А. А. Сатбекова


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ 
САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР 


Дүниедегі қандай құбылыс болса да, сан мен сапаның өл-
шемі арқылы танылады. Сапалылық – өмірдегі барлық құбы-
лысқа тән қасиет. Сапа құбылысқа немесе нәрсеге тән барлық 
сипаттардың кешенді болмысын танытады және сол сипаттар-
дың адам қажеттілігіне немесе осы нәрсе туралы идеалдан-
дырылған ғылыми сипаттауларға сәйкестігін анықтайды. Ғы-
лыми идеалдандырылған пайымдаулар шындық болмыстан жат-
танған сияқты болғанымен, ғылыми болжамдарға сүйене оты-
рып, сол құбылыстың өзгеруі мен дамуының объективті заңды-
лықтарын білуге негіз қалайды. Мұндай пайымдаулар бірден 
айқын қажеттілікке айнала қоймайды, бірақ сапаны анықтаудың 
бір өлшеуіші ретінде белгілі бір орын алады. Сондықтан да жо-
ғары оқу орындарында білім берудің сапасын қарастыру үшін, 
алдымен, білім беру үдерісінің дамуына ықпал ететін, оны қор-
шаған ортаға тән заңдылықтарды кешенді тану қажеттілігі туын-
дайды.
Стандарттаудың халықаралық ұйымы берген анықтамада: 
«Сапа – обьектінің оған дейін қалыптасқан және алда күтілетін 
қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын қабілеттері болып сана-
латын сипатының жиынтығы», -делінген [12]. Олай болса, білім 
берудің сапасы тек түпкілікті нәтиже деп қана қарастырылмай-
ды екен. Сонымен бірге, білім берудің сапасы сол нәтижеге 
тиімділікпен қол жеткізетін мүмкіндіктер мен әлеуеттер, сыртқы 
және ішкі үйлесімді күштерді дұрыс, ретпен жұмсаудың және 
сапалы қасиеттерді қалыптастырудың үдерісі ретінде де таны-
лады. 
Білім беру саласы да адам баласының барлық қызмет түрі, 
үдерісі, қол жеткізген нәтижесі сияқты, белгілі бір сапа көрсет-
кішіне ие болады. Білім берудің сапасы дегеніміз – білім беру 
үдерісінің кешенді түрдегі сипаты. Ол сипаттар кәсіби сапа мен 
кәсіби құзыреттілікті бірізділікпен, сабақтастықты сақтай оты-
рып практика жүзінде тиімділікпен қалыптастырады. Ғылыми 
еңбектерде білім беру сапасының сипаты үш жүйеге бөліп 
қарастырылады. Оны мынадай модель арқылы көруге болады 
(1-сурет). 
Мұндағы үш негіз: жоғары оқу орнының әлеуеті, оқыту 
үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі және студенттер білімінің 
нәтижесі нақты оқу мекемесінің сапалық деңгейін өлшеуде тірек 


етіп алынатынын көрсетеді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байла-
нысты екендігі сөзсіз. Мәселен, жоғары оқу орнының басшы-
лығы мен оқытушы-профессорлар құрамының әлеуеті жоғары 
болмаса, олар оқыту үдерісін жаңа заман талабына лайық жетіл-
діре жүргізе алмасы анық. Яғни онда студенттердің кәсіби ше-
берліктерін қалыптастыру мәселесі педагогикалық тұрғыда да, 
техникалық-базалық тұрғыда да шешімін таба алмайды. Бұл өз 
кезегінде білімнің нәтижелілігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан 
білім сапасын өлшеуде олар бірдей мәнге ие болады.
1-сурет – Білім беру сапасы сипатының моделі 
Жоғары оқу орындарында білім беру сапасы бірден қа-
лыптаспай, біртіндеп, кейде стихиялы түрде қалыптасуы да 
мүмкін. Бірақ қанша стихиялы десек те, білім беру үдерісін бас-
қару мүмкіндігі жойылып кетпейді және ол міндетті түрде ес-
керілуі керек.
Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесі 
1991 жылдан 2007 жылдарға дейінгі аралықта еліміздің барлық 
Білім беру сапасының сипаты 
Білім беру нәтижесінің 
сапасы 
Кәсіби шеберлікті
қалыптастыру үдерісінің 
сапасы 
Білім беру мақсатына жету 
әлеуетінің сапасы 


салалары сияқты дамудың қиын кезеңдерін басынан өткерді. 
ЖОО даму үрдісі (тенденциясы) қазақстандық жоғары білім 
беру жүйесінде бакалавриат, магистратура, PhD деңгейлерін,
дәстүрлі оқыту жүйесінен басқа TASIS жүйесін, кредиттік оқу 
технологиясын енгізу арқылы дүниежүзілік тиімді және жоғары 
білімді маман даярлаудың озық модельдерін таңдаумен байла-
нысты жүргізілді. Сондықтан жоғары білім берудің сапасын арт-
тыру мен оны басқару мәселесі барлық педагогикалық және ди-
дактикалық бағыттағы зерттеу жұмыстарының зерттеу нысаны-
ның бір арнасы ретінде қарастырылатыны сөзсіз. 
Қазақстандық жоғары оқу орындарында білім беру сапа-
сын дамытуда жалпы білім беру саласының барлығына тән жал-
пы заңдылықтар жүйесін ұстануымыз керек (2-сурет). Оның ая-
сына білім беруді дараландыру, білім беруді шығармашылдан-
дыру, оза оқыту, білім беру сапасы рөлін арттыру, үздіксіз білім 
алу, білім берудің көпдеңгейлілігі мен шоғырлылығы, білім бе-
руді жеделдету, білім берудің мақсатты бағдарларының ауысу, 
білім беруді компьютерлендіру және білім берудің ұлтаралық 
және халықаралық деңгейлерге өту заңдылықтары енеді. Бұл 
заңдылықтар жалпы болғанмен, әр оқу орнының өзіндік ерекше-
ліктері, қалыптасқан дәстүрі мен даму мүмкіндіктері және білім 
беру саласына қойылып отырған жалпы талаптар өзара бірлікте 
ескерілуі тиіс. Қазіргі таңда отандық білім беру жүйесін дамы-
туда сақталатын бұл заңдылықтардың сипатын жобалай оқыту 
технологияларымен сабақтастықта алып қарастырайық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет