зарту қажет,— дейді Бируни.— Өйткені билік үшін күрес, көре алмаушылык. бір жақтылык т. б. әдеттердің тамыр алуы - адамды шындық алдында соқыр етіп көрсетеді” Өмірінің соңғы жылдарында Бируни филологиямен шұғылданады. Бірак ақырғы еңбегін аяқтай алмады. Бируни 1048 жылы Газна қаласында қайтыс болады. Сол уақыттағы оның ғылымға сіңірген еңбегі ерекше еді. Геометриялық үзындық пен енді анықтау әдісі Бируниге тән. Геология мен фармакогнозияға (шөп касиеттері) араласқан, география саласында теңіз туралы теорияны өңдеген, математиканың дамуы мен геодезиялык мәселелерді шешуге үлес қосқан ж әне астрономиялық көлемнің негізін са- лған Бируни еңбектері, айта берсек, аса құнды дүниелер. Ол — әдеби етш і, араб поэзиясы ны ң аударм аты сы , сон дай -ақ өте білімдар тарихшы болды. Шығыстанушы, ірі орыс ғалымы Б. Р Розен Бирунидің Индия туралы еңбегіне катысты былай дейді: "Бүл ецбектен діндік, нәсілдік ж әне ұлттық жағынан ерекшеленген топтың нанымы мен сенімінен белек, садыстырмалы әдісімен жаңа ғылымды мықты меңгерген байқампаз, білімнің мәнін жете түсінген, көптеген деректерге өзіпдік пікірі бар сыншының рухы сезіліп тұр. Бір сөзбен айтқанда, нағыз ғылымныц лебі Асанбай А С Ң А Р О В
Үлы Тұранның Ү лдары 41 білінеді. Сондай-ақ бұдан шындықты аңсаған, оны бәрінен де биік көретін ниетті байқаймыз...” Бируни — тек Тұран ғана емес, бүкіл адамзат тарихын- дағы ұлы тұлға. ӘБУ ӘЛИ ИБН-СИНА
Орта ғасырдағы Шығыстың данышпан ғалымы Ибн-Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхараға жақын жердегі Абшан ауылында туған. Оның әк есі— А б дуллах Бұхараға Нух ибн-М ансұр тұсында Балха қаласынан келген, ал