Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет49/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Жұмыс нәтижесін бекіту:
- Жаттығу жолдарымен дағдыларын қалыптастыру;
- Бұрын меңгерілген білік және дағдыларын жаңа жұмыс 
жағдайында қолдануға үйрету.
Оқушылардың жас ерекшеліктерінің есебі:

Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес 
сабақ жоспарлау;
- Мықты және нашар оқушыларды ескере отырып, сабақ 
өткізу;
- Мықты және нашар оқушыларды деңгейіне қарай саралау.
2. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
- температуралық тәртіп;
- ауаның физикалық-химиялық қасиеті;
- жарық;
- шаршау-шалдығу туралы ескерту;
- іс-әрекет түрлерінің кезектесуі (есептік, тәжірибелік және 
тәжірибелік жұмыстардың орындалуы);
- сергіту сәттерін сапалы және уақытылы өткізу;
- оқушылардың жұмыс орнында дұрыс отыруын қадағалау;
- сынып жиһазының оқушы бойына сай болуы.
3. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
- Сабақ әсерлі, оқуға қызығушылығын арттыратын және 
білімді қажетсінуге тәрбиелейтін болуы керек;
- Сабақтың ырғақтық қарқыны үйлесімді болуы керек
мұғалім мен оқушының іс-әрекеті қорытындылауы тиіс.
- Оқушы мен мұғалімнің арасында толық іс-әрекеттік 
қарым-қатынас тудыру қажет және педагогикалық әдеп пен 
өнеге, педагогикалық оптимизм сақталуы керек;
- Белсенді шығармашылық еңбек ахуалын тудыра білу;
- Оқушылардың іс-әрекет түрлерін мүмкіндікке қарай 
ауыстырып отыру, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін үйлесімді 
байланыстыру;


115
- Мектепте біркелкі орфографиялық тәртіптің сақталуын 
қамтамасыз ету;
- Мұғалім әрбір оқушының оқуға деген белсенділігін 
қамтамасыз етуі тиіс.
Сабақты жоспарлау кезеңдері, мұғалімнің оған 
дайындығы:

бөлім және тақырып бойынша сабақ жүйесін жете дайындау;
- бағдарлама негізінде сабақта әдістемелік құралдың, 
мектеп оқулығының және қосымша әдебиеттердің білімдік –
дамытушылық, тәрбиелік мақсатын анықтау.
- Сабақ мазмұнын іріктеу, мағынасына қарай аяқталған 
блоктарға, бөлімдерге бөлу, бастапқы білімдерін анықтау, 
дидактикалық өңдеу;
- Сабақта оқушы түсініп және есінде сақтайтын негізгі 
мазмұнды таңдау;
- Сабақ құрылымын, оның түрін және әдіс-тәсілдерін 
анықтау;
- Берілген материалдың басқа пәндермен байланысын табу; 
жаңа материалдарды оқытуда осы байланыстарды пайдалану 
және оқушылардың жаңа білім мен дағдыларын қалыптастыру;
- Жаңа білім мен біліктілікті меңгерту, сондай-ақ оны 
қалыптан тыс жағдайларда қолдану мақсатымен сабақ 
барысындағы мұғалім мен оқушының барлық іс-әрекеттерін 
жоспарлау;
- Сабақтың дидактикалық құралдарын жинақтау (кино-
диафильмдер, суреттер, плакаттар, үлестірмелер, сызбалар, 
арнайы әдебиеттер т.б);
- Оқытудың техникалық құралдарының жабдықталуын 
тексеру;
- Мұғалімнің тақтада қолданылатын жазбалары мен 
суреттерін жоспарлау, оқушының осы тапсырманы тақтада 
және дәптерінде орындауы;
- Оқушының дамуына бағытталған сабақта өзіндік жұмыс 
түрлері мен олардың мөлшерін қарастыру;
- Оқушының сабақта және үйде меңгерген білімдері мен 
дағдыларының бекіту түрлері мен тәсілдерін анықтау;
- Оқушылардың біліктілігін тексеру жолдарын жоспарлау;
- Үй тапсырмасының мазмұнын, мөлшерін және түрін 
анықтау, үйге берілетін тапсырманың әдістемесін ойластыру;


116
- Берілген тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысын 
жоспарлау;
- Сабақ барысын және жоспарын талапқа сай жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет