Қазақ сұлтандарының түқымынан тараған. К өптеген жылдар бойы ә з
Т әук ен ің карамағында болып ө зін ің іс-тәж ір би есін толықтырды, оның
ықпалында жүрді. Осы кездерде ол өзін соғыс ісіне жетік білетін, шебер
ұйымдастырушылык қабілеті бар, білімдар адам ретінде танытып, ел
қүрметіне бөленді. Осылай өзін ің ерік-күш , ж ігерінің арқасында даңқы
шығып, хандыққа колы жетті (мүрагерлік жолмен емес).
1723 жылға дейін Түркістанда түрды. Одан кейін Бұқара мен Хиуа шека-
расындағы көшпенділердің арасында біраз жыл жүрді.
1726 жылы қазак халқының жоңғарларға қарсы күресі басталғанда ол
Түркістанға қайта оралды. Ордабасы тауы бөктеріндегі кеңесте оны казак
жасактарының бас колбасшы етіп тағайындады. Ол ержүрек, айлалы батыр
еді. Оның үстіне шабуылды ұйымдастыруға өте қабілетті, айлакер колбас
шы екенін бұрыңғы ұрыстарда көрсеткен болатын. Сол қаһармандығын ол
тағы да паш етті.
Әбілхайыр ішкі, сыртқы саясатта өзінен бүрыңғы хандардың ж іберген
қателіктерін кайталамауға тырысты. Жоңғарлармен үздік-создық соғыстың
бітетін түрі жоғын сезіп, ол үшін көршілердің көмегі керек екенін де жақсы
үқты. Біріккен қалың күш қана адуынды жаудың бетін қайтара алады деген
ойдан бір сәт арылмады. Ондай қуатты күшті көрші Ресейден үміт етуге
тура келеді. Осы ниетін орындау мақсатында Әбілхайыр Р есей ге өз
елшілерін жіберді. Оларға қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы
келіссөз жүргізуді тапсырды.
Қазақстан өзінің Ресейдің қарамағына кіруге ұсынысын 1730 жылы пат-
шайым Анна Иоановнаның кезінде жасаған еді. Ол кезде I Петр қайтыс
болған. Бұл көкейтесті ой тіпті I Петр к езін де-ақ бұрынғы қазак
билеушілерінің көңілдерінде жүрген.
Достарыңызбен бөлісу: |