Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

2-сыныпта
көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі. 
Оқушылардың 1-сыныпта үйренген икемділігі бұл сыныпта 
дамытылады. 2-сыныпта жүргізілетін көркем жазу сабақтарының 
негізгі мақсаты – жазу қаркынын жеделдету, біркелкі ритмикалык 
жазуға көшу. Оқушылардың оқулықтағы жаттығуды орындауын 
тексеріп, ондағы сұрақ-тапсырмаларды еркін оқып түсінуі қандай 


72
қажет болса, оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындау 
да соншалық қажет екенін естен шығармау керек. Бұл сыныпта 
біркелкі ритмикалық жазу мен тез жазуға арналған графикалық 
жаттығуларды орындауға баса назар аударылады. Сондай-ақ жеке 
оқушымен дербес жұмыс жүргізу, әрбір оқушының жазуындағы 
жеке кемшіліктерді түзеуге көп көңіл бөлінеді. Соған байланысты 
графикалық жаттығулардың түрлері де көбейе түседі. Сөздегі 
әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жаза білу машығы 
грамматика мен емлеге берілген жаттығу материалдарын орындау 
барысында мұқият еске алынады. Бірінші сыныптағыдай әріп 
тобымен жазу үзбей жүргізіледі.
3-сыныпта
оқушылардың жазу икемділігі одан әрі 
жетілдіріледі. Әріптерді кішілеу етіп, тез жазуға арналған 
графикалық жаттығулар жүргізіледі. Алдыңғы сыныптардағыдай, 
көркем жазу бұл сыныпта да қазақ тілі сабактарының 
материалдарымен тікелей байланыстырылып өткізілуге тиіс.
Бағдарлама талаптарына сай әрбір қазақ тілі сабактарының 
6-8 минуты көркем жазуға беріледі. Кажетті жағдайда оны жеке 
сабақ етіп өткізуге де болады.
Қазіргі мектеп тәжірибесін зерттеу, бақылау нәтижесіне 
қарағанда, бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиясы 
айтарлық дәрежеде жақсартылып, түбегейлі жетілдіруді керек 
ететінін көріп жүрміз. Көптеген оқушылар көркем, сұлу жазуға 
машықтанбаған. Каллиграфиялық кемшіліктермен қатар жазу 
тазалығы да талапқа сай емес. Сондай-ақ бірқалыпты, ритмикалық 
және жедел жазу икемділігі қалыптаспаған. Кейбір оқушылар 
әріптеп, сөзді бөлшектеп, үзіп, баяу жазуға әдеттеніп алған.
1-сынып оқушыларының жазу жұмыстарында байқалатын 
тұрақты кемшіліктердің негізгілері сол – олар әріп элементтерін 
бұзып жазады, тастап кетеді, бірі мен бірін ауыстырады, таза жазу 
ережесін сақтамайды. Мұның салдарынан әріптер де, олардан 
құралатын сөздер де бұрмаланып, түсініксіз қалады. 
 
2-сынып 
оқушыларының жазуындағы басты кемшіліктердің қатарына 
көлбеу жазуды сақтамау, әріптердің біркелкі биіктікте жазылмауы, 
әріп көлемі мен олардын ара қашықтығының әртүрлі жазылуы 
сиякты қателерді жаткызуға болады.
Каллиграфияның бұзылу себебі неде? Оқушының жақсы 
жазуы, әрине, мұғалімге тікелей байланысты. Өкінішке орай, 
көптеген мұғалімдер, әсіресе жас мұғалімдер сауат ашу кезеңі 


73
біткен соң, барша күшті мәтін оқуға жұмсап, оқушылардын 
каллиграфиялык машықтарын қалыптастыруға жете көңіл 
бөлмейді. Мұғалімдер тарапынан «жөндеп жаз», «тез жаз», 
«таза жаз» деген жеку сөздерді жиі естуге болады. Әріптердің 
гра-фикалық формаларын көркем етіп жазып үйренуге. оларды 
сөз ішінде бір-бірімен дұрыс қосып байланыстыруға және көлбеу 
жазуға, сондай-ақ ритмикалық тез жазуға машықтандыратын 
жүйелі жаттығулар жүргізілмейді. Әріп үлгілері оқушы дәптеріне 
үнемі жазылып көрсетіле бермейді. Теріс жазылған әріптердің 
түзетілген үлгілері дәптер жолағына косылмайды. Бастауыш 
сынып оқушылары әріптердін жазылу үлгілерін тек сауат ашу 
кезінде ғана көреді. Одан кейінгі кездерде «Жазу үлгісімен» 
тиянақты да жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Кіші және бас 
әріптердің жазу үлгілері (алфавит) сыныптың көрнекті жеріне 
ілініп қойыла бермейді.
Кейбір мұғалімдер көркем жазуға берілетін уакытты өз 
орнында пайдаланбай, грамматика мен орфография материал-
дарын оқытуға пайдаланады.
Жазу жұмысы – оқу үдерісінің аса бір қиын саласы. Ол 
үздіксіз көп жазып жаттығуды, жүйелі жұмыс істеуді керек 
етеді. Бастауыш сыныптарда оку жоспары бойынша өтілетін 
қазақ тілі мен математикадан басқа пәндерді оқыту барысында 
жазу жұмысы жүргізілмейді, жүргізілсе, тиіп-қашты өткізіледі. 
Жалпы алғанда, жазусыз оқу тиянақты оқу бола алмайды.
Жазуға үйрету барысында кішкентай оқушылардың жас 
ерекшелігімен тікелей санасудың үлкен мәні бар. Мұғалім жазу 
үдерісінің кішкентай оқушы үшін аса қиын да күрделі жұмыс 
екенін естен шығармауға тиіс. 1-сынып оқушылары алфавиттің 
екі түрін: баспа әріптер мен жазба әріптер алфавитін, сондай-ақ 
ондағы бас әріптер мен кіші әріптерді үйренеді. Баспа әріптер 
мен жазба әріптерді үйрену бір мезгілде (синхрондық әдіспен) 
өтіледі.
Жазу кезінде оқушы сөзге ауызша, іштен дыбыстық талдау 
жасайды (сөздегі дыбыстардың ретін белгілейді). Сонымен қатар 
ол дыбыстарды тиісті әріптермен таңбалайды. Сөзді жазып біткен 
соң, оны дыбыстап оқиды. Басқаша айтқанда, жазу үстінде оқушы 
оқу ережесін (әріптерді дыбысқа айналдырып оқу) және жазу 
ережесін (дыбыстарды әріптермен таңбалау операцияларын) 
орьндайды. Соңғы ережені орфографиялық ереже деп атаймыз. 


74
Әріп таңбасын түсірудің өзі оқушының сол әріп бейнееін көз 
алдына айқын елестете білуіне тікелей байланысты. Әріп 
формасын жете танымаса, оны жазу да қиын. Мысалы, 
ә 
әрпін 
жазғанда сызық жоғарыдан оң жаққа, одан төмен қарай иіліп, 
жарты дөңгелек жасау арқылы төменнен жоғарылаған бағытпен 
оңға бұрылып бітуді керек етеді. Бұл операцияны дұрыс орындау, 
әрине, аталған әріптің бейнесін айқын білуді бірден-бір керек 
етеді. Демек, дұрыс жазуға қалыптасу кезінде сөз дыбыстары 
мен оларды таңбалайтын әріптер арасында тығыз байланыс 
жасалатынын байқаймыз. Мұнымен бірге жазып отырған баладан 
партада дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қаламды дұрыс ұстау 
ережелерін мұқият сақтау талап етіледі.
Дыбыстарды, сөздерді таңбалау кезіндегі жазу қозғалыстары 
баланың физиологиялық даму дәрежесіне, психологиялық жақтан 
даярлығына байланысты. Бастауыш сынып оқушыларының 
саусақтары жетіле қоймаған, сондықтан олар қолдарын ұзақ 
кимылдатып, жазу талаптарын бірден орындай алмайды. 
Оқушылардың саусақтарын, қолдарының әлсіз бұлшық 
еттерін, сондай-ақ көзінің көруін біртіндеп жетілдіретін арнайы 
жаттығулар жасату қажет болады. Ондай жаттығуларды аз 
уақытқа ғана жасату керек, өйткені кішкентай балалардың ұзақ 
жазуға шамасы келмейді және төзімі де жетпейді – колдары 
тез шаршайды. Сондықтан жұмыс түрін жиі-жиі алмастыруда 
мұғалімнің іскерлігі қажет болады.
Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиялык 
машықтарын жетілдіруде, сондай-ақ жалпы жазу жұмысын 
жақсартуда, сынып бөлмесінің жарық болуы, ондағы жиһаздардың 
талапқа сай келуі шешуші роль атқарады. Бөлмеде қай сыныпқа 
арналғанына қарай, екі немесе бір түзу сызықпен сызылған
(бастауыш сыныпқа арналған дәптерлер сияқты) жазу тақтасы, 
«Жазу кезінде дұрыс отыр» деген кесте, қолжазба шрифтерімен 
орындалған плакат түріндегі алфавит, жеке әріптердің жазу 
үлгілерін көрсететін көрнекі кестелер, түрлі-түсті борлар болуға 
тиіс.
1-сыныпқа арналған қазіргі дәптерлер екі түзу сызықпен 
сызылған, кіші әріптің биіктігі – 4 мм, бас әріптің биіктігі – 8 мм.
2-3-сыныптарға арналған дәптерлер ара қашықтығы 9 мм 
болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптердің биіктігі 
– 3 мм, бас әріптердің биіктігі – 7 мм.


75
Жалпы, көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған 
дәптерге жазылады. 1-сыныпқа әріптердің жазылу үлгісін 
мұғалімнің өзі жазып көрсетеді. 1–3-сыныптарда әріптердің 
жазылу үлгілері әрбір оқушының жазу ерекшелігіне қарай 
белгіленеді.
Жұмыс көлемі: 1-сыныпта – 2 жол (екінші жарты жылдықта),
2-сыныпта – 3 жол; 3-сыныпта – 3–4 жол болуға тиіс.
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды. 
Алайда мұның жеке өзі оқушының қалай жазғанын елемеу 
деген сөз емес. Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда, 
оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі 
бойынша қойылатын жалпы бағаның ішіне көркем жазу бағасы 
да ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет