маңына дарынды мүридтерді топтастырып, исламның нығаюы үшін жүмыс
жүргізеді. Сопылар мұсылман әлемінде өздерін шындықтың жақтаушысы-
мыз деп білді. Жұрт қасиетті деп санаған Ахмет ғұмырының соңына дейін
Түркістанда өмір сүрді. Ол туралы халықтың аузында: “Меккеде - Мухам
мед пайғамбар, Түркістанда - Ахмет Иассауи” деп айтылатын сөз бар. 62
жасқа толған соң жер асты қылуетіне түсіп, қалған өмірін қүдайға қүлшы-
лық етіп, сон да өтік ізеді. Қ азіргі кезде қылует табылып, қалпына
келтірілген.
Ахмет Иассауидің өмір сүрген уақыты, тарихп жағдайлар араб Халифаты
Үлы Түранның Үлдары
59
үшін жақсы кез емес еді: XI ғасырдың аяғы мен XII ғасырдың басы Халифат-
тың күш-қуатының әлсір еп , Орта Азияда ж еке хандықтар бой көтере
бастаған болатын Иассауи еңбектерінің жазылуы Қарахан қағанатының
күшеюімен тұспа-тұс келді. Оның туындылары ірі философиялық ойлары-
мен бүкіл адамзаттың дамуына қызмет етті. Ө зін ің атақты “Д иуани
Хикмет” даналық кітабымен адамдарды адалдыққа, әділдікке, төзімділік пен
достыққа, адамгершілік қарым-қатынасқа шақырды. Ахмет Иассауидың ой-
түйіні бойынша сопылық ілім шындыққа тура бастар жол: этика сақтау,
адамгершілікті жоғалтпау, адамзатты сүю, жетімді жылатпау, халыққа тек
шын сөзді айту, сөз байлығы мен мазмұнын терең түсіну. Шындықты тану-
дың жолы: шариғат, ақиқат. Ахмет Иассауи— мұсылман әлемінде, әсіресе,
түркі тілдес халықтардың ішінде асқан ойшыл, адал уағызшы, қасиетті адам
болып саналған.
Ахмет Иассауи Орталық Азияда империя құрған Әмір-Темір дүниеге
келгеннен көп бұрын көз жұмды. Исламның Азияда қанат жайып,
өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген Ахмет Иассауиге деген құрмет сезімін
Достарыңызбен бөлісу: |