studу» салыстыру түрі ең кең тараған салыстыру стратегиясы. Нақты өмірде болған оқиғаны
алып, жағдаятпен жұмыс жасау. Оған үлгі ретінде төменде бірнеше мысалдар келтіреміз.
Кейс-стади əдісі. Жағдаят
( төменде 2 жағдаяттарға үлгі-мысалдар көрсетілді)
Жағдаят 1.
2016 ж. Ресеймен Сириямен арақатынасы қиындаған Түркия мемлекеті де қазір
туризм науқанын жандандыруға кіріскен еді. Осы мақсатта Түркия мемлекеті əлем елдеріне
соның ішінде Қазақстан азаматтарына да Түркияға
демалысы барысында олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге даяр екендіктерін жеткізді. Демалыс орталығы саналатын
Антальяның 5 жұлдызды мейманханаларының туристерге қызмет көрсетуі мен қамтамасыз
ету бөлмелерінің демалыс құнын 70%-ға төмендегенін айтып туристерді шақырған еді.
Дегенмен отандық турагенттік қызметкерлері соңғы уақыттарда Түркияға
демалыс
шараларымен басқа да сапарлармен шығатын қазақстандықтардың күрт азайғандығын
жеткізді. Ал еліміздің сыртқы істер министрі Түркия қазақстандықтардың демалуы үшін
қауіпсіз аймақ болып табылады деген мəлімдемесі жарық көрді.
Жағдаят 2.
ҚР «Тіл туралы Заңының» 4 –бабында "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
- қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында
қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу жəне iс
қағаздарын жүргiзу тiлi делінген. Ал, 11-бапта «Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын
жауап тiлi Мемлекеттiк жəне мемлекеттiк емес ұйымдардың
азаматтардың өтiнiштерi мен
басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде
берiледi» делінген.
Достарыңызбен бөлісу: