Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет51/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Сабаққа қатысу жүйесі:
1. Мұғалім жұмысының жүйелілігімен, оқыту әдіс-тәсілінің 
үйлесімді байланысымен танысу мақсатында, белгіленген 
сыныпта тақырып бойынша өтілетін барлық сабақтарға қатысу.
2.Оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігіне 
байланысты әдістемелік-тәсілдерді зерттеу мақсатында жұмыс 
күнінің барысында мұғалімнің әр сыныпта өтілетін сабақтарына 
қатысу.
3. Оқушылардың бір күндік оқуында алған ақпараттың 
мөлшерін анықтау, бағалау мақсатында күні бойы бір сыныпта 
әртүрлі мұғалімдердің сабағына қатысу; үй тапсырмасының 
талапқа сай орындалуы, оның бір күндік жалпы көлемі, әр 
сабақта оқушылардың еңбек ету қарқындары.


120
Үй тапсырмасының орындалу сапасы, оқушының 
белсенділігі, ынталылығы оның өз бетімен жұмыс істеуі, әр 
оқушының жүйелі жұмысын зерттеу мақсатында бір сыныптың 
сабақтарына апта бойы қатысу.
Оқу-тәрбие үрдісінің жеке мәселелерін зерттеу мақсатында 
әртүрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысу( өзіндік жұмысты
ұйымдастырудың тиімділігі, оқушылардың арнайы және жалпы 
оқуының, білім және дағдылар дәрежесінің қалыптасуы, пәнге 
қызығушылығын қалыптастыру т.б.)
Сабаққа қатысу мақсатын жіктеу:
1.Мерзімі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, тұрақты, 
ауыспалы).
Мектеп алдына қойылған негізгі және көмекші мақсаттардың 
мазмұнына, педагогикалық кеңесте және кәсіптік жиналыстарда 
талқыланатын сұрақтар ерекшелігіне, әдістемелік жұмыстың 
негізгі бағыттарына тәуелді.
2. Зерттелетін құбылыстың тереңдігі және пайдалану 
шегі:
- жалпы дидактикалық бағытқа белгіленетін, алысты 
көздейтін нұсқау
(танымдық қызығушылықтың дамуы, жалпы оқу білік- 
дағдыларының қалыптасуы);
- жеке дидактикалық бағытқа белгілейтін шағын мақсаттық 
нұсқау (ауызша сөйлеу дамуына бағытталған жұмыстың нәтижесі, 
оқушылардың сабақта шығармашылық жұмысын ұйымдастыру)
3. Мазмұнына қарай – оқу бағдарламасының нақты 
сұрақтарына бағытталған (мұғалімнің математика сабағында 
есептеу дағдыларын дамыту).
Проблемалық – дамытушылық сабақты кешенді талдау 
үлгісі
- Мұғалім және оқушының сабаққа дайындығы;
- Оқушылардың сабаққа іштей психологиялық дайындықтары;
- Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті;
- Мұғалімнің сабақтың білімдік, дамытушылық және 
тәрбиелік міндеттерін жоспарлауы және оларды оқушыларға 
хабарлау;
- Оқушылар білімінің маңыздылығы және іс-әрекеттерінің 
тәсілдері;
- Мұғалім оқытуда проблемалық әдістердің қайсысын 
пайдаланады (ізденушілік, зерттеушілік):


121
- Оқушыларды оқытуда проблемалық әдістерді пайдалану;
- Мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің 
ынтымақтастығы;
- Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемі мен мазмұны;
- Оқушылардың дамуының жақын аймағын анықтау;
- Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- Мұғалімнің проблемалық сұрақ, проблемалық жағдаяттар 
шешімін көрсете білуі;
- Мұғалімнің проблемалық жағдаяттарды тудыру тәсілдерімен 
таныс болуы;
- Оқу проблемасын айқындау ережесін сақтау;
- Оқулықты қолдану, оқулық бойынша іздену жұмысын 
ұйымдастыру;
- Көрнекі құралдардың проблемалық оқыту талаптарына 
сай болуы;
- Оқушылардың арнаулы және жалпы оқу біліктілігін 
қалыптастыру;
- Оқушылардың бойында таным біліктілігінің болуы, 
мәселені айқындай білуі, болжам жасап, оны дәлелдеу жолдарын 
табу, болжамды шешу жолының дұрыстығын тексеру;
- Оқушылардың ойлау әрекеттерін жүзеге асыра білу;
- Оқушылардың әр сабақ кезеңінде танымдық қабілеттерін 
дамытуы;
- Сабақ кезінде кездесетін қиындықтар. Олардың себебі, 
олар қандай тәсілдер арқылы шешілді;
- Оқушылардың үй тапсырмалары проблемалық дамыта 
оқыту талаптарына сәйкестігі;
- Оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, 
дайындығын есепке алу, сараптамалық тапсырмалар беру;
- Оқушылардың еріктілігін, зерделілігін, сезімдерін
танымдық қызығушылығын, сөйлеуін, ойлау қабілетін дамытуға 
сабақтың қосатын үлесі;
- Сабақтың жалпы нәтижелілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет