Сонымен, әрбір оқыту технологиясының мәні мен маңызы
оның білім сапасын қаншалықты арттыра алуымен өлшенеді.
Сондықтан да бұл екеуі –өзара
тығыз байланыстағы, өзара тә-
уелді ұғымдар. Жаңа заманға лайық
білім жаңа талапқа жауап
бере алатын технологиялар арқылы ғана меңгертіледі. Техноло-
гия оқытудың әдістемелік жүйесімен толық қабысқанда ғана
оның өміршеңдігі молая түседі.
Бекіту сұрақтары:
1.Үздіксіз білім алу заңдылықтарының ерекшеліктері неде?
2.Оза оқыту (опережающее) заңдылықтарының
ерекшеліктері
неде?
3.Білім беруді шығармашылдандыру (креативтендіру) заңды-
лықтарының ерекшеліктері неде?
4.Білім беруді дараландыру заңдылықтарының ерекшеліктері
неде?
5.Білім беруді интенсивтендіру
заңдылықтарының ерекше-
ліктері неде?
6.Білім беруді компьютерлендіру заңдылықтарының ерекшелік-
тері неде?
7.Білім беру сапасы рөлінің арту заңдылықтарының ерекшелік-
тері неде?
8.Білім берудің көпсатылығы және шоғырлылығы (циклдығы)
заңдылықтарының ерекшеліктері неде?
9.Білім берудің мақсатты бағдарларының ауысып отыру заңды-
лықтарының ерекшеліктері неде?
10.Білім
берудің ұлтаралық, халықаралық деңгейге өтуі заңды-
лықтарының ерекшеліктері неде?
11. Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде
өзгетілді дәрісха-
нада оқытудың мақсаты не?
12. Қазақ тілінен білім берудің сапалылығын қалыптастырушы
негізгі факторларды атаңыз.
13. Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану бары-
сында сапалы білім беру мақсатына не жатады?
14. Педагогикалық технология дегеніміз не?
15. Оқыту технологияларының ерекшеліктерін атаңыз.
16. Қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылып жүрген
белгілі оқыту технологияларын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: