Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Мұғалімнің өзін ұйымдастыру ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Мұғалімнің өзін ұйымдастыру ерекшелігі:

Сабақ басында және оның барысында көңіл-күйін көтеру 
(жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыптың 
бір күйге келуі, жігерлілік, қойылған мақсатты орындауға қажет 
қайсарлық, педагогикалық тапқырлық, т.б.);
- Педагогикалық әдеп пен өнеге (болған жағдайлар);
- Сабақтың педагогикалық ахуалы (көңілді, шынайы іскерлік 
қарым-қатынас, қалыпты қуаттау,т.б.);
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру:
1. 
Оқушылардың өнімді ойлау және елестету жұмысына 
жағдай жасау шараларын анықтау:
- оқушылардың зерттелген зат және құбылыстарды 
қабылдауы, олардың мәнін түсіну жолдарын жоспарлауы;
- сендіру, көндіру түріндегі нұсқауларды пайдалану;
- оқушылардың тұрақты назарын және жинақтылығын 
қалыптастыратын шаралар жоспарлау;
- жаңаны қабылдау үшін, оқушылардың есіне алдыңғы 
қабылданған білім және білік маңыздылығын, әртүрлі жұмыс 
түрін пайдалану (әңгіме, жеке сұрау, қайталау жаттығулары);
2. Жаңа білім және біліктерін қалыптастыру барысында 
оқушылардың ойлау және елестету іс-әрекетін ұйымдастыру:
- Оқушылардың қалыптасқан білім және біліктерінің деңгейін 
анықтау (нақты сенімді көзқарас, ұғымдар, қорытынды бейнелер, 
қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде);
- Оқушылардың ойлау іс-әрекетін және елестетуін 
ұйымдастыруда ұғымдар, жаңа бейнелер құру, түсіну деңгейі 
қалыптасуының психологиялық заңдылықтарына негіздеу;
- Оқушылардың өзіндік ойлауы мен белсенділігін қамтамасыз 
ететін жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдерін жоспарлау (сауалдар 
жүйесі, проблемалық жағдаят туғызу, мәліметтері жеткіліксіз 
және артық есептер пайдалану, оқушылардың сабақта іздену және 
зерттеу жұмысын ұйымдастыру, өзіндік жұмыстар барысында 
шешілетін интеллектуалдық қиындықтар құру, оқушылардың 
танымын дамыту мақсатында тапсырмаларды күрделілендіру);


114
- Түсіну деңгейін көтеруге ( бейнелеу, салыстыру, түсіндіруден 
қорытуға, бағалау, келелі мәселе) және ой жүгірту, ойды бір 
түйінге келтіру біліктілігін қалыптастыруға басшылық;
- Оқушылардың әртүрлі шығармашылық жұмыстарын 
пайдалану (жұмыс мақсатын, оның орындалу шарттарын 
түсіндіру, мәліметтерді іріктеу және жүйелеуге оқыту, сонымен 
қатар, нәтижені өңдеу және жұмысты реттеуге үйрету);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет