құштарлар туған елінің тарихын өз назарларынан тыс қалдырмауға тырыс-
қан. Сондай бағытта жазылған М. Тынышбаевтың “Қ азақ тарихы
мәселелерінің очеркі” атты аса құнды еңбегі қазіргі зерттеушілердің де та-
нымына таптырмайтын туынды дер едік.
1925-1926 жылдары Тынышбаев Қазақстанның жаңа астанасы Қызылор-
даның қалалық шаруашылығын басқарды. 1927-1930 жылдары Түркісібтің
бас инж енері міндетін атқарды. Білімді инж енердің іскерлік қабілетін
көрегендікпен танып, атақты Түркісіб құрылысына шақырған Тұрар Рысқұ-
лов екенін жоғарыда айттық. Тұрар ол кезде РСФСР Халық Комиссарлар
К еңесі төрағасының орынбасары әрі Х К К жанындағы Түркісібті салуға
қатысты комитеттің төрағасы еді. Мүхамеджан Тынышбаевтың ұсынысы
бойынша Шоқпар нұсқасы қабылданды. Шығын аз кететін бұл нұсқаның
нәтижесінде құрылыс бір жыл ерте бітті.
Өкінішке орай 1932 жылы Мүхамеджан Тынышбаев тұтқындалып, Воро-
неж ге жіберілді. Осында М әск еу-Д он теміржолының жобалау бөлімінде
инженер болып жүрді. 1937 жылы халық жауы деген жаламен атылды.
1905 жылғы автономияшылар съезінде жасаған баяндамасында Тыныш
баев Ресей империясының тұрғындары жөнінде дәйекті деректер келтірді.
Үлы орыстықтар - 55,7 млн, кіші орыстықтар - 22,5 млн, поляктар - 8
млн, белорустар - 5,9 млн, еврейлер - 5 млн., қазақтар - 4,1 млн. адам
болған. Міне қазақтар сан жағынан алтыншы орында екенін көреміз. Ал,
кейбір ол кездегі мәліметтерге қарағанда қазақтар саны 5,5 млн. адам. Бұл
соңғы көрсеткіштің дұрыстығына көз жеткізетініміз сол, ол кезде қазақтар
балаларын санақтан жасырып жазбаған. Өйткені, қазақ ырымында көп ба-
лалы деген сұқ көзден қорыққан. Бұл деректерді келтіре отырып,
М ұхамеджан ел теңдігі туралы м әселе қозғайды. Ол 5,5 миллион халык
Достарыңызбен бөлісу: |