204
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х
оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядан
Ауғанстанға, Орталық Азия мен Ресейге жүк
транзиті үшін ең перспективалы және үнемді
бағыттардың бірі ретінде таниды [10].
Осыған байланысты 2010 жылдың соңында
«Чабахар-Захедан- Мешхед» (ұзындығы—1330
км) ауқымды теміржол жобасының бөлігі
ретінде Чабахар-Захедан (ұзындығы — 570 км)
теміржол тармағының құрылысы басталды.
Бұған қоса, 2018 жылға дейін Иранның
солтүстігінде екі пунктте-Серахсада және
Түркіменстанмен шекарадағы Баджигаранда
басталатын
«Солтүстік-Оңтүстік-Шығыс»
автожол
дәлізінің
жобасын
аяқтау
жоспарланды.
Дәліз Каспий теңізіне қатысты жүктердің
үш негізгі бағытын көздейді,
соның Шығыс
бағыты-тікелей теміржол қатынасы. Оның
ескі тармағы Қарақалпақстан (Қазақстан,
Өзбекстан, Түркіменстан) арқылы өтіп,
Теджен - Серахс шекара өткелі бойынша
Иранның теміржол желісіне шығады.
Арбаларды ауыстыру Серахс станциясында
жүзеге асырылады
Жаңа
тармақ
Болашақ
арқылы
(Қазақстаннан тікелей Түркіменстанға) 2014
жылы салынды және Иранға Этрек - Горган
шекара өткелі бойынша шығады [11].
Ашхабад келісімі 2016 жылғы 23 сәуірде
күшіне енді. Оның алдында 2014 жылы
тамызда
Маскатта
Оман,
Өзбекстан,
Түрікменстан, Иран және Оман Сыртқы істер
министрлері қол қойған Өзара түсіністік
туралы Меморандум болды [12]. Ол елдердің
жүк тасымалы мен транзитінің жылдамдығын
арттыруға ықпал ететін көлік жолын құру
ниетін бекітті.
Қазақстан Республикасы «Иран
Ислам
Республикасының, Оман Сұлтандығының,
Түркіменстанның
және
Өзбекстан
Республикасының
Үкіметтері
арасында
халықаралық көлік және транзиттік дәліз
құру туралы (Ашхабад келісімі)» келісімге
қосылды.
Қазақстан Республикасының Ашхабад
келісіміне
қосылуы
туралы
тапсырма
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Иран Республикасы Президентінің
2014 жылғы 8-9 қыркүйектегі кездесуінің
қорытындылары бойынша берілді [13].
Жобаны іске
асыру көлік маршруттарын
– Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік
дәлізінің қазақстандық учаскесін, орталық
Трансазиялық темір жол магистралын,
сондай-ақ
Парсы шығанағы порттарына
шығуды және тұтастай алғанда
Қазақстан
Республикасының транзиттік әлеуетін іске
асыруды дамытуға ықпал етеді. Қазақстан
Республикасының осы Келісімге қосылуы
Ашхабад келісімінің барлық құрылтайшы-
тараптарымен келісілді.
Жобаны іске асыру көлік маршруттарын
– Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік
дәлізінің қазақстандық учаскесін, орталық
Трансазиялық темір жол магистралын,
сондай-ақ Парсы шығанағы порттарына
шығуды және тұтастай алғанда Қазақстан
Республикасының транзиттік әлеуетін іске
асыруды дамытуға ықпал етеді.
«Солтүстік – Оңтүстік» ККМ-нің
халықаралық көлік дәлізінің басқа бағыттар,
соның ішінде теңіз бағыттары алдындағы
басты артықшылығы – тасымалдарды жүзеге
асыруға жұмсалатын уақыт шығындарын
едәуір қысқарту. Оның іске қосылуы Еуразия
ішіндегі сауда және инвестициялық әріптестікті
дамыту үшін негіз болатын макроаймақтық
көліктік-логистикалық жүйенің – еуразиялық
көлік тірегінің қалыптасуына ықпал етер еді, -
деп атап өтті Еуразиялық тұрақтандыру және
Даму Қоры
жобалық блогының атқарушы
директорының орынбасары – бас экономис
Евгений Винокуров Таяу Шығыс - 2022
конференциясының төртінші сессиясында
сөйлеген сөзінде [14].
Және бүгінде «Солтүстік – Оңтүстік» ККМ-
нің табысты жұмыс істеуіне ықпал ететін
бірқатар факторлар бар. Олардың қатарында
– ЕАЭО – ның Үндістанмен, Иранмен және
Оңтүстік Азия мен Парсы шығанағының басқа
елдерімен өзара іс-қимылын жандандыру,
«Солтүстік-Оңтүстік» ККМ-нің ендік көлік
маршруттарымен тоғысу әлеуетінің де едәуір
болуы, цифрландыру процестерін жеделдету
және қаралатын климаттық мәселелер бар.
Зерттеулерде «Солтүстік – Оңтүстік» ККМ
жүк әлеуетіне баға берілді, онда 2030
жылға
Иран мен Орталық Азия елдерінің көліктік-логистикалық саладағы...
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология.
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Political science. Regional studies. Oriental studies. Turkology Series
205
№ 1(142)/2023
қарайғы перспективада жүк тасымалдау
потенциалы 14,7-ден 24,5 миллион тоннаға
дейін құрайтыны болжанады .
Көлік саласының алдына жаңа сын-
қатерлер
мен
бірқатар
логистикалық
шектеулер қоятын, санкцияларға байланысты
пайда болған 2022 жыл, «Солтүстік-Оңтүстік»
халықаралық көлік дәлізінің дамуына жаңа
серпін берді – бұған дейін Балтық бассейні
порттары арқылы жөнелтілетін экспорттық
жүк ағындарын
біртіндеп қайта бағдарлау
жүріп жатыр.
Бүгінгі күні «Солтүстік–Оңтүстік» ККМ
маршруттарында кешенді логистикалық
сервистерді дамыту және көлік қызметтерін
жетілдіру Еуразиялық әріптестікті және ЕАЭО
елдерінің Кавказ, Иран, Үндістан елдерімен
байланыстарын нығайту, сондай – ақ Каспий
бассейні, Парсы шығанағы елдерінен және
Үндістаннан Ресей инфрақұрылымына және
бұдан арықарай т. б. транзиттік ағындарды
тарту үшін экономикалық жағынан ақталған
шаралар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: