Жобалай
оқыту
технологиясы
Мемлекеттік стандарт
сапалылығы
Қазақ тілі
бағдарламасы
сапалылығы
Қазақ тілін сапалы
оқыту мақсаты
Қазақ тілін жобалай
оқыту технологиясы
бойынша сапалы
оқытуда күтілетін
НӘТИЖЕ
Қазақ тілі оқулығы
сапалылығы
Оқыту түрлері мен
оқу әдістері жүйесі
сапалылығы
Қазақ тілін оқытудың
техникалық аспектісі
Оқу үдерісінің субъектілері:
1. Оқытушы мен студент
2. Қазақ тілін оқытуға тікелей
және жанама түрде қатысатын оқу
персоналдары
Жобалай
оқыту
технологиясы
Мемлекеттік стандарт
сапалылығы
Қазақ тілі
бағдарламасы
сапалылығы
Қазақ тілін сапалы
оқыту мақсаты
Қазақ тілін жобалай
оқыту технологиясы
бойынша сапалы
оқытуда күтілетін
НӘТИЖЕ
Қазақ тілі оқулығы
сапалылығы
Оқыту түрлері мен
оқу әдістері жүйесі
сапалылығы
Қазақ тілін оқытудың
техникалық аспектісі
Оқу үдерісінің субъектілері:
1. Оқытушы мен студент
2. Қазақ тілін оқытуға тікелей
және жанама түрде қатысатын оқу
персоналдары
Мемлекеттік стандарт
сапалылығы
Қазақ тілі
бағдарламасы
сапалылығы
Қазақ тілін сапалы
оқыту мақсаты
Қазақ тілін жобалай
оқыту технологиясы
бойынша сапалы
оқытуда күтілетін
НӘТИЖЕ
Қазақ тілі оқулығы
сапалылығы
Оқыту түрлері мен
оқу әдістері жүйесі
сапалылығы
Қазақ тілін оқытудың
техникалық аспектісі
Оқу үдерісінің субъектілері:
1. Оқытушы мен студент
2. Қазақ тілін оқытуға тікелей
және жанама түрде қатысатын оқу
персоналдары
6-сурет – Қазақ тілін жобалау технологиясы арқылы сапалы
оқытудың компоненттері
Назар аударатын мәселе – қазақ тілін сапалы оқыту жүйе-
сі дегенде қазақ тілінің оқу жоспары туралы түсінік қана қа-
лыптаспауы керек. Әрине, оқу жоспарымен тікелей байланысы
бар, бірақ жобалау технологиясы – оның жалаң көшірмесі емес.
Біздің пікірімізше, жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ
тілін меңгерту жүйесі өзгетілді дәрісхана студенттеріне қазақ
тілін сапалы оқытуға арнайы мақсат қойып, соған бағытталған
оқыту процесін таныта алады. Қарастырылып отырған оқыту
технологиясының сапалылығы ондағы қазақ тілі бойынша сұ-
рыпталатын білім мазмұны мен оқыту әдістерінің іріктелінуі не-
ғұрлым рационалды және тиімді болуына және оқыту мерзімі
мен орнының (курс және дәрісхананың техникалық жабдық-
талуы) талапқа сай қолданылуына тікелей байланысты болады.
Әрине, жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің құрылымын бұ-
дан басқаша, түрлі нұсқада беруге болатыны белгілі. Бірақ қа-
лай десек те, егер қазақ тілін сапалы оқыту мақсаты негізгі деп
қойылатын болса, онда маңызды міндеттер қатарына мыналар
алынуы тиіс:
−
біріншіден, қазақ тілінен студенттердің сапалы білім
алуы;
−
екіншіден, қазақша тұрмыстық сөйлеу дағдыларын сапа-
лы игеруі;
−
үшіншіден, тұлға түрлі жағдаяттарда қатысымға түсу тә-
жірибесін дәрісханада қалыптастыру;
−
төртіншіден, қазақша ғылыми стильде сөйлеу қабілетін
дамыту;
−
бесіншіден, студенттің кәсіби қызметіне байланысты қа-
зақ тілінде өз ойын анық және кең түрде жеткізе алатын өнер
элементтерін меңгерту.
Бұл міндеттер түрліше комбинацияларға орналасуы мен
бірізділікке түсірілуі арқылы әртүрлі жолмен шешілуі мүм-
кін. Мысалы, біздің көрсетуімізде, біріншіден, студенттің қазақ
тілінен сапалы білім алуы қойылып отыр. Ал егер оқытушы
басқа комбинацияға түсіретін болса, онда бірінші орынға біз
үшінші етіп көрсетіп отырған студенттің қазақы тілдік ортада
үйренген тілдік тәжірибесін актуалдандырудан бастауы мүмкін.
Көрсетілген бес міндеттің өзін комбинациялық орын ауысты-
ратын болса, онда мұғалімнің әдістер жүйесінің қоржыны бай
болатыны сөзсіз. Жобалау технологиясының сапалы білім бе-
рудегі сенімділігі, сонымен қатар, студенттің жеке басының із-
денімпаздық қабілетінің ерекше дамуымен байланысты анық-
тала түседі. Жобаны орындау барысында студенттің қазақ тілін-
де ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі
бақылау мен басқару арқылы, яғни саналы түрде жүріп отыра-
ды. Жобаны орындау үдерісінде студенттің ерік-жігері, тілдік
қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қа-
білеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Осы жүйемен құрылған
қазақ тілін оқыту үдерісінің көздеген нәтижеге қол жеткізер
мүмкіндіктері мол деп саналады. Қазақ тілін жобалай оқыту
технологиясы қазақ тілін үйренуші студенттің дүниетанымдық
көзқарасы адамгершілік идеясымен тоғысқан жеке тұлға ретінде
қалыптасуына, маман ретінде қалыптасуына, әлеуметтік жүйеге,
Абай армандаған «кетігін тауып қаланатын кірпіш» ретінде өмір
сүруіне қызмет етуі тиіс.
Зерттеу жұмысымызда оқыту технологияларының сту-
енттердің білім алуын сапалы етуге үлкен серпін беретін тиімді
бір түрі - жобалай оқыту технологиясы деген идея басшылыққа
алынғандықтан, осы технологияның ерекшеліктеріне арнайы
тоқталу қажет. Жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін са-
палы әрі тиімділікпен оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың нақ-
ты дәлелдері көп. Бірақ олардың бастылары ретінде мына мәсе-
лелерді атап кету керек:
біріншіден, қазақ тілін жоғары мектептің өзгетілді дә-
рісханаларында оқыту әлі де болса дәрісханадан шықпай, дәс-
түрлі көрнекіліктермен, әдістермен оқытылып келеді. Кредиттік
оқу жүйесі енгізілгеннің өзінде қазақ тілін меңгертуде сту-
денттің өз бетімен білім алу, іздену дағдыларын толыққанды-
лықпен дамытатын оқыту жүйесі қолданылмай келеді. Жобалай
оқыту технологиясы – кредиттік оқу жүйесінің табиғи бөлшегі
сияқты қолданылу мүмкіндігі мол технология. Кредиттік оқу
жүйесінде студенттің өз бетімен орындайтын сағат саны мол бе-
рілетін, оның өзі оқытушының басшылығымен және өз бетімен
орындауға бөлінетіні белгілі. Дәл осы тұстан қарағанда, жоба-
лай оқыту технологиясы мен кредиттік оқу жүйесінің түйісер
нүктесі айқын байқалады;
екіншіден, жобалай оқыту технологиясының филосо-
фиялық, гуманистік, психологиялық ерекшеліктері, шын мәнін-
де, студенттің жеке тұлғасын дамытуға бағытталған. Өз бетімен
қазақ тілі бойынша берілетін түрлі жобаларды қазақ тілінде
орындауы барысында студент «білім іздеудің өзіндік сүрлеуін»
қалыптастырады және ол сүрлеу - студенттің өмір бойғы білім
алуының бастауына айналады.
Қазақстан Республикасының білім беру парадигмасында
«жоба әдісі», «жобалай оқыту технологиясы» әлі де болса өзінің
толыққанды орнын тапқан жоқ. Дегенмен, «жоба әдісі», «жоба-
лай оқыту технологиясы» туралы қысқаша болса да түрлі мағ-
лұматтар ғылыми жұмыстарда сөз етіліп келеді.
Бұл жүйенің мықты негізге айналатын тұсы – жоба жұмы-
сын орындау арқылы студент өз бетімен білім іздей отырып,
оған қажетті ақпаратты іздеп, белгілі бір тақырыптағы жобаны
бастап, оның дұрыс шешімге алып келетін әдістерін, жобаның
аяғына дейін жүру, жету жолының логикасын табады, таниды.
Қазақ тілінің сан қырлы болмысын түгел гуманитарлық
бөлім студенттеріне «Практикалық қазақ тілі» сабақтарында
меңгерту мүмкін емес. Бірақ қазақ тілінің лексикалық қабатын
тарих бөлімі студенттерінің кәсіби ерекшеліктеріне сай ұйым-
дастыра оқыту, ал орыс тілі мен әдебиеті бөлімі студенттеріне
қазақ тілінен енген сөздер, қазақ тілінің әлеуметтік, лингвисти-
калық мәселелер, т.б. бойынша сол мамандықтарға тікелей қа-
тысы бар жобаларды орындату дұрыс болады. Олай дейтініміз,
болашақ тіл мен тарих мамандары ойын нақты жеткізуге, әдеби
нормаға сай шешен сөйлеуге бейімделуге тиісті. Осындай жұ-
мыстар орындау арқылы ғана білім іздеуші субъектінің табиғи
танымдық қабілеттері оянады, дамиды, жетіледі, қалыптасады.
Ал енді осындай маңызға ие бұл технологияның бастау
көзі қайдан тамыр алады деген сауалға келсек, «жоба әдісін»
оқыту үдерісінде қолдану ХҮІІ ғасырдан басталатынын кө-
реміз. 1671 жылы Парижде алғаш рет Корольдік Сәулет Акаде-
миясы студенттер арасында ең әдемі жобаларға бәйге жария-
лайды. Сол кезден бастап «жоба» - «проект» деген әдіс атауы
енген.
Сөздіктерде «жоба, жобалау» ұғымына мынадай анықта-
малар беріледі: «Проект – прототип, прообраз предлагаемого
обьекта. Проектирование – деятельность, под которой в пре-
дельно сжатой характеристике понимается промысливание того,
что должно быть» [29].
Демек, жоба, жобалай оқыту белгілі бір нысанның мазмұ-
нын өзгерту, оны жетілдіру, толықтыру бағытындағы ниет, түп-
кі ой, жоспарды іске асырудағы әрекет болып табылады.
В.Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый за-
мысел» деп түсінді. Оның ойынша, жобамен жұмыс істеу 4 ке-
зеңге бөлінеді: ойлану, жоспарлау, орындау және бағалау. Бұл
әрекеттердің бәрі де оқытушының қатысуынсыз орындалуы
тиіс. Сонда ғана оқушы өз әрекетінің нәтижесін көре алады,
өзінің неге қабілетті екендігін бағалай алады деп тұжырым-
дайды.
Ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әре-
кет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін
орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әре-
кетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті са-
тысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікірге келеді. Яғни
оқушының танымдық әрекетін басқару және оны ұйымдастыру-
да мұғалімнің көмегі қажет деп санады. Сонымен қатар Д.Дьюи
бұл әдісті барлық педагогикалық мәселелерді шешуге бағыт-
талған әмбебап әдіс деп те қарастырмады. Демек, жобалау әдісі
– мәселені шешудегі оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеті.
Ғалымның дәлелдеуінше, жобалау әдісі оқытудың тиімді бір
ғана әдісі болып табылады. Соған қарамастан жобалау әдісі
оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып келеді. Оның себебін ға-
лымдар қазіргі білім беру жүйесінің мақсатымен байланысты-
рады. Қазіргі кезеңде маманға қойылатын негізгі талаптардың
бірі – олардың кез-келген жағдайда әр түрлі ақпараттармен жұ-
мыс істей білу іскерліктерінің болуы, яғни жеке тұлғаның ин-
теллектуалды дамуы.
Бұл орайда білім алушы өзінің практикалық әрекетінде
алдына қойып отырған мәселенің шешімін тауып, оның нәти-
жесін көруі үшін ізденеді, игерген теориялық білімінің маңызын
байқайды, оны есіне түсіреді. Бұл үрдіс адамның әр түрлі жағ-
даяттарды шешудің әдіс-тәсілін игеруге мүмкіндік жасайды, іс-
керлік қабілеттерін қалыптастырады.
Міне, жобалау әдісінің мәні де, дидактикалық рөлі де
осында. Жобалау әдісі өз мәнінде қолданылғанда кез-келген мә-
селені игерген білімі мен іскерлігін пайдалана отырып шешуде,
одан шығудың жолын көрсетуде, ең болмағанда, оны шешудің
бағытын айқындауда өте тиімді.
Жобалау әдісі педагогикалық технологияға жата ма деген
де сұрақ тууы мүмкін. Педагогикалық технология мен педаго-
гикалық үрдістің жобасын бөліп қарауға болмайды деп ойлай-
мыз. Өйткені «ненің жобасы» деген мәселе туындайды. Әрине,
әрекеттің жобасы негізге алынады. Кімдердің әрекеті десек, бұл
жерде де оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті болып шы-
ғады. Сондықтан педагогикалық технология оқу әрекетін бас-
қару қызметін атқаратын педагогикалық әрекеттің жобасы бо-
лып табылады.
Жобалай оқыту технологиясы – өнімді (продуктивті) оқы-
ту идеясын практикалық тұрғыдан жүзеге асыратын оқытудың
бір бағыты, нұсқасы, әдісі, тәсілі. Оның басты ерекшелігі ма-
манның біліктілік құзыреттілігі өзінің өнімді әрекетінің, тәжіри-
бесінің, ізденуінің негізінде қалыптасуы.
Білім алушы өзінің оқу әрекетінің субъектісі болады, та-
нымдық мүмкіншілігі мен қажеттілігін қанағаттандыруға қолай-
лы жағдай жасалады. Оның басты мақсаты – бағдарлама көле-
мінде ғана білім жинау емес, игерген білімін өзінің жан-жақты
дамуына, кәсіби маман ретінде қалыптасуына, адами көзқарасы-
ның қалыптасуына пайдалану.
Жобалай оқыту технологиясы әлеуметтік немесе кәсіби
мамандығына байланысты маңызды проблемалардың туындап
отыруын талап етеді. Ондай проблемалар болашақ маманның та-
нымдық, рухани ой-өрісін дамытуға, өмірдің әр түрлі жағдайына
(мамандығында) икемделуіне мүмкіндік жасауы қажет.
Ондай проблеманы студент шешіп немесе оның қалай
орындалғанын көріп қана қоймай, оның нәтижесін басқа жағ-
дайда, басқа мәселелерді шешуге пайдалануға болатындығына
көзі жетуі тиіс. Демек, мәселе мен оның практикалық тұрғыдан
іске асуының (нәтиженің) қарым-қатынасы жобалау әдісінің бі-
лім беру жүйесіндегі басты ерекшелігін көрсетеді. Жобалау әді-
сінің мәнін түсіну, оны практика жүзінде білім беруде қолдану
үшін оны мақсаты мен міндетіне қарай: ғылыми-техникалық,
шығармашылық, өндірістік және оқу-тәрбие үрдісіндегі оқу
жобасы деп бөліп қарастырған тиімді.
Жобалау – жоба жасау үрдісі; прототип – нысанның, құ-
былыстың болашақ үлгісі, бейнесі. Бұл – белгілі бір әрекетте
адамның игерген теориялық білімі мен практикалық іскерлігін
көрсету тәсілдерінің, амалдарының жиынтығы. Бұл таным
жолы, таным үрдісін ұйымдастырудың амалы, қойылған дидак-
тикалық мақсатқа жетудің жолы. Сондықтан жобалау әдісі ту-
ралы айтқанда біз мәселені, технологияны жан-жақты талдау,
шешу арқылы іс жүзінде нәтижені көрсететін дидактикалық
мақсатқа жетудің тәсілі деп түсінеміз. Жобалау әдісі басқа оқы-
ту әдістерімен кешенді жүйе құрады. Осы әдістердің жиынтығы
білім алушыларға қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын
дидактикалық жүйені құрайды. Жобалау әдісін қазақ тілін оқыту
жүйесінде қолданудың маңызы зор. Атап айтқанда:
−
білім алушыларды кез келген ақпараттармен жұмыс іс-
теуге, өз бетімен сыни ойлай білуге үйрету;
−
игерген білімдеріне, ғылымның заңдылықтарына сүйене
отырып, өз пікірлерін білдіруге, ғылыми тұжырымдар жасай
білуге үйрету;
−
өзбетімен дәлелді шешімдер қабылдауға үйрету.
Жобалау әдісі жоғары білім беруде маманның әлеуметтік
және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда өте маңызды. Өйт-
кені институтты жаңа бітірген жас маман бірден кездескен
қиыншылықтар мен проблемаларды тәжірибесі аз болғандық-
тан, шеше алмасы анық. Сонымен қатар оларда жүйелі сыни ой-
лау қабілеттері де бірден қалыптаса қоймайтыны белгілі. Ал на-
рықтық экономика заманында маманның кәсіби құзыреттілігі
бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. Бәсекелестік маманның
әр нәрсеге бейімделуін күтіп отырмайтыны да анық.
Маман қандай жағдайға болсын бейімделіп, өзінің мәсе-
лені шеше алатын қабілетін, икемділігін, мүмкіншілігін көрсете
алуы тиіс. Сондықтан да кәсіби маман дайындауға қоғам үлкен
жауапкершілік артып отырғаны белгілі. Осыған орай, егер дұ-
рыс ұйымдастыра білсе, жобалау әдісі өзінің кешенділігімен,
проблемалы бағыттылығымен қандай дидактикалық міндеттерді
болмасын шешуде тиімді екені даусыз.
Сондықтан студентті бірінші курстан бастап жобалау әре-
кетіне үйрету және оны дағдыға айналдыру қажет деп ойлай-
мыз. Ол үшін білім беруді ұйымдастырудың барлық формасы
(лекция, практикалық сабақтар, өздік жұмыстар) құрылымы жа-
ғынан қайта құрылуы тиіс. Мысалы, лектор дайын материалды
айтып жаздырғаннан да, студенттерге өмірде, білім беру үр-
дісінде кездесетін (мысалы, мектеп өмірінде) проблемалы жағ-
даяттарды ұсынып, соның шешуін, жолын, дұрыс нұсқасын із-
детуге мүмкіндік жасап отырса немесе өздеріне тапсырмалар бе-
ріп, соның ішінен проблемалар жасауға, оны шешудің жолдарын
қарастыруды міндеттеп отырса т.т. нақты нәтижелерге қол жет-
кізуге болады. Мұндай тапсырмалардан студенттер өздеріне қа-
жетті ақпараттарды табуға, оларды бұрынғы оқығандарымен
салыстырып, соның нәтижесінде белгілі бір қорытындылар жа-
сауға, материалды жүйелеуге, оның басты мәселелерін бөліп
алуға, оның кәсіби әрекетіндегі мән-маңызын түсінуге дағдыла-
нады, игерген білімдерін ғылыми есеп немесе курстық жұмыс
ретінде дайындауға мүмкіндік алады, ғылыми стильдері қалып-
тасады. Игерген материалдан белгілі бір қорытындылар жасау
үшін ізденеді, әр түрлі ғылым салаларымен байланыстырады.
Бұл үрдіс студенттің интеллектуалдық-кәсіби құзыреттілігін да-
мытуға, қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Жобалау әдісі сту-
денттің кәсіби құзыреттілігімен қатар әлеуметтік құзыреттілігін
де қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ж.Дәулетбекова жобалау
технологиясының кешенділік сипатын: «Бұл технологияда білім
алушының шығармашылық-зерттеушілік, әрекеттік, танымдық,
креативтік, мәдени қатынас қабілеттерін қатар дамытуға мүм-
кіндік туады»,- деп көрсетеді [30].
Жұмыс істеу барысында студент айналасындағы адамдар-
мен мәдени қарым-қатынас жасауға, дұрыс сөйлеуге, өз ойын
жүйелі жеткізе білуге, тыңдаушысын сыйлай білуге, жалықтыр-
мауға, өзіне тарта білуге, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге қалыпта-
сады. Семинар сабақтарында оқытушы қарастырылып отырған
мәселенің маңызды жерлеріне қатысты ойталқы, жарыссөз, пі-
кірталас, іскерлік ойындар ұйымдастыруына болады.
Жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінде студенттің өз бе-
тімен жұмыс жасау қабілеті жетіледі, ұштала түседі. Қазіргі бі-
лім берудің басты талабы – студентті өз бетімен білімін толық-
тыруға, ізденуге үйрету. Бұдан оқу үрдісін тек қана жобалай
оқыту технологиясына құруға болмай ма деген сұрақтың болуы
да заңды. Жобалау әдісі – дидактикалық міндеттерді шешудің
амалы. Ол мәселені, бір жағынан, даму үстінде қарастырса, екін-
ші жағынан, оның нақты шешімінің іске асуын қарастырады.
Басқа әдістерден айырмашылығы да осында.
Жобалау әрекетін ұйымдастыру оқытушыдан үлкен
дайындықты талап етеді. Ең алдымен, әрекеттің негізіне жата-
тын мәселені анықтау қажет. Бұл жердегі ең маңызды нәрсе
проблема білім алушыларға дайын күйінде ұсынылмайды. Бұл
жағынан ол проблемалық әдістен ерекшеленеді. Оқытушы әр
түрлі әдіс-тәсілдер, көрнекі құралдар арқылы шешімі күрделі
жағдаят жасауға студенттерді жұмылдырады, яғни проблемалы
жағдаяттан- проблема шығады, одан проблемалы міндеттер
туындап, жобалау әрекеті осындай тізбекпен беріледі. Пробле-
малық жағдаят негізінен оқулықтан алынбағаны жөн, ондай
проблемалар шынайы өмірден, маманның кәсіби әрекетінде кез-
десетін мәселелерден туындап жатқаны дұрыс.
Жобалай оқыту технологиясының болмысы туралы
Ә.Әлметова докторлық зерттеу жұмысында мынадай сипаттама
береді: «...Кез келген тілді өзге тіл ретінде оқытудағы жобалау
әдісінің тиімділігі – студенттерді шығармашылықпен жұмыс іс-
тей білуге жұмылдыра алатындығы. Жобалау әдісі әрбір сту-
дентті белсенді танымдық әрекетке жұмылдырады, бірлесіп, ын-
тымақтасып жұмыс істеуге үйретеді. Студенттерді жоба маз-
мұны бойынша жұп болып, топ болып жұмыс істеуге бөлгенде
олардың психологиялық жағынан сәйкес келуі де есепке алы-
нуға тиіс. Мұнымен бірге бөлінген әрбір топтағы студенттердің
тілді меңгеру деңгейі де әртүрлі болуға тиіс. Бір топта үш сту-
дент болса, алған тақырыптары біреу болғанымен, сол тақырып
бойынша жүктелетін міндет те, бөлінетін рөл де әртүрлі болып
келеді. Сонда әрбір студент жоба тақырыбынан өзі ғана орын-
дауға тиіс бөлек тақырып алады да, өз бетінше ізденіп жұмыс
істеуге мәжбүр болады. Студенттер жобаны орындау барысында
әрқайсысының өзіне тапсырылған жұмысты тиянақты орындауы
жалпы жобаның сәтті аяқталуының кілті екенін түсінеді. Сон-
дықтан әрбір студент өзіне тапсырылған тақырып ауқымында
жаңа ақпараттар, соны мәліметтер іздеуге белсене кіріседі.
Мұны екінші сөзбен студенттің өзі үшін жаңа, соны білім алуы
деп те түсінуге болады» [31]. Зерттеу жұмысында жоба жұмыс-
тары туралы, түрі мен типтері, жұмыс орындау процедурасы қа-
растырылмаса да, осы технологияның тиімді білім берудегі
орны туралы қарастырылғаны – қазақ тілін оқыту әдістемесінде
жобалай оқыту технологиясының қалыптасып келе жатқанын
дәлелдейді деп санаймыз.
Дидактика ғылымында проблемалық жағдаяттың әр түрлі
деңгейлері көрсетіледі. Атап айтқанда: бірінші деңгей, оған
оқытушының оқу материалын проблемалы түрде баяндауы
жатады; екінші деңгей, яғни оқытушы проблемалы жағдаят
жасап, оны білім алушылармен бірлесе шешеді; үшінші деңгей,
онда оқытушы проблема қояды, білім алушылар оны өз бет-
терімен шешеді; төртінші деңгей, яғни білім алушылардың өз-
дері проблема жасайды, өздері оны шешеді.
Демек, жобалау әрекеті осы төртінші деңгейде көрінеді.
Ал алдыңғы үш деңгей төртіншіге дайындық болып табылады.
Ғалым И.А.Зимняя оқу жағдаятында білім алушылардың проб-
леманы өздері тауып, оның жолын өздерінің шешуі және оның
дұрыстығын өздерінің тексеруі жобалау әдісіндегі ең жоғарғы
әрекет деп бағалайды [17].
Студенттер жобаларды орындауы барысында өздерінің
ерік және шығармашылық қабілеттерінің жетіле түсетініне өз-
дері де куә бола алады. Әрине, негізінен оқытушының басқаруы-
мен, жетекшілігімен жүріп отыратын жобалау әдісін қолдану
технологиясының білімді бағалаудағы обьективтік және субъек-
тивтік жаңашылдығы басым болып келеді
Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та
пайда болған «жоба әдісінің» теориялық негіздемесі «прагмати-
калық педагогика» болып табылады. Ол «прагматикалық педа-
гогиканың» философиялық негізін қалаған Джон Дьюи екенін
де жоғарыда атап кеткен болатынбыз.
Сонымен, жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін оқы-
ту үдерісінде қолданудың тұжырымдық негіздерін былайша
пайымдауға болады:
тек практикалық нәтиже арқылы алынатын білім ғана
ақиқат және құнды болып табылады;
адам баласы онтогенезде өзін қоршаған ортаны танып-
білуі барысында жүріп өткен адамзаттың жолын қайталайды;
оқу-таным үдерісінде студент те осы жолды қайталай
отырып, жекеден → жалпыға қарай жүру жолын, яғни индук-
тивтік жолдан → дедукцияға қарай жүру жолын ұстанады;
қазақ тілін жоба әдісі арқылы оқып-меңгеру студент
үшін басқарылып отыратын болғанымен, негізінен, студенттің
ерік-жігеріне көбірек сүйенетін, сол қасиеттерді дамытуға ба-
ғытталған үдеріс болып табылады;
студент өзінің қазақ тілі туралы білім алу қажеттілігін
практикалық тұрғыдан анықтап қана осы тілді меңгеруге бел-
сенділікпен кірісе алады;
сол үдерісте қазақ тілін оқып-білудің негізгі әрі белсенді
субъектісіне айналады;
қазақ тілінен берілетін білім мазмұнын студенттерге
проблемалық оқыту тұрғысынан оқыту үдерісі ұйымдасты-
рылуы керек;
студенттердің танымдық белсенділігінің жобаны орын-
дау үдерісінде жоғары деңгейде болуы ескерілуі тиіс;
студенттердің қазақ тілін оқып-білу үдерісінің өмірмен
тікелей байланыста болуы қажет;
қазақ тілін оқыту үдерісінің оқу әрекеті теориясы тұрғы-
сынан ойын, еңбек, жанды үдеріс түрінде ұйымдастырылуы
керек.
Гуманитарлық бөлім студенттеріне «Қазақ тілі» пәнін жо-
балау әдісі арқылы оқыту технологиясын қолдану кезінде қазақ
тілін дәрісханада қолға түскен оқулықтар мен жаттығуларға
ғана тірек жасап оқудың тым абстракты оқу үдерісіне айналып
кеткенін барлық қырынан танып біліп отырмыз.
Ал жобалау әдісі арқылы оқыту барысында «Қазақ тілі»
пәні – студент үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі екендігін айқын тануға, тілді мүмкіндігінше өз бетімен мең-
геруге, өз ойын еркін айта алуға, кәсіби лексиканы қалыптас-
тыруға мүмкіндік жасайтын ерекше пән. Әсіресе, қазақша тілдік
ортаның қаншалықты деңгейде дамып отырғанын, қазақ тілінің
кең қанат жая дамуының болашақ өсу жолдарын студент прак-
тикалық ізденіс үстінде, яғни оқу жобасын орындау үстінде ай-
қын тани алатын болады. Мұндай оқыту технологиясы тек сту-
денттің қатысуын ғана мүмкін етіп қоймайды, ең бастысы, сту-
дент қазақ тілін дамытуға өзінің де үлесін тікелей қоса алатын
болады, тіпті болмаса, соған ұмтылады.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасынан оқыту үдерісіне
батыл енген «жоба әдісі» педагогтардың жаңа заманға лайық
жетілдіруі арқылы оқыту үдерісінде қайтадан жекелеген эле-
менттері негізінде қолданыла бастады. Білім алушы субъект,
мейлі ол оқушы болсын, студент болсын, өз білімін нақты прак-
тикада қолдана алатынына өзінің көзі жететін болуы мақсат
етілді. Әрине, бұл мәселе прогрессивті көзқарастағы педагог-ға-
лымдар тарапынан да, практик-мұғалімдер тарапынан да жаңа-
шыл ізденістерді қажет етіп отырған оқу жүйесіне «жаңа тыныс
беру» мақсатынан туындаған еді. Сол кезде оқушының өзін
білім беру ісінің пассив тұлғасы емес, белсенді субъектісіне ай-
налдыру мақсатына жетудің бір жолы ретінде, жоғарыда айты-
лып кеткендей, «жоба әдісін қолдану жүйесі» қарастырыла бас-
таған болатын.
Қазіргі білім беру жүйесінде заман талабына сай қолда-
нылатын технологияларды ұйымдастыруда мынадай талаптар-
дың орындалуы қажет:
−
пәндік білімді игеру;
−
алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу;
−
пәнаралық дағдыларын игеру;
−
қатысымдық дағдыларды қалыптастыру;
−
түрлі түрдегі ақпараттармен жұмыс жасай білу;
−
ақпараттық технологияларды игеру және оларды түрлі
міндеттерді шешу барысында қолдану;
−
топпен жұмыс жасай білу;
−
берілген проблемаларды шешу.
Біздің зерттеуімізде оқу үрдісіне жобалай оқыту техно-
логиясын енгізудің себептері мынадай: біріншіден, бұл техно-
логия студенттің білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол
өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді. Екіншіден, бұл технология
бойынша студент тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады.
Үшіншіден, жобалау аясында ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс
істеу идеясы бар. Төртіншіден, жобалай оқыту технологиясы
шығармашылық белсенділікті тудырады. Бесіншіден, жобалау
технологиясы сабақта қолданылғанда оқытушыға да, студентке
де жауапкершілік жүктейді әрі өзіне деген сенімділігін артты-
рады. Алтыншыдан, жобалау жұмыстары өзара жарысты, талас-
пікірді, ең бастысы, белсенділікті талап етеді. Жетіншіден, жо-
балау технологиясы оқытушыға да, студентке де жұмысына, ғы-
лыми дәлелдемелеріне қанағаттану сезімін, яғни «эгофактор-
лық» сенім ұялатады.
Достарыңызбен бөлісу: |