Азия бюросының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1929-1937 жылдарда әртүрлі халық шаруашылығы саласында белсенді қызметтер атқарды. Егер Сұлтанбек Қожанов сынды халық қамқоры болған қайраткерлердің алға қойған ой-мақсаттары орындалған болса, қазіргі күндері Түркістан мемлекеті дүниені дүр сілкіндіріп түрар еді. Амал не, олардың тағдырына тұсау салынды. Сұлтанбек Қожанов жанын жегідей жеп, жатса-тұрса ойынан кетпеген ой-пікір ұсыныс, идеяларын жазып, жариялады. Күрескердің көсем сөз, жазушылық өнерінде де өткір әңгімелері мен сыр-сипатты мақалалары көп. Қазақ әдебиетінің қалыптасып, өркендеп өсуіне қосқан үлесі қомақты. МҮХТАР ОМАРХАНҮЛЫ ӘУЕЗОВ
1897-1961
ж. ж. Мұхтар Әуезов 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданында туған. Зама- нымыздың заңғар жазушысы. Қазақ Ғылым Академиясының академигі. Әлемдік әдебиеттің классиктерімен есімі қатар аталатын көрнекті сурет- кер. Ол — қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Бала Мұхтардың сандық-сандық кітап жинайтын атасы Әуез зиялы кісі болған. Ол өзінің немересіне әріп үйретіп, сауатын ашады. Мұхтар көпті көрген ш ежіре қарттың әңгімелерін тындап өседі. Атасының үйретуімен ұлы ақын Абайдың өлендерін жаттап, көкірегіне құя біледі. Он жастан асқ- анда Мұхтарды ағасы Қасымбек Семейдегі орыс мектебіне орналастырады. Оны бітірген соң, қалалық училищеге түседі. Одан кейін оқу-білімге ынта- лы Мұхтар мұғалімдер семинариясында білімін әрі қарай жалғастырады. Осы семинарияда оқып жүргенде, жиырма жасында небәрі жеті күннің ішінде “Еңлік-Кебек” пьесасын жазады. Оны ауылда Әйгерімнің қос киіз үйін жапсарлата тіккізіп, елге көрсетеді. Қоюш ы реж иссері де, суф лері де Мұхтардың өзі болады. Мұны жергілікті жердегі азулы би-болыс өкілдері ұнатпайды.Ол заманда феодал-