А. А. Сатбекова


ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗГЕТІЛДІ ДӘРІСХАНАДА



Pdf көрінісі
бет18/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗГЕТІЛДІ ДӘРІСХАНАДА 
ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
Оқытудың жаңа технологияларының тәрбиелік сипаты 
олардың басты мақсаты етіп білім алушы субъектінің жеке тұл-
ғасын дамыту мәселесінің тұратындығынан көрінеді. Гуманис-


тік принциптерге негізделетін жобалай оқыту технологиясының
да тәрбиелік негіздерінің мазмұны осыған, яғни студенттің жеке 
тұлғасын дамытуға бағытталады.
Педагогика мамандығын алып жатқан студенттер бола-
шақ отандық мектептерде ізгілік дәнін егіп, жас өркендерді 
адамдық жолына баулитын ерекше тұлға деп саналады. Сон-
дықтан да жоғары оқу орнында оқылатын әрбір пәннің мазмұ-
нында студенттің Ұстаздық тұлғасын қалыптастыруға арналған 
оқу материалы, тәрбие жүйесі ұсынылады. 
Жеке тұлғаны қалыптастыруға, адамгершілік қасиеті мол 
Мұғалім қалыптастыруға қазақ тілін оқыту процесі де мүдделі 
болып табылады. Студенттерге қазақ тілін жобалай оқыту тех-
нологиясын қолдана отырып, осы оқыту жүйесінің жеке тұлғаны 
дамыту ерекшеліктері де негізге алынады. 
Тіл үйренушілер жобалай оқыту технологиясы арқылы із-
денім-зерттеу жұмысын жүргізе отырып, оқытушының жетек-
шілігімен даралық, жұптық, топтық жоба жұмыстарын жүргізу 
арқылы ынтымақтастық қасиеттерге ие болады. Соған қоса 
қазіргі қазақстандық мектепте мұғалімдердің білім беру мен
тәрбиелеу үдерісіндегі жетістіктерін бағалау жүйесінде міндетті 
түрде қолданылып жүрген «Мұғалім портфолиосын» біз де 
қазақ тілін сапалы оқытудың ерекше бір тетігі ретінде қолдану 
дұрыс деп санадық. Осы ойымызға сай етіп «Студент портфелі» 
жүйесін жасап және оны көп жағдайда қазақ тілінің тәрбиелік 
қырын танып-білгізу мақсаты көзделді. 
Оқытудың дидактикалық негізінің бірі тәрбиелей оқыту 
десек, оның аспектілерін айқындау маңызды рөл атқарады. Тіл – 
ойлаудың, дүниетанудың, қарым-қатынас жасаудың, сезімді 
сыртқа шығарудың құралы. Адам қызметінің қай саласы болса 
да оның жоспарлануы мен реттелініп отыратын тәсілі ретінде 
сананың барлық көрінісінің шарты бола отырып, тіл комму-
никативтік, кумулятивтік т.б. маңызды қызметті атқарады.
Тіл заңдылықтарын оқыта отырып, «Оқу – жан азығы» 
деген нақылдың философиялық мәнісіне терең назар аудармау, 
оны тек метафора ретінде ғана қабылдау дұрыс емес. Азықты 
дұрыс, жүйелі, Ізгілік пен Адамгершілік бағытында алған жан 
ғана рухтың жігерлі, биік, сенімді де күшті болуына қуат бере 
алатынына зер салу керек.


«Гуманистік педагогика» деген терминінің өзінде, біздің 
ойымызша, қарама-қайшылық бар сияқты, өйткені «педагогика» 
деген сөздің ішкі мән-мазмұнының өзінде гуманизм, адамгер-
шілікке тәрбиелеу деген ұғымдар орныққан. Жалпы алғанда пе-
дагогиканың мақсаты да, мазмұны да, ұстанатын бағыты да — 
адамзат бойындағы ашықтық, адалдық, мейірімділік, ынтымақ-
тастық, сыйластық, жаны ашу, басқаға қол ұшын беруге дайын 
болу, еңбекқорлық, жақсылыққа деген сенім, тағы басқа да ізгі 
қасиеттерді ояту, дамыту.
Жоғары педагогикалық білім беру үдерісінде студент-
тердің түрлі пәннен көптеген ғылыми ұғымдар жүйесін меңге-
ріп, академиялық білім «жүгін» алып кетуі ғана көзделмейтіндігі 
белгілі. Егер мұғалім оқушысына тек қана теориялық ұғымдар 
мен ғылыми терминдерді меңгертуді негізгі міндетім деп са-
найтын болса, онда сол мұғалімнің өзі студент кезінде жеке
тұлға деңгейіне толық шыға алмаған, бойында адамдықтың игі 
қасиеттерін оята алмаған адам болып саналады. Осы тұрғыдан 
келгенде, студенттерге өздері таңдаған мамандығы, яғни мұға-
лімдік мамандық туралы азаматтық, елжандылық бағыттағы тү-
сініктер қоса сіңірілуі қажет. Бірақ бұл азаматтық парыз туралы 
мәселелер жасанды декларациядан аулақ болуы – басты шарт. 
Егер студент мұғалімдік қызметке барған кезде дәстүрлі педаго-
гика шеңберінен аса алмайтын болса, онда оның азаматтық па-
рызын дұрыс атқара алмағаны болып табылатынын терең дәлел-
дермен ұғындыру керек. Оқушы – дамып жатқан заманның, қа-
лай дегенде де жаңа заманның өкілі. Ал мұғалім білім беру және 
тәрбиелеу үдерісін заманы озған жолмен ұйымдастыратын бол-
са, дамушы субъектінің жолына кедергі келтіретінін саналы 
түсінуі керек.
Әрине, оқушының жеке тұлғасын ізгілік, адамгершілік ба-
ғытында тәрбиелеу туралы идея жаңа көтеріліп тұрған жоқ. Ол 
идеяның бастау көзі халықтық педагогикадан табылады, ал бер-
тінде барлық философтар, гуманист-ғалымдар, гуманист-ағарту-
шылардың еңбектерінде оқу-тәрбие процесін тек осы мазмұнда, 
осы бағытта жүргізу керектігі туралы кең де жан-жақты айтыл-
ғаны белгілі. 
Студенттерге білім беруді тәрбиемен ұштастыруда жоба-
лай оқыту технологиясының мақсаты да, өзге оқыту технология-


лары іспетті, студентті өз әрекетінің субъектісі деңгейіне кө-
теру. Ол үшін оқу-таным қызметінде студент өзіне қажетті бі-
лімді өзі ізденіп меңгеруге үйретіледі. Мұнда дәстүрлі жүйе-
дегідей оқытушы берілетін оқу материалының барлық мазмұ-
нын баяндап беруі міндетті емес. Студент білім нәтижесіне өзі-
нің жолымен қол жеткізуі талап етіледі. Бұл студент өз білге-
німен жүреді деген ұғымды білдірмесе керек. Өйткені орында-
латын жұмыстың барысын, оның түпкі нәтижеге жетудің жо-
лын, жалпы бағыт-бағдарды оқытушы сілтеп көрсетіп отырады. 
Ал оның негізгі жүйесін, қажетті тәсілдері мен әдістерін, ой-
тұжырымдарын студент өздігінен тауып, ойын жүйелеп, түпкі 
жаңа нәтижеге өзі келеді. Бұл туралы Г.Песталоцци былай 
дейді: «Мои ученики будут узнавать новое не от меня; они бу-
дут открывать это новое сами. Моя главная задача – помочь им 
раскрыться, развить собственные идеи» [34].
Қазақ тілін оқыту барысында студенттерді Ұстаз деңгейі-
не көтерілу маңыздылығын, қажеттілігін түйсінетіндей жұмыс-
тар жасауға баулу көзделеді. Студенттерге қазақ халқының ұлт-
тық педагогикасындағы адам және тіл туралы, адамгершілік ту-
ралы философиялық көзқарастар мен психологияның, әлеумет-
танудың жеке тұлға мен қоғам туралы білім мазмұны бойынша, 
қазақ тілінде еркін сөйлету үшін көптеген жұмыстар жүргізу 
мақсаты қойылады.
Қазақ тілінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тілі мәртебесі туралы студенттерге дұрыс мағлұмат берілуіне 
баса назар аударылады. Бұл бағыттарда да жасалатын тәрбиелік 
жұмыстардың түрлері мол. Жобалау технологиясы арқылы бұл 
мәселені де оқу бағдарламасымен сәйкестендіре отырып, жаңа 
арнадағы ізденім жұмыстары ұйымдастырылды. 
Қазақ тілін меңгертуде жобалай оқыту технологиясын 
қолдана отырып, студенттердің жеке тұлғасын дамытуға басым-
дылық берілді. Сондай бағыттағы жұмыстың бір түрі – студент-
тер арасында «Ұстаз тұлғасы және оған дайындық жолдары» де-
ген сияқты тақырыпта пікірсайыс ұйымдастыру. Оны ұйымдас-
тыру үшін алдын ала студенттерге мынадай тапсырмалар бе-
рілді: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет