1731 жылы Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің алқасы Әбілхайырға М.Тевкелев бастаған елшілер жіберді. Оған қазақ елін Ресей қарамағына өту жөнінде келіссөз жүргізу жүктелді. Келісімге 1731 жылы Қазанда қол жетті. Бірақ оған кейбір сүлтандар мен билер наразылық білдірді. Ол мем- лекет әлі де бір орталыққа бағынбаған ел басқару саясатында тұрақтылык байқала қоймаған кез еді. Өндіріс күшінің өсуі де бәсең-тін. Әскер де ойда- ғыдай жарақтандырылмаған, ортақол қаруланған тұс-тұғын. Әбілхайыр осы Солтүстік-батыстан арқа сүйейтін елді іздеді. Ол, әрине, Ресей. Егер еңкейсең, бауырына қысып қайырымды болары, шалқайсаң жо- нын күжірейткен жолбарыстай айбат шегіп бас салары анық. Әбілхайыр алғашқысын тандады. Ел тыныштығын ойлап, еңкеймеуге амалы қалмады. Үйғарымы оң болды. Арқа сүйері бар болған соң ол Хиуаға қарай жортуы- лын бастады. Ол жерден ирандықтарды қуып шығып, бірнеш е жыл бойы, Хиуаны билеп тұрды. Біздің кейбір замандастарымыз Әбілхайырдың ұйғарымы қателік, патша- лық Ресей үкіметіне өз еркімен қосылып, қазақ халқының мүддесін сатты деп кінәлайды. Бұл пікірді жөн деуге болмайды. Ондай көзқарастағылар өз халқының өткен жолын, оның ішінде Тұранның тарихын білмейтіндер деп айтудан басқа лажымыз жоқ. Әбілхайыр бұл тәуекелге алыстан болжап барды. Ол Ресей мен Қытай сияқты аждаһадай алып мем лекеттердің екі ортасында жем болғысы келмеді. Тарихи мәліметтерден байқағанымыз, Әбілхайыр өте дарынды кісі болт ан. Теле би бабамыз билер кеңесі мен атақты сұлтандар ортасында отырып: “Әбілхайыр -қалы ң қауымды ұйымдастырушы, ақылды қайраткер, айлалы күшімен әскери шабуылды жетік білетін жетекші” деп бағалаған. Әбілхайыр жеке басының қамы үшін қазақтың бас ханы болуға да тыры-