6. Қазіргі білім беру жүйесінде қолданылатын технологияларды
ұйымдастыруда қандай талаптар орындалуы қажет?
7. Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің
ережесі қандай?
8. Жобамен жұмыс жасау кезеңдерін атаңыз.
ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ГЕНДЕРЛІК ТАБИҒАТЫ
Жобалай оқыту технологиясын
қолдануда студенттер
белгілі бір оқу –
танымдық мақсатқа қол жеткізіп,
белгілі бір
оқу міндеттерін шешеді. Жобалау барысы даралық жұмыс тү-
рінде немесе топтық түрде жүргізіледі. Бұл бағыттағы жоба әді-
сін қолданудың бір үлгісін келтірейік.
Жобаның тақырыбы:
Қазақ халық педагогикасындағы
әйел затының тәрбиесі
және оның игі тұстарын жандандыру мәселелері.
Жобаның мақсаты:
Қазақ халық педагогикасындағы
әйел заты тәрбиесінің
негіздерін анықтау
Әйел заты тәрбиесінің барлық адамзат қоғамы үшін
маңызын тану мақсатында өзге ұлттардағы әйел
заты тәрбиесі-
мен салыстыру.
Қазіргі заманға сай әйел заты
тәрбиесіндегі ерекшелік-
терді (артықшылықтар мен кемшіліктері) анықтау.
Жобаның белгілері:
Жобадағы негізгі қызмет түріне қарай
танылатын доми-
нанттық белгілері бойынша – зерттеушілік қолданбалы жоба.
Пәндік мазмұндық аясы бойынша – пәнаралық жоба.
Жобаны координациялау сипаты бойынша – ашық.
Контакт жасау бағыты бойынша – Алматы қаласында.
Жобаның ұзақтығы бойынша – 1 ай.
Достарыңызбен бөлісу: