А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

«Ұстаз тұлғасы қандай болуы керек?» деген мәселе төңі-
регінде пікірсайысқа қатысып, өз ойыңызды ортаға салуыңыз 
үшін мына мәселелер төңірегінде даярланып келіңіздер.
1.
Ұстаз тұлғасы дегенді қалай түсінесіз ? 
2.
«Ұстаз» бен «мұғалім» сөзінің мағыналық ерекше-
ліктері бар ма?
3.
«Ұстаз – өмірден үйренуден жалықпайтын ізденімпаз 
ерекше тұлға» дегенге көзқарасыңыз қандай? 
4.
Бүгінгі ұстаздар туралы ойыңыз қандай? 
5.
Бүгінгі ЖОО білім жүйесінің мұғалім мамандығына 
даярлау деңгейіне көңіліңіз тола ма? 
6.
Студенттің ертеңгі мамандығы мен қызметіне деген 
сенімі қандай? 
7.
Сіздің Ұстаз - тұлға дәрежесіне жетуге мүмкіндігіңіз 
бар ма? 
8.
Білім жүйесін дамыту жөнінде қандай ұсыныстарыңыз 
бар? 
Осы сұрақтар бойынша пікірсайысқа қатысқысы келетін-
дер қысқа тезистерін жазбаша түрде пікірсайысты ұйымдасты-
рушы топқа тапсыруы керек.
Пікірталас өтетін жерге Ұстаз туралы жазылған тәрбиелік 
маңызы зор төмендегідей қанатты сөздер жазылып ілінеді. Бұл 
студенттердің бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға 
бағытталады:

Ұстаз – ішкі жан дүниесінің мүмкіншілігі мен дамушы 
күшін жүзеге асыра алған тұлға.

Ұстаз – басқа адамдарға әрдайым тірек болуға ұмтылып 
тұратын тұлға. 

Ұстаз – өмірден үйренуден жалықпайтын ізденімпаз 
ерекше тұлға.

Ұстаз – елдің мәдени дамуына әрдайым үлкен үлес қо-
сып отыратын жеке тұлға. 

Ұстаз – өз ісін терең де шебер меңгерген жоғары білікті 
маман дәрежесіне көтерілген тұлға. 

Ұстаз – заман дамуы жөнінде мол ақпараттарға ие бо-
лып отыратын тұлға. 



Ұстаз – өзі өмір сүріп отырған, болашақ ұрпаққа аманат 
болып қалатын қоршаған ортаның жанашыры мен қорғаушысы. 
Пікірсайысқа қатысушыларға алдымен өз пікірін жазбаша 
тапсыру міндеттелді. Бұл олардың дайындық деңгейін көтеру
мақсатында жасалды. Өйткені пікірсайысқа студенттер дайын-
дықсыз, үстірт қарайтыны бар. Олар кез келген мәселеде жалпы-
лама сөйлеуге болады деп ойлайтындықтан, арнайы дайындыққа 
көңіл бөлмейді. Ал бұл талап оларға жауапкершілік жүктейді. 
Тезис тапсырмаған студенттер пікірсайысқа тек тамашалаушы 
рөлінде қатысады. Пікірсайысқа он екі студент қатысты. Олар 
бірі-біріне қарама-қарсы екі топқа бөлінді. Пікірсайыс талап-
тары алдын-ала толық түсіндірілді. Жүргізуші сайланды. Топ-
тардың білімі мен сөйлеу білігін бағалайтын әділқазылар алқасы 
құрылды. Олар бағалаудың критерийлерін жасап, сол бойынша 
топтың, сонымен қатар жеке сөйлеушілердің білімін таразы-
лады. Мұндай жүйемен жұмыс жүргізу студенттердің өз сөзіне 
жауапкершілікпен қарауына, дұрыс сөз саптауларына оң ықпал 
етті. Ал, ең бастысы, студенттер өз мамандығының қоғамдағы
болашақ ұрпақ тағдырындағы мәнін түйсінді.
«Шындық таласта туады» деп айтылғандай, қоғамда, 
ЖОО-да орын алып отырған келеңсіздіктер мен жетістіктерді 
сараптауға, салыстыра сабақ алуға, өзгеге ғана емес, өзіне де 
сын көзімен қарауға үйренді. Қазақстан Республикасының ал-
дыңғы қатарлы 50 елдің қатарында орын алуы үшін оның әр мү-
шесінің бәсекелестікке қабілетті болуын, оған педагог маман-
дардың тікелей жауапты екенін сезінді. Шынайы білім мен кә-
сіби шеберлік арқылы ғана білім беруші, тәрбиелеуші тұлғаның, 
ұстаздың құрметті орнын өзіне қайтаруға болатынын бағамда-
ды. Студенттердің санасында өз мамандығына деген сыйлас-
тықты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік туғызылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет