Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1. Жазуға үйрету барысында қолданылатын әдістер.
2. Жазу жұмысын жақсарту үшін оқушы дәптерін жүргізуге
қойылатын біріңғай арнайы талаптар.
3. Генетикалық жүйе.
1. Жазуға үйрету барысында көп таралған әдістердің түрлері
келіп шықты: көшіру, сызықтық, генетикалық, ырғақтық карстер
әдісі.
Көшіріп жазу арнайы дәптерлерде нүктемен берілген
сөзді жазуға мүмкіндік береді. Графикалық тор XIX ғасырда да
әріптерді немесе мұғалімнің солғын сиямен, карындашпен жазып
берген үлгісін бастырып жазу болған. Бірақ дайын үлгілерді
көшіріп жазу жазуға саналы түрде үйретпей оның механикалық
жағдайды көшіруге негізделген. Бұл әдіс жекелеген әріптерді
үйретуде және 2-4 сыныптардың жазуын түзету жұмыстарында
өте тиімді.
Сызықтық әдіс әріп элементтерінің арасындағы бірдей
қашықтықтың болуына, әріппен оның бөліктерінің биіктігі мен
енінің дәл пропорциясын сақтауға негізделеген. Бұл элементтердің
арасындағы қашықтықты, көлбеу сызықты, жазудың биіктігін
анықтайтын көмекші торды пайдалана отырып, әріп пен сөзді
жазуға мүмкіндік береді. Графикалық тор XIX ғасырда да
қолданылды, бірақ оның көзге зияндығына, баланың өз бетімен
64
жұмыс істеуге мүмкіндік бермей көзбен мөлшерлеу мен жазу
дағдысын дамыта алмауына да байланысты қолданудан шығып
қалды. Әріптердің биіктігі мен жазу жолдарының бағытын
анықтайтын көлбеу торсыз тек сызықты құралдар басылып шаға
бастады. Бірақ бұл әдіс жеке әдіс ретінде өзін ақтай алмады.
Генетикалық әдістің ерекшелігі – алдымен қарапайым
содан соң одан да күрделі әріптер қарастырылады. Ұқсас
элементтерінің құрамы мен графикалық күрделіленуіне қарай
әріптер бірнеше топқа бөлінеді. Жазуға үйретудің бұл әдісін
Пеүстелоций қолданды. Әріптердің жазылуының алфавиттік
ретте болуы принципке қайшы келді. Әдіскерлер әріпті түсінбей,
оқудан бөлек қарастыруға болмайтынын айтты. Сондықтан бұл
әдіс барлық әріптерді өтіп болғаннан кейін, әліппеден кейінгі
кезеңде жазу дағдысын жетілдіру мақсатында жүргізіледі.
Ырғақтық (тактикалық) әдіс – оқушылардың бәріне бірдей
жылдамдықта ырғақты есептеп жазу. Дұрыстап қолданғанда
ырғақтық әдіс балалардың сабаққа деген қызығушылығын
арттырып, қол қимылының үйлесімділігі мен сенімділігін
арттырады. Ол бүкіл сыныппен жұмыста өте қолайлы. Бірақ
ұзақ, үнемі қолданған бала бұл әдістен тез шаршайды.
Карстер әдісі қолдың қозғалысын (саусақ, шынашақ, иық)
дамыту үшін арнайы жаттығулар орындауға арналған. Мұндай
жаттығулар қағаз бетінің кеңістігін, бағытын дұрыс пайдаланып,
қолдың қозғалысын еркін де жеңіл болуына көмектеседі. Бұл
әдіс бойынша алдымен әріптің 19 элементі одан кейін ерекше
штрихтармен байланысқан әріптер, содан кейін ерекше сызықтары
жоқ сөздер жазылады. Көптеген әдіскерлердің пікірінше
орындалуы жағынан өте күрделі болғандықтан карстерлік
жаттығулар жүйесі жазу қарқынын қалыптастыру үшін, оны
түзету үшін көбінесе үлкендерге арналған болып келеді.
Осы айтылған әдістердің ешқайсысы да жеке-дара өз
бетінше тиімді бола алмайды. Оларды жазуға үйретудің белгілі
бір сатыларында тиімді үйлестіре білгенде ғана дұрыс нәтиже
береді. Жазуға үйрету жүйесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
даярлығына, сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай әртүрлі
әдістерді қамтиды. Бұл әдістердің негізгілері:
генетикалық
әдіс, бастыра жазу әдісі, сызық ішіне жазу әдісі, ритмикалық
(тактылы)
жазу әдісі;
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып
65
үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен
жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді,
соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға
көшеді. Жазуға үйрету бұрыннан таныс элементтерге жаңа
элементтерді қосу негізінде ұйымдастырылады. Әріптер топ-
тобымен жазылады.
Басып жазу әдісі бойынша мүғалім дәптерге әріптерді
қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді,
ал оқушылар оның үстінен басып жазады. Сол арқылы балалар
әріптердің бейнесін дүрыс жазуға жаттығады, әбден үйренген
соң, өз бетінше жазып кететін болады. Бұл әдістің үлгілерін
бастауыш сыныптарға арналған «Жазу үлгілерінен» де көруге
болады. Басып жазу әдісі әсіресе теріс қалыптасқан жазуды
жөндеуге көмек етеді. Сондай-ақ бұл әдіс бойынша мұғалім
дәптерге әріптердің жазылу үлгілерін, олардың сөз ішінде өзара
қосылу жолдарын көрсетіп, оқушылардан үлгі бойынша жазуды
талап етіп отырады. Мұғалім 1-сыныпқа арналған «Жазу үлгісі»,
«Жазу дәптері» атты еңбектерге сүйене отырып, балалардың
қолын дұрыс, әдемі жазуға машықтандырады. Мұның өзі –
бірқалыпты, біркелкі жазуға жаттықтыратын тәсіл. Жазу кезінде
әріп элементтерін таңбалауға сай байсалды ритм, біртектес
кайталанатын қозғалыстар жасалады.
Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға
көмектесетін амал. Тактылау – (санау) қозғалысты бірқалыпты
жетілдіріліп, оқушылардың жазу қарқынын жеделдетуге әсер
етеді, жазу үстінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та
айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Бұл әдіс қазақ бастауыш мектептерінің тәжірибесіне еркін
ендірілмеген сияқты. Сондықтан оның қолданылу жолдары
көпшілік болып ойластыруды керек етеді.
Бастауыш сынып оқушылары көлбеу жазуға машықтанады.
Өйткені, көлбеу жазу – икемді жазу. Оның ерекшелігі – әріп
құрауға қатысты негізгі штрихтар дәптер сызығына солдан
оңға қарай 65° көлбеу орналасады. Көлбеу жазу жұмысы оң
қол арқылы орындауға бейімделген. Көлбеу жазуға дәптердің
солға қисайтылып қойылуы, жарықтың сол жақтан түсуі сияқты
ережелер көп көмегін тигізеді.
1-сыныптан бастап, әсіресе 2-сыныпта – бір сызық бойымен
66
жылдам жазуға көшу кезінде – көлбеу жазуға, әріптердің біркелкі
биіктігін сақтауға, әріптерді топтап жазуға, ондай әріптер бар
сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жазуға арналған жаттығулар
жүргізудің мәні зор.
3-сыныпта оқушылар әрі ұсақ, әрі тез жазуға әдеттенеді. Бұл
кезде қолды және көз мөлшерін жетілдіруге, сондай-ақ тез жазуға
үйрететін арнаулы жаттығулар жүргізіледі. Бұл жаттығуларды
мұғалім өзі әзірлеп келеді.
Оқушылардың жіберген графикалық қателерінің түріне
қарай көркем жазу жаттығуларының түрлері де өзгеріп отырады.
Қате сыныптағы оқушылардың басым көпшілігіне тән болса,
сыныппен, бірлі-жарым оқушыларға тән болса, жеке оқушылармен
арнайы жұмыс жүргізіледі.
2. Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін
жүргізуге қойылатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды
жүзеге асырады.
1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
2. Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі
болуы, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне
арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер т. б.), (сыныбы,
мектептің нөмірі мен аты, оқушының фамилиясы мен өз атын
жазып қою).
1-сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына
жазылатын жазу үлгісін мұғалімнің өзі жазады.
3. Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау.
4. 1-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша бірінші тоқсандағы
жүмыстары.
1-сыныпта екінші жарты жылдықтан бастап, сондай-ақ
1-3-сыныптарда жазба жұмысының арнаулы мерзімі көрсетіледі.
Күн аты – араб цифрымен, ай аты жазумен беріледі (мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |