2 Иран мен Орталық Азия елдері: көлік және логистикалық жүйелердің ахуалы мен мүмкіндіктері Иранның ұзақ мерзімді негізде батыс
санкцияларының күшін жою перспективалары
осы елдің транзиттік әлеуетін Орталық Азия
үшін неғұрлым толық пайдалану туралы
мәселені күн тәртібіне қайта қойды.
Соған қарамастан, біртіндеп Орталық
Азияда жаңа көлік жүйесі қалыптасуда,
алайда Қытайға қарай бет бұруда.
2006 жылға қарай Теджен-Серахс-Мешхед
(1996 жылы Иран мен Түркіменстанның
теміржол желісін біріктірген) темір жолы
арқылы Иран бағытында 14 млн. тонна
транзиттік жүк, негізінен мұнай өнімдері,
сұйытылған газ, құрылыс материалдары,
химиялық тыңайтқыштар, металл прокаты,
тоқыма, мақта тасымалданды.
Қазақстан-Түрікменстан - Иран (КТИ)
жолын салу туралы келісімге 2007 жылы
үш мемлекеттің басшылары қол қойды,
жұмыстардың өзі 2009 жылы басталды. Бұл
бағыттағы тораптар қазақстандық Өзен
станциясы, түркімендік Қызылғая, Берекет
және Этрек, сондай-ақ ирандық Горган болды.
Магистралдың ең ұзын бөлігі - шамамен 700
шақырымдық
магистраль-Түркіменстан
аумағына келеді. Қазақстандық учаске (120
км) бірінші болып - 2012 жылы аяқталды, ал
2013 жылы ол Қызылғая - Берекет түрікмен
учаскесімен түйістірілді. Өзен-Горган бағыты
қазақстандық Бейнеуден Иран Мешхедіне
(1996 ж.салынған) дейінгі жолдан 600 км
қысқа, ол Дашогуз, Түркменабат, Теджен
және Серахс түрікмен елді мекендерінен
өтеді. Үш ел өкілдерінің айтуынша, жүктерді
ауыстырып тиеу жылына 3 млн тоннадан 10
млн тоннаға дейін өседі.
Иранға қатысты санкциялардың әлсіреуіне
Ресей,
Қазақстан,
Түркіменстан
және
Иранды жалғайтын Каспий маңы темір
жолы жобасының қатысушылары үлкен үміт
артады. Бұл теміржол Солтүстік-Оңтүстік
дәлізінің бөлігі ретінде қарастырылады.
2014 жылы Өзен — Берекет — Горган
теміржолының
құрылысы
аяқталды
Қазақстан, Түрікменстан және Иранды
байланыстырған, «Солтүстік – Оңтүстік» жаңа
теміржол дәлізінің ашылуы маңыздылығын
бағалау күрделі болатын, тарихи оқиға.
Бұл пікірді Иран президенті Хасан Роухани
теміржолдың 3 желтоқсан 2014 ж. ашылуына
арналған митингте айтты.
«Біз бүгін ашып отырған жол тек үш
елді ғана байланыстырып отырған жоқ.
Оның іске қосылуымен Ресей, Түркия, Батыс
Еуропа және Жерорта теңізі елдері үшін
Парсы мен Оман шығанағына, Қытайға және
басқа да Шығыс елдеріне шығу оңайырақ
болады. Біз аймақ елдерімен экономикалық
байланыстарды нығайту жолында тек бірінші,
бірақ өте маңызды қадам жасадық. Мұның
соңы емес екеніне және осы бағытта жаңа
қадамдар болатынына сенімдімін, - деп атап
өтті Иран президенті» [9].
Осы темір жолдың жанындағы Хорасан-
Резави
провинциясында
орналасқан
«Серахс» еркін экономикалық аймағы,
Орталық Азиядағы аймақтық сауданы
ынталандыруға
және
қолдауға
үлкен
үлес қосатын, логистикалық және қойма
қызметтерін ұсынатын өзіндік қақпа ашылды.
Орталық Азия және халықаралық жүк
тасымалдаушылар мен экспорттаушылар
үшін «Серахс» АЭА тартымдылығын
арттыру үшін Тегеран бірнеше жылдан бері
оны басқа Иран АЭА-мен интеграциялау
бойынша шараларды іске асыруда. 2008
жылы «Серахс» АЭА Парсы шығанағының
жағалауында орналасқан «Кешм» АЭА-мен
екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы
Меморандумға қол қойды. Меморандумға
сәйкес, Шахид Раджаи (Бендер-Аббас)
портының базасында жүктерді қоймалау,
ауыстырып тиеу және қайта экспорттау
мақсатында бірлесіп пайдалану үшін жүк
терминалы салынуы тиіс еді.
Иран билігі «Серахс» АЭА-ны «Чабахар»
АЭА-мен біріктіруге күш салуда, ол
Үнді мұхитының жағасында тиімді орын
алады және тар Ормуз бұғазын айналып
өтуге мүмкіндік береді. Осы екі АЭА-ның
интеграциясы Шығыс көлік дәлізі деп
аталатын жобаны құру шеңберінде өтуде,
мұнда Солтүстік нүкте Серахс, ал оңтүстік
нүктесі-Чабахар. Сарапшылар Шығыс дәлізді