ISBN
УДК
ББК
© Сатбекова А.А., 2013
© «Қыздар университеті» баспасы,2013
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне
енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік
және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модель-
дерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман тала-
бына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын
жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсе-
келестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен
айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім
беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөз-
сіз»[1]. Бұл үздіксіз білім беру жүйесінің аса бір маңызды
буыны болып саналатын жоғары оқу орындарындағы оқыту үде-
рісін де түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. Себебі жоғары білім
дамуының негізгі қозғаушы күші болса, білімді де білікті маман
– еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар.
Кәсіби білім берудің басты мақсаты – жас толқынның қа-
білеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне,
белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік
беру. Ал өз кезегінде сол білім әр адамның өзін-өзі тануының,
маман ретінде қалыптасуының, өзін-өзі көрсете білуінің, яғни
ішкі мүмкіншілігі мен тұлғалық қабілеттерінің ашылуының құ-
ралы болып табылады. Отандық тәжірибеге зер сала қарағанда,
студенттерге шынайы білім беру бағытындағы ең мәнді қадам
деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде
қолдануына жол ашатын кредиттік оқу жүйесіне көшу бары-
сында осы жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне лайық жаңа техноло-
гиялардың да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады.
Сондықтан да соңғы жылдарда жоғары оқу орындарында гума-
нистік бағдардағы «субъект-субъект» қатынасына негізделген
білім беру жүйесіне басымдылық берілуі инновациялық техно-
логияларды кең түрде зерттеп, оларды оқыту үдерісіне білікті-
лікпен батыл енгізудің қажеттігін талап етуде. Бұл Қазақстан
Республикасының азаматы ретінде студенттердің жеке тұлғалық
мәдениеті мен танымдық-практикалық қабілеттерін қалыптасты-
руға мүмкіндік беретін осы бағыттағы ізденістерді кеңейтудің
және сол технологияларды ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерде-
леп зерттеудің көкейкестілігін дәлелдейді. Ал студенттің тұлға-
лық мәдениетінің бір арнасын олардың мемлекеттік тілді білу
деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық тех-
нологияларды тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін
шешу айрықша мәнге ие болып отыр. Кез келген технология бі-
лім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі
аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық ком-
поненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақ-
талған жолы болып саналады.
Технология – грек тілінен аударғанда «шеберлік» деген
ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы педагогика саласында
қолданғанда шеберлікпен өнім алу, нақты нәтижеге жету, бел-
гілі бір жүйемен оқыту деген ұғымдарға парапар. Педагогикада
оқыту технологиясы мен білім сапасы бір-бірінен ажыратуға
болмайтын, өзара тәуелді, өзара сабақтас егіз ұғымға айналды.
Себебі оқыту технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге
әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей байла-
нысты болса, ал үйлесімді басқару жүйелілік арқылы сапаға қол
жеткізудің басты шарты болып саналады. Сондықтан отандық
та, әлемдік те ғылымда педагогикалық технологияларға арнал-
ған зерттеулер аясы кеңейе түсуде.
Жобалай оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденіс-
тер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып ке-
леді. Зерттелген сайын оның жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі
бұл мәселенің өміршеңдігін танытады. Жобалай оқыту техно-
логиясының алғашқы соқпағы ХҮІІ ғасырдағы Париждің Ко-
рольдік сәулет академиясының тәжірибесінен басталады. ХХ ға-
сырдың ортасынан бастап АҚШ-тың, Германияның білім беру
саласында, ал ғасыр соңында ТМД елдерінің оқыту жүйесінде
кең өріс алғаны белгілі. Жобалай оқыту технологиясының тео-
риясын алғаш негіздеген ғалымдар Д.Дьюи [2] мен В.Килпатрик
[3] болатын. Олар бұл технологияның әмбебаптық сипатын дәл
анықтап, оның интеллект дамытудағы маңызын жоғары бағала-
ды. Кейін бұл технологияның теориясын дамытқан Е.С.Полат
[4], В.Д.Симоненко [5],М.Б.Павловтардың [6]зерттеулері болды.
Қазіргі таңда оқыту технологияларының жалпы заңды-
лықтары мен қағидалары нақтыланып, оларды қолданудың өзін-
дік жүйесі бірізге түсірілген деп кесіп айту орынды болмас.
Өйткені технология шеберлікпен, өнермен тамырлас ұғым бол-
ғандықтан, оның мүмкіндіктерінің де шексіз екені аян. Әйтсе де
олардың аражігін ажыратып, әр технологияның өзіндік сипат-
тарын пәнді оқытудың ерекшелігіне сай айқындап берген еңбек-
тер қатары молайып келеді.
Білім беру жүйесінің әр буынында қазақ тілін мемлекеттік
тіл ретінде меңгерту үдерісінде оқыту технологияларын жаңа
қырынан қарастырған, оларды таңдап, талғап қолданудың ғы-
лыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген жұмыстар қа-
тарында Ф.Оразбаеваның қатысымдық технологиясын [7],
М.Жанпейісованың модульдік технологиясын, Қ.Қадашеваның
жаңғырта оқыту технологиясын, Р.Шаханованың мамандыққа
бейімдеп
оқыту
технологиясын,
З.Бейсенбаева
мен
К.Жақсылықованың модульдік технологияларын, Н.Құрманованың
дамыта оқыту технологиясын, Н.Оразахынованың сатылай
кешенді талдау технологиясы, Н.Шадиеваның деңгейлік оқыту
технологиясын, К.Мухлистің компьютерлік технологиясын,
белсенді оқыту әдістерін зерттеген Ж.Сүлейменова мен
Ә.Әлметованың
сұхбаттық
оқыту
технологиясын,
А.Жапбаровтың, А.Қыдыршаевтың, Ж.Дәулетбековалардың тіл
дамыту мен сөз мәдениетін қалыптастыруға қатысты жаңа тех-
нология қағидаларын атауға болады.
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың: «...
Біздің болашағымыз жоғары оқу орындарының санында емес,
сапалы да сұранысқа ие білімінде екенін түсінетін кез келді»
деген пікірі білім сапасына байыптылықпен қарап, оны жаттан-
дылықтан, жасандылықтан арылтып, студенттердің мүддесі мен
қоғам мүддесін ұштастыра алатын жаңа жүйелерді таңдауды
міндеттейді [8]. Бұл міндетті орындауда жобалай оқыту техно-
логиясының ұтымдылығы айқын көрінеді. Мұнда студенттің
өздігінен әрекет етуіне қолайлы жағдай жасалады: ол бағдар-
лама көлемінен тыс білім қорын жинауға төселеді, сол қорды өз
қажетіне қарай пайдалануға дағдыланады, қатысымдық, тілдік-
лингвистикалық, ақпараттық, проблеманы шешу, мәдени-та-
нымдық құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік алады. Сон-
дықтан да Қазақстан Республикасының Тіл саясатын [9],
мемлекеттік тілді дамыту саясатын [10] басшылыққа ала оты-
рып, ЖОО-да мемлекеттік тілді оқыту барысында жаңа пара-
дигмаларға сай инновациялық жүйелерді енгізу керек. Себебі
«тек сондай жүйе арқылы ғана білім алушыларды өз өмірінің әр
қадамын жобалай алуына, болашағына жауапкершілікпен қа-
рауға, өзі мен өзінің меңгеріп жатқан кәсібіне деген сенімін қа-
лыптастыруға игі ықпал ете алады» [11]. Жасыратыны жоқ,
2006-2007 оқу жылынан бастап қазақ тілін оқытуға қосымша
сағаттар бөлінгенімен, сол мол сағатты пайдалы және сапалы
қолдануға қажетті оқу-әдістемелік жүйенің ескіліктен арыла
алмауы салдарынан білім нәтижесі әлі де талапқа сай келмей
отыр. Оған қоса өзгетілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың
бірыңғай Тұжырымдамасы, Стандарты, Типтік бағдарламасы
болмауы да білім сапасына кері әсерін тигізуде. Оқытудың түпкі
нәтижесінің нақтыланбауы оны қалыптастыруға қажетті тех-
нологиялардың да өз деңгейінде қолданылуына кедергі кел-
тіретіні сөзсіз. Ал біздің зерттеу мәселеміздің ғылыми тұжы-
рымдары мен практикалық ұсыныстары қазіргі таңда өріс алып
отырған: а) жобалай оқыту технологиясының жаңа заман
сұранымына сай білім берудегі мүмкіндігі мен оның ғылыми
дәйектелуі арасындағы; ә) бұл технологияның кредиттік оқу
жүйесінің талаптарымен толық үндестігі мен әлі де жаттанды
оқытудан қол үзе алмаған білім берудің схоластикалық жүйесі
арасындағы; б) жобалай оқытудың өзгетілді дәрісханаларда
мемлекеттік тілді меңгертудегі тиімділігі мен оның нақты прак-
тикадағы қолданысы арасындағы қайшылықтарды шешуді
көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |