Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


орналасқан. Араб картографиясының жүйесімен өрбітілген географиялык



Pdf көрінісі
бет76/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

орналасқан. Араб картографиясының жүйесімен өрбітілген географиялык
мекендердің қызғылықты орналасуы мен нақтылығы да сол бір замандағы
сирек кездесетін таңғаларлық жәйт. М әселен, мұсылман авторларына тән
“әлем орталығы” Мекке орнына мұнда Баласағұн. Бұл Қараханидтердің ең
ежелгі астаналарының бірі ғой. Қалай десек те, сол дәуірдегі түркілердің ой-
санасы жоғары дәрежеде болғанын аңғарамыз.
Махмұд Қашқари исламның салтанат құрған дәуірінде өмір сүргенін ес-
тен шығаруға болмайды. Мұсылмандар Алланы — жаратаушы, Мұхаммедті
— Пайғамбар, жердегі барлық адамның жарылқаушысы деп таныды. Тек
Мұхаммед-пайғамбар ғана жаратушы-Алламен ж үздесе алады. Ал мұсыл-
мандар Шариғатқа бағынуға тиіс.
Махмуд Қашқари — өз дәуірінің перзенті. Көрнекті тарихшы, филолог,
ф илософ болған ол сол кездегі түркі ғылымы мен мәдениетіне өлш еусіз
үлес қосты. Біз бүгінде тамаша ғалымның еңбегін оқып үйренудеміз.
АХМЕТ ИАССАУИ
Ахмет Иассауи XI ғ. екінші жартысында дүниеге келген. 1116 жылы қай-
тыс болған. Ел аузындағы аңыз бойынша, 125 пен 133 жыл шамасында өмір
сүрген. Сопылық ілімнің негізін салушы ақын, уағызшы. Шағатай тілінде
жазған “Хикмет” жыр жинағының авторы.
Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының ма-
ңындағы И сбиж ап (Сайрам) қаласында туған. А хм еттің әк е -ш еш есі
Исбижап қаласында тұрған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданын-
да оның әкесі - Ибрагим мен шешесі Қарашаштың кесенесі сақталған. Жеті
жасында әкесінен айырылып, Арыстан Бабтың тәрбиесінде болады. Арыс-
тан Баб қайтыс болған соң оқуын Бүхарада жалғастырады. Бұхарадан
оралған соң Иассы шаһарында тұрақтап қалады (қазіргі Түркістан). Мұнда
келген соң сопылық бағыттағы исламның уағызшысына айналады. Ө зінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет