ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология.
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Political science. Regional studies. Oriental studies. Turkology Series
199
№ 1(142)/2023
бар Орталық Азиядағы жаңа мемлекеттермен
халықаралық деңгейде қатынастар орнатты.
Зерттеудің мақсаты болжамдау әдіснамасы
форматында Иран мен Орталық Азия
елдері арасындағы көлік логистикасының
даму жағдайы мен перспективаларын
сарапшылар зерттеулері негізінде зерделеу
және модельдеу (модельдеудің өзі жүйелік
тәсілдің бөлігі) кезінде оларды жүйелік
талдау объектісі ретінде анықтай отырып,
нақты қалыптасқан
мәселелерді беруге және
шешуге тырысамыз. Орталық Азия негізінен
дәстүрлі түрде «үлкен ойыншылар» - Ресей,
АҚШ, ҚХР және басқа да аз ықпалды, бірақ
белсенді сыртқы ойыншылардың саясаттары
мен стратегияларының ықпалы мен қарама-
қайшылығы тұрғысынан зерттеледі.
Үш ірі өркениеттің шекарасы тоғысында,
күрделі тарихы мен халықтың түрлі этно-діни
құрамы бар Орталық Азия аймағы Хантингтон
тұжырымдамаларында потенциалды «оқ-дәрі
қоймасы» ретінде жиі қабылданады. Шетелдік
зерттеулердегі
аймақтың
стереотиптік
маңыздылығы оның жер қойнауында орасан
энергетикалық
және
табиғи-ресурстық
әлеуеттің болуы тұрғысынан қарастырылады.
Бірақ Орталық Азияның мұхит пен теңіз
коммуникацияларына
тікелей шығу жолы
жоқ, нәтижесінде ол шекаралас мемлекеттерге
көлік-транзиттік және басқа да тәуелділікке
ұшырайды.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары, КСРО
ыдырағаннан кейін Иран тарихи және
мәдени тұрғыдан оған жақын Тәжікстан
Республикасымен Орталық Азияда белсенді
саясат жүргізе отырып, этникалық және
тілдік жақындыққа баса назар аударғаны
белгілі. Дегенмен,
алдағы уақытта оның
байланыстарының
шекаралары
едәуір
кеңейіп, қазір Иран Орталық Азия
аймағындағы
барлық
мемлекеттермен
белсенді ынтымақтастық орнатты.
Иранның Орталық Азия аймағындағы
белсенділігі түрлі – идеологиялық, мәдени,
экономикалық
салаларды
қамтыды.
Аталған аймақтардың барлық елдерімен
екіжақты қарым-қатынастар орнатылғанына
қарамастан, ИИР-ның олардың әрқайсысымен
ынтымақтастығы Иранның белгілі бір елге
деген мүдделеріне байланысты әр түрлі
деңгейде болды. Орталық Азия елдеріндегі
Иранның «жұмсақ күші»
негізінен олардың
аумағындағы Иран мәдени орталықтарының
қызметінде көрінді, «Иран мәдениетін
экспорттауда» парсы тілі мен әдебиетіне
маңызды рөл берілді.
1990 жылдардың басында Иран этникалық
және тілдік жақындыққа баса назар аударып,
аймақтағы белсенді саясатты Тәжікстанмен
мәдени тұрғыдан жақындастыра бастады.
Алайда, содан кейін Тегеранның
Орталық
Азиямен
байланыстары
тар
«тәжік
шеңберінен» шығып, қазір аймақтың барлық
мемлекеттерін әртүрлі шамада қамтиды [1,
107 б.].
Сыртқы
күштердің
Орталық
Азия
аймағына әсері туралы кең мағынада айта
отырып, Иранды аймаққа белгілі бір әсер
ететін сыртқы
ойыншылардың бірі ретінде
атап өтпеуге болмайды.
Ал Орталық Азиядағы Иран бағыты
әрдайым ұтымды және ұстамды болды.
Иран экономикалық басым салаларға
сауда, логистика және энергия ресурстарын
тасымалдауды жатқызады.
Орталық Азия елдері де Иранға мүдделі,
өйткені ИИР тасымал (шығанаққа шығу)
және энергетикалық проблемаларды шеше
алады, сауда қатынастарын дамытады және
технологияларды ұсынады, 1985 жылы
құрылған Экономикалық ынтымақтастық
ұйымына (ЭЫҰ), Ислам ынтымақтастығы
ұйымына (ИЫҰ),
мұнай экспорттаушы
елдер (ОПЕК) ұйымына ықпалы бар.
Орталық Азиядағы позицияларды нығайту
Иранға өзара байланысты бірқатар маңызды
міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Көлік-
коммуникация
саласындағы
бірлескен
жобаларға ерекше назар аударылады..
Иран мен аймақ елдерінің екіжақты
ынтымақтастыққа
өзара
мүдделілігін
негіздейтін факторлар ерекшеленеді.
Орталық Азия аймағы елдері мен ИИР
қарым-қатынасының түрлі салалары бойынша
жалпыға қолжетімді ақпараттық ресурстар
шектеулі, аймақты тұтас түсіну бойынша
мамандардың саны шектеулі деуге болады.
Орталық Азияны түсіну, зерттеу және оған
А.И. Молдалиева, П.К. Килыбаева
200
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х
Иран мен Орталық Азия елдерінің көліктік-логистикалық саладағы...
қоса болжамдау тек осы аймақтағы елдердің
өкілдеріне ғана мүмкін болады. Орталық
Азия елдерінің сарапшылары, әрине, түрлі
зерттеулерге қатысады, бірақ, әдетте, бұл
шетелдік сарапшылардың қатысуы бар
көпұлтты жұмыс топтары болады. Орталық
Азиядан (шетелдік өкілдерсіз) және аймақтың
барлық бес елінен сарапшылар ғана қатысқан
зерттеу ерекшеленеді және нақты нәтиже
береді деуге болады.
Зерттеу еңбегінде геосаяси, жүйелік-
аналитикалық және тарихи, экономикалық
және социологиялық тәсілдерді біріктіретін
көпсалалы
тәсіл
ең
орынды
болып
таңдалды.
Халықаралық
құбылыстарды
жүйелі талдау және стратегиялық талдау
әдісі маңызды болып табылады. Зерттеу
әдістемесіне келетін болсақ, ол халықаралық
ынтымақтастықты
ұйымдастырудың
мәлімделген принциптерінен туындайды,
сондықтан зерттеуде неореалистік және
неолибералдық
тәсілдерінің жиынтығына
сүйенеді. Орталық Азиядағы геосаяси
процестердің геоэкономикалық аспектілері
— энергетикалық және көлік дәліздерінің
саясаты және Орталық Азия мемлекеттері
үшін геосаяси үрдістердің алдын ала
қорытындылары зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: