А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет5/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Үздіксіз білім алу заңдылықтары.
Үздіксіз білім алу – ХХ 
ғасырда басталған, ХХІ ғасырдың тұрақты белгісіне айналған 
құбылыс. Заманауи жетістіктер мамандардың өз білімін үздіксіз 
толықтырып отырмаса, тез уақытта артта қалып қою қаупін күн-
нен-күнге арттырып келеді. Осымен де байланысты, жоғары 
білім беру жүйесі әрдайым үздіксіз білім беру заңдылықтарын, 
олардың білім берудің сапалылығын арттырудағы мәні туралы 
мәселелерді күн тәртібіне өткір қойып отырады. Қазіргі кезде 
көптеген мамандар мемлекеттік тілді оқытудың маңыздылығына 
байланысты, қазақ тілінің оқытушысы мамандығын екінші ма-
мандық, үшінші мамандық ретінде игеріп жатуы – соның бір дә-
лелі. Сондықтан гуманитарлық бөлім студенттеріне қазақ тілін 
оқытуда олардың қазақ тілін терең, саналылықпен өз бетімен 
меңгеруіне мүмкіндіктер жасау қажеттігі анықталады. Осы тұр-
ғыдан алғанда өздігінен білім алуға қажетті өмірлік дағдыларды 


меңгертуде жобалай оқыту технологиясы арқылы қалыптасты-
рылатын арнайы біліктер жеткілікті. Өйткені бұл технологиямен 
жұмыс істеу арқылы студент бағдарламадан тыс қосымша білім 
көздерін пайдаланып, өз әлеуетін көтеруге үйренеді. 
Білім беруді интенсивтендіру заңдылықтары.
Ғылым 
жүйесі дамыған сайын жоғары оқу орындарында игерілуі тиіс 
деп саналатын білім мазмұны мен білім көлемі де өзгеріп, 
жетіліп, толығып, жаңарып отырады. Білім беруді интенсив-
тендіру студенттердің интеллектуалдық даму деңгейіне байла-
нысты болады. Сондықтан әрбір жоғары оқу орны білім алу-
шылардың ақыл-ой қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін жетіл-
діруге барынша тиімді жаңа оқыту технологиялары мен әдіс-
терді де оқу үдерісіне дер кезінде енгізе білуі де бұл мәселені 
шешудің дұрыс жолы болып табылады. Егер қазіргі дәуір та-
лабы білімді өздігінен меңгеруге бейім тұлғаны қалыптастыру 
болса, мұнда да жобалай оқыту технологиясы негізінде студент 
меңгеретін кәсіби-танымдық дағдылардың маңызды рөл атқа-
ратыны сөзсіз.
Білім беруді компьютерлендіру заңдылықтары.
Бұл заң-
дылық білім беру үдерісін заманға сай компьютерлік техноло-
гиямен қамтамасыз ету арқылы шешіледі. Бірақ оны сабақта 
компьютерді оқу құралы ретінде қарапайым қолдану деп тү-
сінбеу керек. Онда қазақ тілін сапалы оқыту үшін компьютерлік 
технологияны, мультимедиалық сабақтарды, электронды оқу құ-
ралдарын қолдану осы заңдылықтың жүзеге асырылуын таны-
тады. Ал студенттер жобалай оқыту технологиясы бойынша жұ-
мыстарды орындау барысында жинақтаған материалдарын қы-
зықты, тартымды, сапалы етіп жеткізу үшін ақпараттық техно-
логияның алуан түрлі тәсілдерін қолдануға мүдделі болады.
Білім беру сапасы рөлінің арту заңдылықтары
. Дүниедегі 
қандай құбылысты алсақ та, сандық және сапалық сипаты ар-
қылы танылады. Соңғы жылдары Қазақстанда заңгерлер мен 
экономистерді даярлаудың шамадан тыс артып кеткені белгілі. 
Бірақ сапа жағы санға сәйкес еместігі де жасырын емес. Әрине, 
мамандарды даярлаудың сандық та, сапалық та қыры маңызды. 
Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бөлімдерінде екінші 
тіл ретінде оқылатын қазақ тілі пәнінің сапалы оқытылуы 
кредиттік жүйеде бөлінген сағат санына да, соларды жаңа оқыту 


технологияларымен оқытылуына да көптен-көп байланысты. 
Болашақ мамандарға, мұғалімдерге мемлекеттік тілді еркін қол-
дануға ғана емес, оны дамыту мен сақтауға да қажетті дағды-
ларды өз бетімен меңгеруінде жобалай оқыту технологиясының 
берері аз емес. Өйткені білім сапасы студенттің бойында қалып-
тасатын құзыреттілікпен өлшенсе, сол құзыреттіліктердің қа-
лыптасуының бірде-бір кепілі осы технология болып саналады. 
Онда студент коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу, 
мәдени-танымдық құзыреттіліктерді еркін меңгеруге мәжбүр-
ленеді. Осы мәжбүрлік білім сапасына оң әсер етеді. 
Білім берудің көпсатылығы және шоғырлылығы (циклды-
ғы) заңдылықтары
. Білім беру жүйесін демократияландыру 
және білімнің сапасына үлкен талаптар қою, білім беруді техно-
логияландыру – білімдік үдерістердің шоғырлылығы мен көпса-
тылығынан танылады. Білімнің шоғырлылығы деген – білім алу 
үдерісін уақытша үзіп, оны практикалық тұрғыдан тану және 
қажетті жағдайда дәл сол мамандық бойынша не туыс мамандық 
бойынша жалғастыру мүмкіндігін білдіреді. Сөйтіп, қазіргі білім 
алуға ден қойған кез келген адам өзінің кәсіби шеберлігін бір-
тіндеп сатылай отырып шыңдай алатын мүмкіндікке ие болып 
отыр. Мұнда да өзін-өзі дамытуға, өз бойындағы қабілеттерді 
жүзеге асыруға мүдделілік тудыратын жобалай оқыту техноло-
гиясының маңызы үлкен. Өйткені бұл технология студенттің өз 
мүмкіндігі мен өзіне қойылып отырған талаптарды үйлестіре 
қолдануға үйрететіні кәміл. 
Білім берудің мақсатты бағдарларының ауысып отыру 
заңдылықтары.
Қоғамдағы үрдістердің (тенденция) дамуына, 
өзгеруіне байланысты білімдік мақсаттар да өзгереді. Мысалы, 
кеңестік білім жүйесіндегі негізгі мақсат – халық шаруашылы-
ғының белгілі бір саласында ғана қызмет етуге бағытталған қа-
жетті маман даярлау болса, қазіргі уақытта жеке адам тарапынан 
да, қоғам тарапынан да негізгі білімдік мақсат – адамдық ка-
питал қалыптастыру болып отыр. Бұл жердегі капитал – қол 
жеткізілетін жетістіктер мен олардың сапасы, мүмкіндіктер бай-
лығы мен сан түрлілігі. Әлеуметтік тұрғыдан келетін болсақ, 
капиталға өзіндік әрекет негізінде тиімді сапаға қол жеткізу мә-
дениеті деп анықтауға болады. Бұл да жобалай оқыту техно-
логиясының түпкі мақсатымен толық үндеседі. Өйткені бұл 


технологияның да басты мақсаты – дара тұлғаның әлеуетін кө-
теру, бәсекеге қабілеттілігін дамыту. Бұл – қазіргі қоғамдық-
әлеуметтік сұраным талабы. 
Білім берудің ұлтаралық, халықаралық деңгейге өтуі заң-
дылықтары.
Қазақстан Республикасындағы білім беру 
жүйесінің қазіргі кезеңдегі бір ерекшелігі ретінде отандық білім 
жүйесінің интернационализациялануын айтуға болады. Күн 
өткен сайын қазақстандық дипломды мамандардың шетелдерде 
де сұранысқа ие болуы қажеттілігінің маңызы артып келеді. 
Мұның өзі жаһандану үрдісіне тән экономикалық, әлеуметтік-
саяси құбылыстармен тікелей байланыста туындап отырған 
құбылыс. Қазақстандық білім беру жүйесінің интернационали-
зациялануы дегенді оның ұлттық ерекшелігі унификацияланып, 
жойылуға алып келеді деп ұғынылмауы керек.
Әр заман ағымының өзіндік ерекшеліктері уақыт өткен 
сайын жетіліп, басқа ағымдармен байланысып, басқа түрдегі 
оқу-тәрбие ілімдерінен жаңа реңк алып отыруға бейім келетінін 
өмірдің бүгінгі қалпы көрсетіп отыр. Қазақстандық жоғары бі-
лім беру жүйесіне кредиттік технологияның енгізілуі, Болон 
декларациясы ұстанымдары енгізілуі – еуропалық оқыту моде-
лінің жай әшейін көшірмесі емес. Қандай да бір модельді көші-
ріп алып келе салғанның өзінде сол елдің, жердің, ұлттың ерек-
шелігі оған өзіндік өзгерістерін қоспай тұрмайды. Сондықтан
жаңа енгізілген білім беру моделінде қазақстандық білім беру 
жүйесіндегі мынадай ерекшеліктер айқын танылып тұрады: 

болашақ мамандардың кәсіби болмысы қалыптасуы 
үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырушы Қазақстан Респуб-
ликасының Мемлекеттік стандарттары арқылы бірыңғай білім 
аясының құрылуы; 

Қазақстандағы мамандардың қай салаға қажеттілігін 
анықтайтын экономиканың даму деңгейінің ықпалы; 

студенттердің болашақтағы өзінің кәсіби саласында 
жоспарлар құра білу және оған қол жеткізу қадамдарын алдын 
ала болжай алуына, өздігінен шешім жасай алуына мүмкін-
діктер беретін жаңа оқыту технологияларын қолдану; 

Қазақстанның дүниежүзілік деңгейде өзіндік бол-
мысын танытатын ұлттық мәдени және тарихи құндылықтарын 
меңгертуге бағдар ұстау; 



білім берудің практикалық бөлімінің басым келуіне 
бейімделу; 

студенттерге қандай салада болса да ғылыми көзқарас 
тұрғысынан шешім жасауға дағдылануына бетбұрыс жасау; 

қандай мамандықты меңгертуде болса да білім берудің 
гуманистік сипатына басымдылық беру. 
Қазақ тілін оқытудың сапасы туралы айту үшін оны ай-
қындайтын параметрлері танылуы керектігі белгілі. Білім беру 
жүйесі сапасының параметрлері – сапаны қалыптастыратын 
факторлардың, сол факторлардың қызметіндегі өлшемдер мен 
ерекшеліктердің жиынтығы және олардың өзара тығыз байла-
ныста қызмет ету барысы. 
Білім беру сапасын қалыптастыратын факторлардың ішін-
дегі бастылары: 

білім беру мақсаты; 

білім берудің әлеуеті болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет