ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгер-
тудің ережесі мынадай:
1)
тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы
керек және ол студенттің қызығушылығын тудыруы қажет;
2)
оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдасты-
рушы әрі кеңесші болуы тиіс;
3)
жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу
әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Со-
нымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны
нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме,
диаграммалар пайдаланылады;
4)
талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы
қажет;
5)
жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және
топтық шеңберде орындалуы қажет.
Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығарма-
шылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзара ын-
тымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жобалай оқыту технологиясын қолданып, проблемалық
тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын
ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын
топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол. Атап
айтқанда:
1.
Жұп (диада) құрып, бір мезгілде бірлікте жұмыс істеу-
ге мүмкіндік береді.
2.
Үштік (триада) құрып, бір мезгілде бірлікте және жеке
даралық жұмыс істеуге бағыттайды.
3.
Шағын топ құрып, (мүмкін 4 не 6 адам) пікірталас ту-
дыратын қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктеріне ие болады.
Біздің тәжірибемізде үштік іс-әрекет ең өнімді жұмыс
тобы, ол жобаға қатысушылардың өзара ынтымақтастығы арқы-
лы белсенді әрекет иесі болуына әсер ететін жоба әдісі екендігі
байқалды. Себебі үшінші адамға жекелей тапсырма бермеуге де
болады, ол екі адамның әңгімесіне, пікірталасына, жобаны
дәйектеуіне сырттай бақылаушы ретінде қатысушы тұлға. Со-
нымен қатар шағын топ мүшелері «Біреу барлығы үшін, бар-
лығы біреуі үшін» ұстанымы бойынша жұмыс істегенде, оның
тиімділігі арта түсетіні көрінді.
Проблемалық тақырып бойынша коммуникативтік міндет-
ті шешуші топтар (жұптық, үштік және шағын топ) мына бағыт-
та жұмыс істеуге мүмкіндік алды:
1)
тілдік тұлға оқытушы тілдік тұлға;
2)
жұптық немесе үштік оқытушы;
3)
оқытушы шағын топ.
Жобалау әдісінің негізінде студенттердің танымдық дағ-
дыларын дамыту, ақпараттық кеңістікте дұрыс жол табу, сыни
және шығармашылық ой дамыту жатыр. Сонымен қатар жоба-
лау әдісін таным жолы мен таным процесін ұйымдастыру тәсілі
деп те танып, дидактикалық мақсатқа жетудегі практикалық нә-
тижені көздейтін тәсіл деп айтамыз.
Дидактик-ғалымдар, педагогтар осы технологияға өздері-
нің педагогикалық әдістерін шешу мақсатында аса назар аудара-
ды. Оның негізінде нақты прагматикалық бағытталған нәтижені
көздейтін идея бар.
Бұл «ерекше» оқыту нәтижесі, себебі осындай нәтижеге
жету үшін гуманитарлық бөлім студенттеріне құбылысты нақты
көруге, практикалық қызметте пайдалануға, өзіндік шешімдер
табуға, күтілетін нәтижелерді болжауға, себеп-салдарлық бай-
ланыстарды жасауды игеруге баулу қажет.
Жобалау әдісі – гуманитарлық бөлім студенттерінің нақты
белгіленген мерзімде қазақ тілі бойынша әрдайым өзіндік жұ-
мыс жасауына бағытталатын әдіс. Жобалау әдісі топпен жұмыс
жасау әдісімен де тығыз байланысты. Одан басқа, бұл әдіс әр-
дайым қойылған міндетті шешуді қажет етеді.
Ал мәселені шешу бір жағынан түрлі әдістердің жинақ-
талуын қажет етсе, екінші жақтан білімдерді интеграциялауды
керек етеді. Жобалау әдісінің құралы – жобалау жұмыстары.
Әдістемелік әдебиеттерде жобамен жұмыс жасау алдында оның
кезеңдерін анықтап алуды көрсетеді, яғни:
1)
жобаның тақырыбын анықтау;
2)
жобаның мақсатын анықтау;
3)
жобаның құрылымын талқылау, жұмыс жоспарын жа-
сау;
4)
қажетті тілдік материалды және қатысым алдында ар-
найы тілдік жаттығулар жасау;
5)
ақпараттарды жинау: бар білімді ескеру, ақпарат көз-
дерімен жұмыс жасау, ақпараттарды сақтаудың жеке жүйесін
құру;
6)
топпен жұмыс жасау;
7)
студенттерге деңгейаралық нәтижелерін талдайтын
кездесулер ұйымдастыру, оқытушы студенттермен жасалған жұ-
мыстарға түсінік береді, тілдік бірліктерді қолдануда жіберілген
кемшіліктерді түзейді, жаңа материалдарды таңдап алады;
8)
жинақталған ақпараттарды талдау, түрлі топтардың
әрекеттерін үйлестіру.
9)
жобаны тұсаукесерге дайындау – көрме, бейнефильм,
радиобағдарламалар, театралдық көріністер, мерекелер және т.б.
10)
жоба нәтижелерін көрсету (жобамен жұмыс жасаудың
кульминациялық шегі).
11)
жобаны бағалау, осы кезең тілдік материалдың иге-
рілуін бақылауды ғана қоспайды, сонымен қатар, сөйлеу және
қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттіліктің дамуын да қо-
сады.
Бұл кезеңдегі жұмыстар дәстүрлі нысанда тест түрінде
жүргізіледі.
Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындарының гуманитар-
лық бөлімдеріне қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы негі-
зінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол
ашса, екіншіден, студенттің жеке тұлғалық қабілеттерін за-
манауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу
үдерісінің студент үшін мәнін танытып, олардың оқу мотива-
цияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақса-
тын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың
шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен студент
мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |