Бақылау парағы
( сабақты талдау және өзіндік талдау)
Жалпы мәліметтер:
- мектеп, сынып, сабақтың өткізілу мерзімі;
- сабақтың тақырыбы, мақсаттары;
Сабақ құралдары:
- мұғалім қандай оқыту құралдарын пайдаланды;
122
- көрнекілік құралдар мен техникалық құралдарды сабақта
пайдалануы;
- сынып тақтасының сабаққа дайындығы.
Сабақтың мазмұны:
- сабақ мазмұнының бағдарламаға және сабақ мақсаттарына
сәйкестігі;
- қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастырады;
- оқушылар сабақта қандай материалдармен бірінші рет
жұмыс істеді, қандай білім, білік, дағдылар қалыптасты;
- сабақтың материалы оқушылардың шығармашылық күш-
қуаттарының, қабілеттерінің дамуына әсер етуі;
- қандай жалпы және арнаулы білік, дағдылары дамыды ;
- пәнаралық байланыс қалай жүзеге асты;
- сабақ мазмұнының оқуға қызығушылықтың артуына әсері;
Сабақтың түрі мен құрылымы:
- сабақтың қандай түрі таңдалған, оның мақсаты;
- берілген бөлім бойынша сабақтар жүйесіндегі осы сабақтың
орны;
- сабақтың ғылымилығы несімен көрінді, оның тәжірибемен
байланысы;
- сабақ кезеңдері қандай, оның логикалық байланыстылығының
дәйектілігі;
- сабақ жүйесі берілген сабақ түріне сәйкестігі;
- сабақтың өту барысы мен қорытындысы қалай қамтамасыз
етілді.
Оқыту ұстанымдарының орындалуы:
- міндеттердің кешенді шешіміне негізделген оқытудың
бағыттау ұстанымы;
- сабақтың ғылымилығы қалай байқалады, оның өмірмен,
тәжірибемен байланысы;
- әр көрнекілік қандай мақсатта қолданылды;
- білім, білік, дағдыны қалыптастырудағы жүйелілік және
бірізділік ұстанымдарының сақталуы;
- оқушылардың сезімі, белсенділігі, өзін-өзі басқаруы қалай
ұйымдастырылды;
- оқушыларды оқытуға басшылық жасау жүзеге қалай асты;
- оқушылардың сабақта дамуы қалай жүзеге асты;
- танымдық іс -әрекетінің қай түрі басым болды
(репродуктивтік, ізденіс, шығармашылық);
123
- оқытуда даралау, саралау қалай орындалды;
- оқушылардың оқуға деген ынтасы қалай көтерілді.
Оқытудың әдіс-тәсілдері:
- қолданылған әдіс- тәсілдер қандай мөлшерде сабақтың
мақсатына сәйкес;
- олар танымдық іс-әрекеттің қай түрін қамтамасыз етті;
- оқушылардың оқу белсенділігін көтеруде қандай әдіс-
тәсілдер қолданылды;
- өзіндік жұмысы қалай жоспарланып өткізілді және
оқушылардың өзіндік танымдық дамуы қамтылды ма;
- пайдаланылған оқыту әдіс-тәсілдердің тиімділігі.
Сабақта оқу жұмысының ұйымдастырылуы:
- әр сабақ кезеңінде оқу мақсатының қойылуы қалай жүзеге
асты;
- әр түрі қалай байланысқан: жеке, топтық, сыныптық;
- оқушылардың әртүрлі іс-әрекетінің алмасуы жүзеге асты ма;
- оқушылардың іс-әрекетіне бақылау қалай ұйымдастырылды;
- оқушылардың білім және біліктері дұрыс бағаланды ма;
- мұғалім оқушылардың дамуын қалай жүзеге асырды
(логикалық, ойлауын дамыту, сыни ойлау, салыстыру іскерлігі,
қорытынды, талдау жасау);
- оқушыларды ұйымдастыруда мұғалім қандай әдіс-тәсілдерді
пайдаланды;
- әр кезеңді және жалпы сабақты қалай қорытындылады.
Мұғалімнің жұмыс жүйесі:
- сабақта жұмысты жалпы ұйымдастыру іскерлігі, уақытты
бөлу, бір кезеңнен келесісіне логикалық ауысуы, оқушылардың
оқу жұмысын басқару, сыныпты меңгеру, тәртіп сақтау;
- оқушыларға оқу жұмысының ұтымды түрлерін көрсету;
- сабақта оқу мәліметтерінің мөлшерін анықтау;
- сабақта мұғалімнің мінез-құлық, жүріс-тұрыс әдебі:
әдеп пен өнеге, сөйлеу екпіні, сырт пішіні, сөйлеу көркемдігі,
сезімталдығы, қарым-қатынас түрі, әділдігі;
- қажет шағын психологиялық ахуал құрудағы мұғалімнің
рөлі.
Оқушылардың жұмыс жүйесі:
- әртүрлі сабақ кезеңіндегі ұйымдастырушылық пен
белсенділік;
- сезімталдықтың тепе-теңдігі;
124
- жұмыстың әдіс-тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейі;
- мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына деген көзқарас;
- негізгі білім және білікті меңгеру деңгейі;
- білім, білік және дағдыларын шығармашылықпен қолдану
іскерлігі.
Сабақтың жалпы нәтижесі:
- сабақ жоспарының орындалуы;
- сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық
мақсатының іске асуы;
- оқушылардың білімді меңгеру және іс-әрекет түрлерінің
деңгейі:
1-ші – қабылдау, түсіну, есте сақтау деңгейінде меңгеру;
2-ші – үйлесімді және ұқсас жағдайларда қолдану;
3-ші – жаңа жағдайда қолдану, яғни шығармашылық;
- сабақ тиімділігі және жалпы нәтижені бағалау;
- сабақтың сапасын жақсартуға ұсыныс.
Сабақты талдау қырлары:
1. Оқу барысының бағытынан, қызметінен шығатын
(сабақтың дамытушылық, тәрбиелік, тәжірибелік бағыты, жалпы
білім-білік және дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың өзіндік
жұмысын ұйымдастыру; танымдық іс-әрекетінің белсенділігі,
пәнаралық байланысты жүзеге асыру т.б);
2. Мұғалім мен оқушының түрлі іс-әрекетінен шығатын;
3. Оқыту барысының құрамынан (мақсаты, міндеті, мазмұны,
түрі, әдіс-тәсілі, оқытуды ойдағыдай ұйымдастыру);
4. Сабақ кезеңдерінен (қабылдауға дайындық, білім, білік
және дағдыларын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту, үй
тапсырмасы, сабақты қорыту т.б.) шығатын.
Сабақты талдау мақсаты:
1. Сабақ беру сапасын, оқушының білім, білік және
дағдыларының сапасын бақылау;
2. Оқу-тәрбие барысының жағдайына бақылау;
3. Педагогқа нұсқау беру;
4. Жоғары педагогикалық шеберлікті меңгеруде көмек
көрсету;
5. Мұғалімнің жетістігі мен сәтсіздіктерінің себебін анықтау,
жұмыстағы кемшіліктерді жеңе білу.
6.Мұғалім жұмысының жүйесін айқындау т.б.
125
Достарыңызбен бөлісу: |