198
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х
А.И.
Молдалиева
П.К. Килыбаева
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті, Астана,
Қазақстан
(E-mail: miakdidar@mail.ru, banu-kk@mail.ru)
МРНТИ 11.25.67
Иран мен Орталық Азия елдерінің көліктік-логистикалық
саладағы ынтымақтастығы (1990 – 2022 ж.ж.)
Аңдатпа.
Иран Орталық Азияда тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан бері, геосаяси ай-
мақты қалыптастыруда маңызды рөл атқара бастады. Мақалада Иранның Орталық
Азиядағы негізгі мүдделерінің шеңбері талданады. Халықаралық қатынастардың қазіргі
жағдайы тұрғысынан Иранның Орталық Азиядағы саясатының геосаяси және эконо-
микалық аспектілеріне назар аударылады. Тегеран мен Орталық Азия елдерінің ын-
тымақтастығына қатысты энергетикалық және көлік-логистикалық фактордың ай-
мақтағы Иран стратегиясына ықпалы бағаланады. Орталық Азияның бес мемлекеті өз
мүдделерін Иранмен серіктестікте толық көлемде жүзеге асыруға ұмтылды. Авторлар
көлік-коммуникация, энергетика салалардағы бірлескен жобаларға баса назар аударады.
Екі ел ынтымақтастығының негізгі салалары «Солтүстік- Оңтүстік» халықаралық
көлік дәлізін құру шеңберінде трансшекаралық көлік инфрақұрылымын қалыптасты-
ру, сондай-ақ энергетика, газ және мұнай өндіру және экспорттау болды. Иран тарапы-
ның бірқатар ауқымды көліктік-логистикалық жобаларды іске асырумен байланысты
болжаулары оның саясатына түзетулер енгізу қажеттілігі туралы мәселені туғызады.
Орталық Азиядағы ИИР-ның саясаты туралы аз жазылады және айтылады, және оның
бұл аймақта белсенділігі төмен деңгейде болғаны көрінеді. Американдық санкциялық
қысымның қайтадан басталуы мен қатаюы Иран экономикасын қиын жағдайда қалды-
рды. Мұндай жағдайларда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда қаржыландыру-
дың қажетті көлемінің болмауына байланысты да, түрлі геосаяси жағдайларға байланы-
сты да айтарлықтай қиындықтар туындады. Соңғы жылдары Иранның стратегиясы
өте сақ және қайшылықты болып қала берді. Бір жағынан, Тегеран АҚШ-тың мүдделері
мен қысымынан тәуелсіз аймақтық энергетикалық серіктестікті күшейтуге тыры-
сады. Осыған байланысты Иран ОАА елдерімен энергетика саласындағы екіжақты ын-
тымақтастықты нығайтуда. 2016 жылдың қаңтарында Иран Ислам Республикасынан
санкцияларды алып тастау дамудың жаңа кезеңін ашты.
Түйін сөздер:
Иран Ислам Республикасы, Орталық Азия, Түркіменстан, Тәжікстан,
Қазақстан, Қырғызстан, көлік логистикасы, халықаралық көлік дәлізі, транзиттік әле-
ует, санкция.