Иран мен Орталық Азия елдерінің көліктік-логистикалық



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата18.05.2023
өлшемі491,86 Kb.
#177109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
organized (51)-198-208

Қорытынды
Иранның Орталық Азияға қатысты сыртқы 
саяси стратегиясын және аймақ елдерімен 
екіжақты 
байланыстардың 
жағдайын,
санкциялар кезіндегі және санкциялар 
бәсеңдегеннен кейінгі Иранның Орталық Азия 
елдерімен көлік логистикасы саласындағы 
ынтымақтастығы қарастырылды.
2014 жылы Қазақстан – Түрікменстан – Иран 
(«Солтүстік – Оңтүстік» ККМ Шығыс бағыты) 
тікелей теміржол бағытының пайдалануға 
берілуі, 2016 ж.ақпанда Шығыс Қытайдан 
Парсы шығанағы нарықтарына жүктерді 
(10 тәулік) жылдамдықпен жеткізудегі 
алғашқы логистикалық шешім болып 
табылатын Қытай – Қазақстан – Түрікменстан 
– Иран жаңа бағытының ашылуы екі жақты 
және көп жақты келісімдердің нәтижесі. 
Көптеген ауқымды жобалар бар және қайта 
жаңғыртылуда.
Иранның 
аймақ 
елдерімен 
ынтымақтастығы сауда, энергетика, көлік, 
мұнай-газ саласы сияқты салаларда мүмкіндігі 
мол. Бұл ретте ұзақ мерзімді перспективада 
мұндай ынтымақтастық Иранның сыртқы 
саясаты басымдықтарының бірі болады.
Сонымен қатар, Иранның Орталық Азияға 
«қақпа» рөлін және мұнай-газ құбырлары 
мен көлік жолдарының транзиттік бағытын 
қамтамасыз ету міндеттері АҚШ-тың Иранға 
қарсы санкцияларымен және ОА аймағындағы 
АҚШ-Ресей 
геосаяси 
бәсекелестігімен 
қиындады. 
Бүгінгі 
таңда 
Иранның 
қатысуымен Орталық Азия аумағынан 
жоспарланған 
мұнай-газ 
жобаларының 
көпшілігі аяқталған жоқ, бұл негізінен 
ағымдағы геосаяси күрестің нәтижелеріне, 
соның 
ішінде 
Иранның 
төңірегіндегі 
ахуалдарға байланысты болды. Сонымен 
қатар, Иранға қарсы санкциялардың Орталық 
Азиядағы экономикалық процестерге ұзақ 
мерзімді теріс әсері ОА мемлекеттерін ең 
ыңғайлы, сенімді және болжамды инвестор 
ретінде Қытайға бағыттайды. Тегеран мен 
ОА елдері белгілі бір мәмілеге келу және 
позицияларды 
жақындастыру 
арқылы 
Каспий ынтымақтастығын жандандыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет