш құрсақ жүріп күн 
кешеді. Мұндай «қаңғыбастар» өте қауіпті. Аюдың ұйқысы сергек 
болады, ұйқы кезінде дене температурасы төмендейді. Кірекейі 
апанда былтырғы қондықтарды қарауға көмектеседі, сондықтан 
өткен жылғы қонжықтарды орыс халқы «пестун» (көмекші) деп 
атаған. Қонжықтар енесімен екі жылдай бірге жүреді. Аюдың 
қонжықтары қаңтар-ақпан айларында дүниеге келеді, олар жарты 
килограмм болып туады және көктемге дейін баяу өседі. Есейе келе 
аюдың тұрқы 2,5 метрге, салмағы 750 кг-ға жетеді. Қоңыр аюлар 50 
жылдай өмір сүреді.
(179 сөз) 
ДЕГЕЛЕКТІҢ СЫЙЫ 
Баяғыда бір қария келе жатып, аяғы сынып, жүре алмай жатқан 
дегелекті көріпті. Оны үйіне алып келіп, сынған жерін таңып, 
асырапты. Әбден жазылып, ұшуға жараған соң бостандыққа 
жіберіпті. 
Арада бірнеше күн өткенде әлгі дегелек қарияның шаңырағына 
келіп қонады. Бір ғажабы, ол төбеден ат басындай алтын тастайды 
да, ұшып кетеді. Дегелектің қарияға жасаған сыйы туралы сөз ел 
ішіне тарайды. Оған көршілерінің бәрі таң қалып, ауыздарының суы 
құриды. Бір қомағай қарт балаларына «Біз де бір дегелектің аяғын 
сындырып, бағайық» деген ақыл айтып, арам ойға да барады. 
Бірде ол отынға барса, ұясының үстінде отырған дегелекті 
көреді. Таспен ұрып аяғын сындырып, оны үйіне алып келеді. Байғұс 
құс бірнеше күн азап шегеді. Олар оның сынған жерін таңып
асырайды. Бір күні дегелектің аяғы тәуір бола бастағанын көрген 
көрші қарт оны ұшырып жібереді. Осыдан соң күнде шаңыраққа 
қарап, дегелекті күтіп отыратын болады.


 
- 57 - 
Арада бірнеше күн өткен соң, дегелек оның шаңырағына 
қонып, төбеден бірнеше сарыбас жылан тастайды. Алтын күтіп 
отырған кісінің шаңырағынан соншама жылан түсті деген не 
сұмдық?! Көрші қарт алтын тұрмақ, басын қалай аман сақтаймын 
деп өз үйінен өзі безе қашыпты. Көрсеқызарлығы мен арамдығының 
арқасында өз жазасын осылайша таратыпты.
(181 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет