- 46 -
(122 сөз)
ЛҰҚПАН ХАКІМ Лұқпан хакім қарыз сұрап келген кісінің бетін қайтармайтын
еді. Бір күні бір кісі келіп, мың алтын алады. Іштей: «Қарызын
бермей кетейін» деп ойлайды. Жолда бара жатып, бір жерге дем
алады. Сол кезде бір құс келіп, жатқан түйіншекті іліп ала жөнеледі.
Құс Лұқпан хакімнің үйінің төбесінен ұшып бара жатқанда,
түйіншегі жерге түсіп кетеді.
Қарыз алған кісі Лұқпан хакімге қайтып келеді, тағы мың алтын
беруін өтінеді. Ішінен: «Егер осы жолы берсе, мың алтынын екі мың
қылып қайтарамын-ау» деп ойлайды.
Лұқпан сұрағанын береді. Алтын алған кісі сауда жасап, мың
алтыннан он мың пайда көреді. Лұқпаннан алған қарызын екі есе
қайтарады. Сонда Лұқпан хакім: «Бірінші алғанда бермей кетейін
деп арамдық ойлап едің, ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық
ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай қара ниет болма», - дейді.
(123 сөз)
ПІЛ МЕН ТЫШҚАН Ерте, ерте, ертеде піл мен тышқан дос екен. Күндердің бірінде
екеуі бірлікте егін салып, астық жинапты. Қамбадағы астықты пілдің
иеленіп алуынан
қорыққан тышқанның ойына арамдық еніпті. Ол қамбадағы
астықтың астынан ін қазып, астықты жер астындағы өз қамбасына
таситын болыпты. Әр күні түнде піл ұйқыға кеткен кезде, тышқан
ұрлық істейді екен.
Бір күні қамбадағы іннің аузын байқап қалған піл, оны бітеп
тастаса, ертесіне тағы да ашылып қалыпты. Тышқаннан сұраса, ол:
-
Мен емеспін, көрген жоқпын, - деп зар-зар етіпті.
Ақыры тышқан бүкіл астықты ұрлап тауысыпты. Бар пәленің
тышқаннан келгенін енді ғана сезген аңқау піл ашуы келіп, оған тап
беріпті, қуып жетіп, табанымен таптап өлтірмекші болғанда, тышқан
- 47 -
інге кіріп, құтылып кетіпті. Осылайша олардың достығы жаулыққа
айналыпты. Күні бүгінге дейін пілдің тышқанның інін көрсе,
табанымен басып тұрып алатыны сол өшпенділіктен қалған екен.
(Жәди Шәкен)
(126 сөз)