ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология.
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Political science. Regional studies. Oriental studies. Turkology Series
201
№ 1(142)/2023
А.И. Молдалиева, П.К. Килыбаева
Ираннан санкциялар алынып тасталғаннан
кейін елдер арасында ірі жобалар жүзеге
асырылмады деуге болады. 2018 жылы
ашылған жаңа Түркменбашы халықаралық
теңіз порты келешекте Иранның Энзели
және Нека порттарымен және Парсы
шығанағындағы Бендер-Аббас порты арқылы
байланысты арттыруға мүмкіндік береді.
Шавкат Мирзиеев билікке келгеннен
(2016 жылғы 14 желтоқсан) кейін Иран мен
Өзбекстан қарым-қатынасында белгілі бір
ілгерілеу байқалады. Мәселен, 2017 жылдың
қазан айында Өзбекстан делегациясының
Иранға сапары аясында және бизнес-
форумның
қорытындысы
бойынша
кәсіпкерлер 25,5 миллион доллар сомасына
ауыл шаруашылығы және тоқыма өнімдерін
жеткізу туралы келісімге қол қойды.
Сонымен қатар, Иран Гератқа (Ауғанстан)
алғашқы теміржол құрылысын жүргізуде.
Осы жағдайда Өзбекстанда Ауғанстан
аумағы арқылы өзінің көлік желісін Иран
желісімен қосу жобасы қарастырылуда.
Келесі маршрут ең ыңғайлы болып көрінеді:
Термез (Өзбекстан)- Мазари-Шариф – Герат
(Ауғанстан).
«Қытай-Қырғызстан-Тәжікстан-Ауғанстан-
Иран» теміржол құрылысы бағытында бәрі
біркелкі жүріп жатқан жоқ [4].
Қытай Өзбекстан бағытында жаңа көлік
дәлізін іске қосқан кезде, Қырғызстан-
Тәжікстан-Ауғанстан-Иран
теміржол
маршрутын салу жобасының тағдыры
инвестицияның жоқтығынан түсініксіз болып
қалуда [5].
Кейбір
сарапшылар
бұл
жобаны
«тасымалдық және экономикалық жауһар»
деп санайды, ал басқалары, керісінше, «миф»
деп санайды, өйткені бұл Орта Азиядағы
күрделі рельефті таулы жерлерден өтетін
алғашқы теміржол болады.
2010 жылы Иран-Ауғанстан-Тәжікстан-
Қырғызстан-Қытай темір жолын салу
бастамасын көтерді және төрт жылдан
кейін – 2014 жылдың желтоқсанында
Душанбеде өңірлес елдер осы жоба бойынша
уағдаластыққа қол жеткізді. Маршруттың
ұзындығы 2 мың шақырымға жуық болуы, ал
оның 580 шақырымы Тәжікстан арқылы өтуі
керек еді. Жол төменгі Пянджадан басталып,
Руми, Яван, Вахдат, Файзабад және Жиргаталь
аудандарынан Қырғызстан шекарасына дейін
Достарыңызбен бөлісу: